Қазақ тілінде 9 сөз табы көрсетіліп жүр: Зат есім


Көмектес септіктің көнеленуінен туған үстеулер



бет16/20
Дата19.04.2023
өлшемі58,46 Kb.
#84056
түріДерексіз
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Көмектес септіктің көнеленуінен туған үстеулер: кезекпен, шынымен, қалпымен, жайымен, ретімен, жөнімен, түйдегімен т. б.

Күрделі туынды үстеулер
Күрделі туынды үстеулер деп екі сөзден я бірігіп, я қосарланып жасалған немесе кемі екі я онан да көп сөздерден тіркесіп тұрақтанған үстеулерді айтамыз. Осыған қарай, күрделі туынды үстеулер үш түрлі жолмен жасалады.

  1. Басқа сөз таптарына тән сөздер бірігудің нәтижесінде үстеулерге айналады. Ондай үстеулер мыналар: бүгін, биыл, таңертең, жаздыгүні, қыстыгүні, әрқашан, әрдайым, екіншәрі, ендігәрі, түнеугүні, бірталай, ешқашан, әлдеқайда, бірқатар, неғұрлым, әжептәуір, бірқыдыру, әлдекімше, сөйтіп т. б.

  2. Сөздердің қосарлану арқылы туған үстеулер мынадай: әрең-әрең, енді-енді, зорға-зорға; қолма-қол, сөзбе-сөз, көзбе-көз; бет-бетімен, тоб-тобымен, лег-легімен; үсті-үстіне, алды-артына, қолды-қолына; бостан-босқа; тектен-текке, турадан-тура; күнде-күнде, жылда-жылда; сөйлей-сөйлей, көре-көре, айтып-айтып; жата-жастана; кие-жара, күліп-ойнап, аунап-қунап; бір-бірлеп, он-ондап, мың-мыңдап; бірте-бірте, біртіндеп-біртіндеп; оқтын-оқтын, оқта-текте, анда-санда; жапа-тармағай, тырым-тырағай т. б.

  3. Жазуда бөлек таңбаланып, мағына жағынан бір сөз ретінде қолданылатын грамматикаланған және идиомаланған тұрақты тіркестер - оларды екі салаға бөлуге болады.

    • Грамматикаланған жай тіркестер: күні кеше, күні бүгін, күні ілгері, ала жаздай, күндерде бір күн, ертеден қара кешке, ала сала, келе сала, айта келе, оқи келе, жаза келе, алдын ала, соңын ала, сабаққа бола, кітапқа бола т. б.

    • Идиомаланған тұрақты тіркестер: қас пен көздің арасында, аяқ астынан, түн баласында, қаннен қаперсіз, елден ала бөтен, томаға тұйық, құлан таза т. б.[1][2]

Үстеулердің мағыналары
Үстеу сөздер мағынасына қарай таптастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді.

  1. Мезгіл үстеулер

  2. Мекен үстеулер

  3. Мөлшер үстеулері

  4. Сын (я бейне) үстеулері

  5. Күшейту (я ұлғайту) үстеулері

  6. Мақсат үстеулері

  7. Себеп-салдар үстеулері

  8. Топтау (я бөлу) үстеулері

Мезгіл үстеулер
Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.
Мекен үстеулер
Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет