Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет10/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
17 
синкретикалық мағынасы болса, онда «қосағыңмен қоса ағар» 
деген тілек мәнді тіркестегі «ағар» сөзі де жоғарыдағы «ақ» 
түбірімен төркіндес болуы ықтимал [6]. Айталық, «ақ» сөзінің 
сындық мағыналарының пайда болуы профессор Б.Сағындықұлы 
дәлелдеп көрсеткендей, алдымен денотаттың ағып жаууымен, 
жауатын заттың ақ аталуымен, ол заттың түсінің ақ екендігімен 
тікелей байланысты. Адам танымы ұқсас заттар мен олардың 
сипатын, қасиетін танығанда, бірбірімен байланыстырып, 
сабақтастыра таниды да, сол ретпен атау береді. Мағыналық 
жағынан дамып, бірақ тұлғалық еш өзгеріске түспегендіктен, 
конверсия жемісі болады. Ақ сөзіндегі қозғалыс, қимыл мағынасы 
ұмытылып, 
оның 
орнында 
сөз 
іргелестігі 
негізінде, 
фразеологиялық тұрақтылық негізінде заттың табиғи түсін 
көрсететін сындық мән пайда болған. Содан кейін «ақ» сөзі әбден 
абстракцияланып, түсі ақ заттардың бәрімен тіркесе беретін 
болған [4, 46-47 бб]. Орта түркі жазба ескерткіштеріндегі «қара» 
сөзінің мағынасына зер салсақ: 1. Қара (түс); 2. Түнек (жарық жоқ); 
3. Ауыс. Бақытсыздық, сәтсіздік; қайғылы; 4. Ауыс жамандық, 
қара көңіл; 5. Ауыс. Күнделікті, жай; 6. Лас; 7. Сия (чернила). 2. 
Тобыр, көпшілік (масса, толпа) [5, 108, 169, 423 бб]. «Қутадғу 
биликтен» мысал келтірейік: könï sördän tagtin sorïg sor temä (könï 
egr fargi ürinli gara не считай за речь [никакую другую] речь, кроме 
истинной; разница между истинной и ложной речью [такая же, как 
между] белым и черным – Ешкімнің сөзін еш сөзге қоспа, шын 
айырмашылық: шын мен өтіріктің, ақ пен қараның арасында (QBK 
3928). «Қутадғу биликте» метонимия тәсілімен жасалған тілдік 
бірліктер кездеседі. Көркем әдебиетке тән поэтикалық метонимия 
ғылыми әдебиеттерде окказионалдық деп, ал лингвистикалық 
метонимия узуалдық деп аталады. Лингвистикалық метонимия 
белгілі бір заттар мен құбылыстардың атауын шынайы, 
бейнелеусіз 
мағыналарындағы 
байланыстылығына 
қарай 
алмастырып айтады. Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі 
А. Байтұрсынұлы метонимияның баламасын «алмастыру» деп 
атап, «арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, 
бірінің орнына бірін айту алмастыру деп аталады» деп анықтама 
берген [7]. Қазақ тіл білімінде К. Аханов, Ғ. Мұсабаев, Ә. 
Болғанбаев, Ә. Хасановтар метонимия жөнінде тұжырымдар 
жасады. «Метонимия дегеніміз – белгілі бір заттар мен 
құбылыстардың сыртқы және ішкі мән-мағынасының реалды 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
18 
байланыстылығына қарай алмастыру амалы» - дейді Ә. Хасенов 
[8]. ХІ-ХІІ ғасырлардағы ескерткіштер тілінде сын есім сөздер де 
зат есім сияқтанып субстантивтеніп барып, метонимия жасайды 
[4, 59 б.]. Метонимия – сөз мағынасының ауысуының тәсілі. 
Зерттеушілер бір заттың орнына екінші бір заттың алмастырылып 
айтылуын, заттың немесе құбылыстың тек бір жағын не болмаса 
бөлшегін атай отырып, ойдағы затты түгелімен елестетуді 
метонимияға жатқызады. Өзге троп түрлерінен метонимияның 
айырмашылығы оның осы алмастырылып қолдану қасиетінен 
болса керек. Сонау Аристотель заманынан бері метонимия 
метафорамен бірге бір тілдік категория, троптың бір түрі ретінде 
бірге 
қарастырылды. 
Кейбір 
ғалымдар 
метонимияны 
метафораның бір түрі ретінде таниды. Бұл екеуін бір деп қарау, 
олардың бір-біріне ұқсас, жақын екендігін аңғартады. Бірақ 
олардың арасында айырмашылық бар. Метафора болу үшін 
салыстырылатын заттардың арасында ұқсастықтар болса, ал 
метонимияда мұндай ұқсастыққа негізделмейді. Метафораны 
теңеуге айналдыруға болатын шығар, ал метонимияны бұлай 
өзгерту мүмкін емес. Метонимия тәсілі Л. Нұржекееваның 
«Метонимияның лингвистикалық табиғаты» (1991) атты 
кандидаттық диссертациясында кеңінен зерттелген. Еңбекте 
метафора мен метонимияның ұқсастықтары мен өзгешеліктері сөз 
болып, метонимияның мүлдем бөлек тілдік категория екендігі 
мысалдармен дәлелденген. Ғалым метонимияға мынадай 
анықтама береді: «Мәндік, мекендік, мезгілдік, мөлшерлік, түр-
түстік жағынан бір-біріне бүтіндей немесе бөлшектей жақындығы 
бар екі заттың, иә құбылыстың бөлшегі орнына бүтінін, бүтін 
орнына бөлшегін алмастырып айтуды метонимия дейміз» [9, 19 
б.]. Метафора сияқты метонимия тілге жаңа мағына қоспайды, 
бұрынғы бар сөзге жаңа мағына береді немесе оның мағыналық 
аясын кеңітеді. «Егер метонимияда бір заттың бөлшегінің 
(бүтіннің) орнына бүтіні (бөлшегі) алмастырылып айтылса, 
метафорада бір заттың орнына екінші бір зат тепе-тең дәрежеде 
баламаланып алмастырылады» [9, 61 б.]. Жүсіп Баласағұн өзінің 
шығармасында ойын әсерлі, образды етіп жеткізу үшін сын есім 
сөздерді метонимиялы қолданған. Метонимиялық тәсілмен 
қолданылатын сын есімдер ойды әрі әсерлеп, әрі көп мағынаны 
қамти жеткізеді. Мысалы: Сучуг таттың ерса ачықға анун (Тәтті 
жесең ащы жеуге дайындал); Харисларни көтрүп нафисни чалып, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет