Қазақ тіліндегі дыбыстық өзгерістердің ауызша тілдегі көрінісі Ж. Т. Жұмабаева



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата20.11.2022
өлшемі0,67 Mb.
#51299
1   2   3   4   5   6
 
жазылуы 
айтылуы 
еркін күш 
еркің гүш 
жирен көк 
жирең гөк 


қырын кету 
қырың гету 
құлан құрық 
құлаң ғұрық 
қақпан құру 
қақпан ғұру 
жирен қасқа 
жирең ғасқа 
қайран қалу 
қайраң ғалу 
жалын құшу 
жалың ғұшу 
жасырын хат 
жасырың ғат 
Көріп отырғанымыздай, фонемалардың әртүрлі реңктері көрініс тапты. 
Ал енді ауызша сөйлеу процесі кезінде фонемалардың әртүрлі реңктері 
көрінумен қатар әртүрлі дыбыстық құбылыстар да пайда болады.Дыбыстық 
құбылыстар қазақ тілінің сөздерінде және шеттілдік сөздерде көрініс табады.
Шеттілдік сөздерді игеруде ерекше қызмет атқарады.Дыбыстық құбылыстар 
жөнінде алғашқы мәліметтерді А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов еңбектерінен 
кездестіреміз. Кезінде Қ.Жұбанов сөз ішінде не сөйлем ішінде буын 
құрамындағы дыбыстар қозғалысына қарай буын жігінің өзгерісін 1) 
буынның жылысуы 2) буынның кірігуі деп екі үлкен топқа бөліп көрсеткен 
еді. 
Сонымен 
қатар 
Ж.Досқараев, 
Ә.Т.Қайдаров, 
Ш.Сарыбаев, 
Т.Талиповтардың еңбектерінде де жергілікті сөйлеу ерекшеліктеріне 
байланысты жазған кейбір дыбыстық құбылыстар туралы мәліметтер 
берілгенін байқауымызға болады. Қазақ тіліндегі дыбыстық құбылыстар 
ұғымы ғалым К.Ахановтың еңбегінде «Фонетикалық процестер» деген 
атаумен берілген. 
Сонда дыбыстық өзгерістер – сөз құрамында болатын әр алуан дыбыстық 
өзгерістер болып табылады. Қазақ тіл білімінде мұндай өзгерістердің 
әрқайсысының өз атауы бар. Олар: протеза, эпитеза, редукция, абсорбция, 
синкопа, гаплология, эпентеза, метатеза, апакопа, элизия. Енді осылардың 
әрқайсысына тоқталсақ төмендегідей болады.
C.Мырзабековтың пікірінше, протеза (грек. prothesis – алдында тұру) – 
сөздің алдынан басы артық дыбыстың қосылуы. Бұл кірме сөздің айтылуын 
жеңілдету үшін, тілдің табиғатымен үйлестіру үшін қажет. Мұндай дыбыс 
дауысты да, дауыссыз да болуы мүмкін. Қазақ тілінде протеза болатын 
негізінен қысаң дауыстылар. Олар л, р дыбыстарынан басталатын кірме 
сөздердің алдына жамалады. Олай болатыны қазақ тілінде лақ, лап, лау, лық, 
лып, лоқ-лоқ, лүп-лүп сияқты он шақты еліктеуіш болмаса, байырғы атауыш 
сөздер бұл дыбыстардын басталмайды[4]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет