Қазақ тілінен бастапқы бақылау диктанты


Грамматикалық тапсырмалар



бет2/3
Дата20.12.2023
өлшемі53,5 Kb.
#141276
1   2   3
Байланысты:
Қазақ тілі пәнінен 8 - сыныпқа арналған диктанттар жинағы. 2

Грамматикалық тапсырмалар:



  1. Ол әйгілі ...деген сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.

  2. «Тәуке ханның, құстың қасиеті» сөздеріне морфологиялық талдау жаса.

  3. Екінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне қарай талдау жаса.

8-сынып

Қазақ тілінен ІІ тоқсандық жатжазу жұмысы
Мақсаты:
1.8- сыныпта теориялық ұғымдарын тәжірибеде қолданылуын талдау, тапсырмалар арқылы білім- біліктерін бақылау.
2. Тыңдаған мәтннің ерекшелігін аңгарып, орфогрфиялық, пунктуациялық, стильдік жазу машығын байқау.
Диктант
Тұғырлы тұлға

Мен оның тұлға-тұрпат, әдет-қылығынан қиялымдағы, әдебиетте сомдалып, ел аузында аңыз боп кеткен батырды іздеумен болдым. Ішкі нәзік сәуленің әсерімен нұрлана түскен жарқын бет-пішіні ірі, кесек бола тұра болмашы бір сезім құбылысын да қалт жібермес әсем қалпымен көрінді. Меніңше, жау жүрек адамның бет-жүзі бұдан гөрі түсін бермес суық болса керек еді. Сонда тағы көздерін айтсаңшы! Алғаш кезіккенде Александр Бектің өзін тайдырған да осынау сирек ұшырасатын, өңменіңнен өткендей үлкен қара көздері еді ғой.


Ер адамның көздері үлкен болып келуі батылдықтың белгісі саналмайтыны тағы бар. Бірақ Баукеннің көзі қазақ ұғымынан мүлде бөлек екен. Керек сәтте жай отындай жалт етіп, кез келгеннін аузын аштырмай қоятын сиқырлы күш те Бауыржанның көзінде болса керек. Оның елден ерекше ерлігі мен қажыр- қайратының сырын ашатын кілт те сол көздерінде жатқандай.
/126 сөз/ Т.Ахтанов «Ер қасиеті- ел қасиеті»
Грамматикалық тапсырмалар:

  1. «Қара көздер» сөзіне фонетикалық сатылай кешенді талдау

  2. «Бауыржанның» морфологиялық сатылай кешенді талдау

  3. Мен оның тұлға-тұрпат... деп басталатын сөйлемге синтаксистік талдау

8- сынып
Қазақ тілі пәнінен ІІІ тоқсандық бақылау диктанты
Мақсаты:
1.Мәтіннің өзіндік ерекшелігіне мән бере тыңдау, мазмұнын дұрыс түсініп ережелерге сәйкес сауатты жазу машықтарын байқау.
2. Күрделі сөйлем синтаксисінен алған білімдерін практикалық тапсырмлар орындауда қолдануын бақылау.
Диктант

Қос қыран


Әкем қыс түскенде анда-санда аңға шығып қоюды ұнататын. Сондықтан біздің үйде күшігінен асыраған екі ит болатын бір сары, бір ақ күшікті әкем бір жақтан екеуі де тазының күшігі деп әкеліп еді. Қарашеке күшік дөрегей де сары күшік құлағы пілдің құлағындай үлкен қара ауыз тазы болып шықты. Оны біз Лашын деп атадық. Лашын күніне жетпей түлкі ұстады. Қарашекенің де өзіндік өнері болып шықты. Келесі бір аңға шыққанда әкем Қарашекені жер-суға сыйғызбай мақтап келді. Таңертең әкем Лашынды қосып, бір түлкі алады. Түлкіні ол темір жолдың ар жағындағы Ақшоқы дейтін таудан аулайтын. Түске таман тағы бір түлкі көріп, Лашын қосылған екен, түлкі інге кіріп ұстатпай кетеді. Сол кезде ін ауызында аңырап тұрған Лашынның қасына әкем мен Қарашеке де жетеді. Қарашеке іннің ауызын искеп-искеп жіберіп, бір-екі қыңсылайды да, іннің ішіне кре бастайды.


Әкем аттан түсіп, мынау қайтеді деп тұрады да, іннің ішіне кірсе бір түлкіге шамасы келер деп, оны тоқтатпайды.
(153 сөз)
Ә Нұршайықов.Таңдамалы шығармалар жинағынан

Грамматикалық тапсырмалар:


І а)Қарашеке іннің ауызын... деп басталатын сөйлемді сөйлем мүшелеріне қарай талдау жаса.


ә)Морфологиялық талдау жаса
(Қарашекенің, темір жолдың,құлағындай)
ІІІ Берілген мақалды толықтыр:
Батырға-
Батылға-

8- сынып
Қазақ тілі пәнінен ІҮ тоқсандық бақылау диктанты


Мақсаты:
1.Мәтіннің өзіндік ерекшелігіне мән бере тыңдау, мазмұнын дұрыс түсініп ережелерге сәйкес сауатты жазу машықтарын байқау.
2. Күрделі сөйлем синтаксисінен алған білімдерін практикалық тапсырмлар орындауда қолдануын бақылау.
Диктант
Хат

Мен тоғыз күн бойы төсектен бас алмай жатып қалдым. Апам мен Еркінай әуелгіде қатты қорқыпты. Әнеукүні қол диірменге тартқан екі кило бидайдың тең жартысына жуығын жеті күлше етіп, маған суық тигенін біле тұра, көз тиіп қалды ма деп көрші-қолаңға таратыпты.


Тоғыз күн. Жайшылықта қалай өткенін білмей қалатын бұрымға келмес келте уақыт. Бірақ бар ғұмырындағы қуанышы мен күрсінісіп есептеп әр күніне бөлгенде қайғысына қайық батар тоғыз күн! Таңы атпайтындай, күні батпайтындай ұзақ үміті мен уайымы, сенімі мен сергелдеңі шарпысқан, кемпір-шалдар бал ашып, жаман түссе тағы ашып, кеуде біткенүйде, көңіл біткен түзде, жантайса да жақсы түс көру үшін жайшылықтың жылына тең тоғыз күн! Тоғыз күнде алақандай ауылға екі қара қағаз келіп, адамдары күңіренді. «Аманбыз» деген төрт хат келіп, жыртық жүрекке жамау болды. Бірақ жиырма күн жүріп өткен «аманбыз» үркек көңілге біржола медеу бола алмай, келесі күндердің үміті мен күдігін молайтты.
/142/

Д.Исабеков. таңдамалы шығармалар жинағы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет