Қазақ тіліндегі дыбыстық өзгерістердің ауызша тілдегі көрінісі Ж. Т. Жұмабаева



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата20.11.2022
өлшемі0,67 Mb.
#51299
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жұмабаева-Ж.-Қазақ-тіліндегі-дыбыстық-өзгерістердің-ауызша-тілдегі-көрінісі

ы:лаж, лай, лас, лашын, лау («ылау деп, үй деп дікілдеп» Абай), 
рас, рақат, разы, рай, рақмет, рақым, радио, разъезд, ранг, рапсодия, рация. 
і:леген, лекер, леп, рәсуа, рәсім, рәуіш, рет, реніш, ребус, регресс, 
редукция, рельс, республика. 
ұ:рұқсат, рух, ру, Лұқпан. 
ү:Рүстем, үрөл (роль). 
Осымен байланысты Н.Уәлидің пікірінше, л, р сонорлары сөздің 
басында келгенде, барлық жағдайда қысаң дауысты селбесіп айтылады. Бірақ 


олардың фонемалық реңктері р, л дыбыстарынан кейінгі дауыстыларға 
тәуелді болуы ықтимал. Мысалы, р, л сонорларынан кейін а, ә, е, ү және 
дауысты + сонор дыбыс тіркесі –ұу, ый келсе, р, л-дың алдында келетін 
қысаң селбеспе дауысты өзінің созылыңқылығы жағынан біршама қысқа 
айтылады. Ал сөз басындағы р, л-дан кейін қысаң дауыстылар келсе, 
керісінше, селбеспе дауысты біршама созылыңқы айтылуы ықтимал [2, 
110б.]. Ал І.Кеңесбаевтың пікірінше, р фонемасы тіл ұшы альвеолға нық 
тиіп, фонациялық ауа өте қарқынды шығу арқылы жасалады. Сөз ортасында 
р бір рет дірілдейді де, сөз аяғында көбіне екі рет дірілдейді. Сондықтан бұл 
фонеманы вибрациялық (діріл) фонема дейміз. Бұл фонма сөз ортасы мен сөз 
аяғында көп ұшырайды. Бұрынғы түркологтар айтқандай, р сөз басында 
кездеспейді. Осының салдарынан өзге тілден ауысқан р-дан басталуға тиісті 
сөзердің алдынан ы немесе і дыбыстары қосылып отырады немесе кейде ү, ұ, 
о тәрізді дыбыстар селбесіп тұрады. Сол сияқты л-дан басталуға тиісті сөздің 
алдынан қалай да бір қысаң дауысты қосалқыланып отырады. Осы сияқты 
Ж.Аралбаевтың да пікірінше, сөз басында р дыбысыы сирек қолданылады. Р 
дыбысынан басталатын бір топ сөзде кейде алдынан ы, і қысаңдарын, не ү, ұ, 
о дыбыстарын протезаға бейімдейді: ырахмет (рахмет), ырас (рас), ырай 
(рай), ірет (рет), ұрықсат (рұқсат), ұру (ру) және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет