Қазақ тілінен 2 сыныпқа арналған


Етістіктің сұрақтарын тап



бет14/14
Дата17.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#108302
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Қазақ тілінен жұмыс дәптері 2 сынып

Етістіктің сұрақтарын тап.

а) қалай? қашан?
ә) не істеді? қайтті?
б) кімдер? нелер?

  1. Күрделі етістікті тап.

а) жазды
ә) көрді
б) оқып отыр

  1. Дара етістікті көрсет.

а) сүзіп жатыр
ә) оқып жүр
б) ойнады

  1. Сын есім нені білдіреді?

а) Заттың түрін, түсін, сапасын
ә)заттың қимылын, іс-әрекетін
б) қимылдың қашан қайда болғанын

  1. Сын есім қай сөз табымен байланысады?

а) етістікпен
ә) сан есіммен
б) зат есіммен


2-нұсқа

  1. Қалың сын есіміне қарсы мағыналы сын есімді тап.

а) жіңішке 
ә) жұқа
б) жуан

  1. Сын есімнің сұрағын көрсет.

а) неліктен? қалай? 
ә) қандай? қай? 
б) қайтті, неғылды?

  1. Қайсысы сын есім?

а) дала, құм
ә) ертең, биыл 
б) жүйрік әдемі

  1. Нешінші? Сұрағына жауап беретін сөзді тап.

а) жетінші
ә) тоғыз
б) жиырма

  1. Сан есім қай сөз табымен байланысады?

а) етістікпен 
ә) зат есіммен
б) сын есіммен

  1. Сан есімнің сұрағын тап.

а) кім? не? кімдер? нелер?
ә) неше? қанша? нешінші? 
б) қалай? қанша?

  1. Сан есімді тап.

а) елік, емен
ә) елу, жетеу
б) бүгін, ертең
8.Заттың қимылын білдіретін сөз табы :
а) етістік
ә) сан есім
б) сын есім
9.Етістіктің сұрақтары:
а) кім? не?
ә) қандай?
Б) не істеді? не қылды?
10.Қимылды білдіретін сөзді көрсет :
а) оқыды
ә) гүл
б) жасыл

Павлодар қаласының №37 жалпы
орта білім беру мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі


Ә.М.Абдрахманованың « Қазақ тілінен
2-сыныпқа арналған жұмыс дәптеріне»

ПІКІР


Ә.М.Абдрахманованың ұсынып отырған «Қазақ тілінен 2-сыныпқа арналған жұмыс дәптері» атты әдістемелік құралы қазақ тілінен қосымша оқушылармен жеке жұмыс жасауға негізделген.
Мұғалім бұл құралды жасауда бастауыш сынып оқушыларын ана тілін оқытудың тиімді тәсілі-оларға тартымды, қызықты ойындар,тапсырмалар, ойын-жаттығулар беруді негізге алған.Оқушылармен жеке жұмыс жасауда грамматикалық ережелерді оқып-жаттап қана қоймай, қызықты тапсырмалар арқылы қазақ тілінен білім-білікті қалыптастыру, бекіту үшін дәптердің маңызы зор. Берілген жаттығулар, тапсырмалар баланың қызығып өз бетінше орындай алуына негізделіп құрылған.Тапсырмалар жүйесі деңгейлеріне лайықты жасалған.Оқушылардың тілдерін дамыту, сауатты жазу,сауатты сөйлеуге үйретеді.
Құрал әр оқушының өздігінен жұмыс істеуде қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет