Қазақ орфоэпиясының мәселесі дыбыстардың ассимиляциясына да
байланысты.
Себебі
ассимиляция
құбылысы,
дыбыстардың
өзге
комбинаторлық өзгеруі сөйлеу процесінде пайда болады. Алғашқы сөздің
соңғы дыбысы дауысты, үнді не ұяң болып, кейінгі дыбыстың басқы дыбысы
қатаң қ, к болса, қатаң дыбыстар айтылуда ұяңдап
ғ, г дыбыстарына
ауысады:
ала гөл (ала көл), ала гөйлек (ала көйлек), қара ғой (қара қой), қой
ғора (қой қора), боз ғұнан (боз құнан), атың гім? (атың кім?), қара гөлеңке
(қара көлеңке), қара гер (қара кер), не ғыласың (не қыласың) т.б.
Алғашқы сөздің соңындағы қатаң дыбыстардың әсерінен келесі сөздің
басындағы б, ғ, г ұяңдары қатаңдап,
п, ,қ, к дыбстарына ауысады:
Жүніспек
(Жүнісбек), Қамыспай Қамысбай), жас қалым (жас ғалым).
Түбір сөздің соңғы дыбысы
ш болып, оған
с-дан басталатын қосымша
жалғанса,
с айтылуда
ш-ға ауысады:
қашша (қашса), ішшін (ішсін), ұшшын
(ұшсын).
Түбір сөздің соңындағы
с, з дыбыстарына жалғанатын қосымшаның
басқы
ш дыбысының әсерінен айтылуда
с, з дыбыстары
ш дыбысына
ауысады:
жұмышшы (жұмысшы), сөшшең (сөзшең), башшы (басшы).
Түбір сөздің соңғы дыбысы
қ, ғ, к, г дыбыстарының алдынан келсе,
айтылуда өзгеріп, тіл арты
ң дыбысына ауысады:
бір гүңгі (бір күнгі).
Сөз ішінде немесе сөз аралығында
н дыбысы мен
к дыбысы,
с дыбысы
мен
ж дыбысы іргелес келсе, айтылуда
н дыбысы
ң дыбысына,
қ, к
дыбыстары
ғ, г дыбыстарына,
с дыбысы ш дыбысына, ж дыбысы ш
дыбысына өзгереді:
Қазаңғап (Қазанқап), Есеңгелді (Есенгелді), Амаңгелді
(Амангелді), Дошшан (Досжан).
Достарыңызбен бөлісу: