Қазақ тілінен бастапқы бақылау диктанты



бет3/3
Дата20.12.2023
өлшемі53,5 Kb.
#141276
1   2   3
Байланысты:
Қазақ тілі пәнінен 8 - сыныпқа арналған диктанттар жинағы. 2

Граматикалық тапсырмалар:

  1. «Балықшының» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.

  2. «Хаттың бірі» сөзіне морфологиялық талдау жасаңыз.

  3. Бірінші және екінші сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

8- сынып
Қазақ тілі пәнінен жылдық бақылау диктанты


Мақсаты:
1.Мәтіннің өзіндік ерекшелігіне мән бере тыңдау, мазмұнын дұрыс түсініп ережелерге сәйкес сауатты жазу машықтарын байқау.
2. Күрделі сөйлем синтаксисінен алған білімдерін практикалық тапсырмлар орындауда қолдануын бақылау.
Диктант
Ана тілі

Ана тілі – бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқының тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізге, әжеміз бен атамызға, айналамыздағы ересектерге еліктеп жүріп біле бастаймыз. Ананың ақ сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өзіміз өскен сайын, ержеткен сайын, халықтан, мектептен, газет-журналдардан, радио-теледидар мен кино-театрдан үйреніп, ана тілін тереңірек біле береміз. Ол – біздің өзгелермен ұғысатын қатынас құралымыз.


Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бері басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз-ертегілері, шығарған өлең-жырлары, жазған кітаптары, табиғат пен қоғам құбылыстары, атаулары, көргені, білгені, жалпы дүние жайындағы ұғымдары, ойы, сезімі – барлығы ана тілінде сақталады. Ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады.
Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта – кітабы, мектебі жоқта – ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдірді.
(132 сөз)
(С.Негимов. «Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі»)


Грамматикалық тапсырма:
а) Екінші сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.
ә) Морфологиялық талдау жасаңыз. (Халқыңның, халықтың)
б) «Өскен» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет