19
жымиып не қатты қиялға батып, қайта айналып келмес бал дәуренді аңсап
жатады. Себебі балалық шақ – адам өмірінің ең аяулы, ең тәтті, ең қызық сәті.
Иә, бал шақтың қадірін ерке кезде аңғармай өткізіп аламыз. Мен де қазір сол
бір
ата-анамның басымнан сипап, қыңқылдап сұрағанымның бәрін де алып
беріп, асты-үстіме түскен кездеріндегі шат көңілім мен сәбилік еркелігімді еске
алып отырмын. Сол кезде Мұқағали ақынның «Сәби болғым келеді» деген әні
еріксіз еске түседі. Шынында да, «тұлымында күн сәулесі ойнақтаған, аузынан
ана сүті арылмаған сәби» болу қандай бақыт десеңші, шіркін! Ата- ана үшін сол
сәбидің амандығынан артық бақыт болмайды, бар әлем оған бас иіп тұрғандай.
Бала кезде дос болу да оңай, дос табу да оңай. Себебі бала көңілі аппақ қардай
тап-таза болады. Сол кіршіксіз сезімнен таза достық,
жақсы ниет, адал көмек
туындап жатады. Біреудің жылағанын көріп, өзі де жылай салатын да сол бала
көңілі емес пе?! Сол сияқты қолындағысын ойланбай бере салатын ақ көңіл
жомарт пен дарқан жүректің иесі де – көбіне тәп-тәтті балдырғандар. Олардың
тілін айтсаңызшы! Ойындағысын іркуді не алдауды білмейтін балдай тілден
шыққан сөз көпке
дейін жанымызды жадыратып, жақсы көңіл күй сыйлап
жатады. С. Дөнентаевтың «Балалық» деген өлеңінде:
Алдау үшін көз жұмғанды «өлді» деп,
Уансын деп ұсынғанды «берді» деп,
Көңілін жықпай шұлғығанды «сенді» деп,
Нені көрсе, соған ерген балалық, - деген жолдар бар. Шынында да, балалықтың
бірнеше сипатын осы өлеңнен таба аламыз. Бірақ кейбір үлкендер сол нәресте
сезімді дұрыс түсінбей, баланы ренжітіп алып жатады. Бала жақсы азамат болу
үшін оның бала шағында патшадай алаңсыз күн кешуін қамтамасыз ету керек
екен. Ендеше, сәбиінің қайтып келмес бал шақтарын қолдан келгенше бақытты
өткізуге әр адам талаптануы қажет. Әрине, бұған мемлекет те барынша
қамқорлық жасап отыр. Елімізде «Балалар құқығын қорғау конвенциясы»
сияқты маңызды құжаттар жұмыс жасайды. Сонымен қатар балалардың
оқуына,
демалуына, өсіп-өркендеуі мен жан-жақты дамуына бар жағдай
жасалған. Қазіргі балалар барынша бақытты болу мүмкіндігіне ие деуге әбден
болады. Дегенмен, бұрынғы қиын кезеңдерде балалардың еңбекке тез
араласқанын, ойыншықтармен қалағанынша ойнай алмағанын біле жүргеніміз
де жөн. Сонда балалық шақтың да, бақытты заманымыздың да қадір –қасиетін
терең түсініп, оны барынша қорғайтын боламыз. Мәдина әпкемнің:
Балалық шақтың мекені,
Қалдырдың өмір жолында!
Арман көп
оған жететін,
Билет жоқ, әттең, қолымда!- деген әніндегі өкінішті шынайы өмірімізде
сезінбеу үшін бал дәуреннің бал шақтарының естеліктерін қайта қарап,
тәңірімізге тәубе етейік!
Достарыңызбен бөлісу: