Одағайлардың түрлері
Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Негізгі одағайлар
Негізігі одағайларға: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, я, пай, ә, о, оһо, ой, ие, аһа, ау, беу дегендер жатады. Бұл одағайлар қайталанып қолданылмайды
Туынды одағайлар
Туынды одағайларға: мәссаған, бәрекелді, әттегенай, жаракімалла, масқарай, о тоба, астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға ... сияқтағандар жатады.
Ишарат одағайлар
Бұйрық, сұрау мәнді сөздер (кәне, кәнеки, ал, әйда). Мысалы: Кәне, коллектив боламыз дегендерің қол көтеріңдер (Б.Майлин).
Жекіру одағайлары
Адамға арнайы айтылатын одағайлар.
Көрсету я нұсқау сөздері (кәні, міне, әні )
Ұсыну сөздері (мә, айда)
Тыю сөздері (жәй, тәй, тек, тәйт)
Жануарға арнап айтылатын одағайлар
Бұл топқа төрт түлік мал, ит, мысық сияқтанған үй айуандарын жемге шақыру, айдау, үркіту т. б. мақсатымен қолданылған сөздер мен тіркестер жатады. Мысалы:түйеге: көс, көс! сорап, сорап!'қош-қош!"
қой мен ешкіге: пфша (пішә), құрау-құрау! шәйт! шек! шеге, шеге!
жылқыға: моһ, моһ! тәк, тәк! құрау, құрау! құр, құр!
ит пен мысыққа: кә, кәһ! күшім, күшім! мышы-мышы! пырс!
Шақыру одағайлары
Таңдайды тақылдатып, еріндерді шүйіріп, ысқырып айтатын, транскрипциялауға қиын болатын одағайлар да бар. Бұларды, әдетте, шақыру одағайлары дейміз, бірақ олар тек шақыру ғана емес, жекіру, ұрысу тағы сол сияқты мағыналарды білдіреді.
Көңіл-күй одағайлары
Көңіл-күй одағайлары - адамның әр түрлі сезімдерін, көңіл-күйін білдіретін сөздер. Олар:
а) жағымды көңіл-күйді білдіретіндер (Алақай! Паһ-паһ! Бәрекелді! Ура! т. б.);
ә) жағымсыз эмоцияны білдіретіндер (Әттең! Әттеген-ай! Қап! Түге! Пішту! Бай-бай- бай! т. б.);
б) әрі жағымды, әрі жағымсыз көңіл- күйді білдіретіндер (Пай-пай, шіркін, Алатау! Пай-пай, мыналар төбелесетін болды ғой!) болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |