Қазақ тіліндегі дыбыстық өзгерістердің ауызша тілдегі көрінісі Ж. Т. Жұмабаева



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата20.11.2022
өлшемі0,67 Mb.
#51299
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жұмабаева-Ж.-Қазақ-тіліндегі-дыбыстық-өзгерістердің-ауызша-тілдегі-көрінісі

жазылуы 
айтылуы 
дәрігер 
дәр'гер 
қатынас 
қат'нас 
тәжірибе 
тәж'рибе 
аңызақ 
аң'зақ 
адыраңдау 
ад'раңдау 
бадырақ 
бад'рақ 
едіреңдеу 
ед'реңдеу 
иірім 
и'рім 
қасірет 
қас'рет 
жұдырық 
жұд'рық 
көбірек 
көб'рек 
Мысалдардан көріп отырғанымыздай, қысаң дауыстымен келетін 
сөздер негізінен редукцияланып, айтылуда естілмейді.Қысаң дауыстылардың 
сөз арасында түсіп қалуы айтылыммен ғана байланысты емес, жазуда да 
түсіріп жазуды ұсынатын пікірлер бар. Осымен байланысты зерттеуші 
Қ.Күдеринованың пікірінше, 3 буыннан артық ашық буынмен келетін, екінші 
буындағы дауыссыз дыбыс пен үнді арасындағы ы, і езуліктері таңбаланатын 
сөздерді ықшамдап, ы, і әріптерінің дәнекерінсіз, бітеу буынмен таңбалауға 
болады деп ойлаймыз: аблай, аброй, адра, абсын, айрым, ақрын, бадрақ, 
бұрлыс, келсім, жадраңқы, қапрық, мейрім, өкніш. 
Қорыта келгенде, ауызша тілде дыбыс әртүрлі өзгерістерге ұшырайды. 
Дыбыстық өзгерістер протеза, редукция, метатезада көрініс табады.
Әдебиет:
1 Күдеринова Қ. Қазақ жазуының тарихы мен теориясы. Оқу құрал. 
Алматы, 2013. 
2 Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: 
фил.ғыл.докт.авторефераты. Алматы, 2007.
3 Уалиев Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық 
негіздері: фил.ғыл.канд...Алматы, 1993.
4 Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Алматы, 2006.
5 Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. Алматы, 1988. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет