Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет12/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
21 
қасиетінің, экспрессивтілігінің басты негізі. Оның ассоциациялық 
мүмкіндіктері, стильдік әрі поэтикалық табиғаты мағыналық 
құрылымында жатады. Теңеу мағыналық тұрғыдан алғанда 
әрқашан тура мағынада жұмсалады да, метафора, метонимия, 
синехдоха ауыспалы мәнде келеді. Теңеу терминін қазақ 
филологиясында алғаш қолданып, ғылыми анықтама берген А. 
Байтұрсынұлы. Ғалым «Әдебиет танытқыш» еңбегінде былай 
дейді: «Көріктеу нәрсені айыра көрсетіп, айқын шығаруға 
жарағанмен, нәрсенің бейнесін суреттеп көрсетуге күші жетпейді. 
Ондай орында белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу 
нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп, ашығырақ көрсетеміз» 
[10, 354 б.]. Ғалымның бұл ойлары академик Қ. Жұмалиев 
еңбегінде жалғасын тапты. Академик З. Ахметов теңеу туралы 
былай дейді: «Теңеу – белгісіз нәрсені белгілі нәрсе арқылы 
күрделі нәрсені қарапайым нәрсе арқылы, алысты жақын нәрсе 
арқылы айқындап көрсету деген пікірді жиі кездестіруге болады, 
әрі осылай түсінудің бір қарағанда ұтымды көрінуі де мүмкін. 
Бірақ мұның өзі, әсіресе әдебиетті, поэзияны сөз еткенде
шындыққа жанасымды болып шықпайды. Өйткені көпшілікке 
белгісіз, түсініксіз нәрсені түсінікті, белгілі нәрсемен салыстырып 
айту бір басқа да, ал бейнелілік сипаты бар көркем теңеу жасау бір 
басқа. Поэзиялық шығармадағы теңеуді алсақ, мұнда мәселе 
салыстырылып отырған нәрселердің белгісіз немесе белгілілігінде 
емес, сол айтылған 40 өзгешелік бұлардың бірінен екіншісінде 
айқынырақ, көрнектілеу екендігінде, салыстырудың өзінен көп 
мағына туатындығында» [11]. Тілдік тұлғаның табиғатын ашып
суреткерлік шеберлігін тану үшін оның тілінде қолданылған троп 
түрлеріне зер саламыз. «Жазушының дүниені ерекше көркем 
түсінуі, сезінуі, оның көркемдік әдісі міндетті түрде оның 
шығармасында көрініс табады» [12, 112 б.]. Сонымен, «Теңеу 
дегеніміз – ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші бір 
затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, 
көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол 
нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан танытатын әрі 
стильдік тәсіл, әрі таным құралы» [13, 387 б.]. Т. Қоңыров теңеуді 
арнайы зерттей отырып, олардың жасалуының 10 түрлі тәсілін 
көрсетеді [13, 391-392 бб.]. Теңеу – лингвомәдениеттану 
ғылымының өзекті мәселесіне жатады. Академик Р. Сыздық былай 
дейді: «теңеу – таным нәтижесі, сондықтан теңеулердің дені 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
22 
этнографиялық, ұлттық сипатта болады» [14, 161 б.]. В.А. Маслова 
мынадай пікір айтады: «Халықтық діл (менталитет) және рухани 
мәдени тіл бірліктері алдымен олардың бейнелік мазмұндары 
арқылы жүзеге асады» [15, 145 б.]. Метафора мен теңеудің тілдегі, 
әдебиеттегі қызметтеріне де көптеген ойшылдар, ғалымдар назар 
аударған болатын. Мысалы, Аристотель, Квинтилиан, А.А. 
Потебня сияқты ойшыл-ғалымдар «теңеу мен метафора форма 
жағынан ерекшеленеді» - деп, метафораны «қысқарған теңеу» 
ретінде қарастырған. Ғалым, Т.Қоңыровтың мынадай пікірі бар: 
«Әрбір теңеудің көлеңкесінен метафоралық мағына көрініп 
тұрады» [13, 119 б.]. Ол қазақ тіліндегі теңеулердің жасалуының 
мынандай жолдарын көрсетеді: 1) -дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -
дейін, -тайын, -тейін жұрнақтарының көмегімен; 2) -ша, ше 
жұрнағының көмегімен; 3) шығыс септігі жалғауының (-нан, -нен, 
-дан, -ден, -тан, - тен) көмегімен; 4) секілді, сияқты, тәрізді, іспетті 
сөздерінің көмегімен; 41 5) бейне сөзінің көмегімен; 6) тең сөзінің 
көмегімен; 7) ұқсас сөзінің көмегімен; 8) параллелизм тәсілі 
көмегімен; 9) аралас тәсілдің (бейне және -дай -дей; бейне және 
секілді) көмегімен; 10) қосалқы тәсілдер көмегімен [13, 11 б.]. 
Теңеу мен метафораның бір-бірінен үлкен айырмашылықтары бар. 
Ең алдымен семантикалық айырмашылықтар: метафорада 
предмет тура мағынада, бейне келтірінді мағынада жұмсалады, ал 
теңеуде бір-бірімен салыстырылған заттар тура мағынасында 
қолданылады. Олар салыстырылып, бейнелілік тудырады. Екінші 
– формалық айырмашылықтар, метафора негізінен екі сөздің 
тіркесуі арқылы жасалса, теңеу жұрнақтар мен шылаулардың 
көмегімен жасалады. Үшінші – құрылымдық айырмашылықтар, 
яғни метафора екі элементтен, ал теңеу үш элементтен тұрады. Ж. 
Баласағұнның тіліндегі теңеу, эпитет, метафоралар қолданысы 
қазақ тіліндегі дәстүрлі қолданыспен сабақтас. Көрнекті тілдік 
тұлғалардың тілінде қалыптасатын мұндай жүйе – заңды құбылыс. 
Ж. Баласағұн тіліндегі бейнелі теңеулер эпитеттік сипатта түркілік 
дәстүрлі үлгісінен туындаған, сондай-ақ, бұрын қолданылмаған 
тың теңеулер тобы да молынан ұшырасады. В.А.Маслова теңеудің 
табиғатын лингвомәдениеттану ғылымының өзекті мәселесі деп 
есептейді: «Халықтық діл (менталитет) және рухани мәдени тіл 
бірліктері алдымен олардың бейнелік мазмұндары арқылы жүзеге 
асады» [15, 145 б.]. Жүсіпте дәстүрлі tag, teg / дай, -дей, -тай, -тей 
жұрнақтары арқылы жасалған теңеулер көптеп кездеседі. Мысалы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет