Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет9/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   124
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
15 
нахмурилось, из глазего брызжут слезы (т.е. пошел дождь) (QBN 
1813) [5, 431 б.]; qaliq tügdi qašïn tünärtti jüzin небо насупило брови, 
нахмурило лицо (QBN 4063) [5, 597 б.]. Aj toldï/Айтолды 
метафоралы кісі есімі «Құтадғу билик» шығармасында жиі 
кездеседі: adab birla olturti aj toldï kör и вот Ай-Толды с 
благопристойностью сел (QBH 3027) [5, 8 б.]; bu aj toldï özkä kör 
et(t)i esig / adastï keƞästi bir atlïɣ kisig и вот АйТолды сделал себе 
другом / знатного человека, дружим (с ним) и держал совет [5, 9 
б.]. BaYir/бауыр метафорасы екіншілік аталымда «жүрек» 
мағынасында baYrï taš «бауыр – тас» бейнелі метафора түрінде де 
жұмсалған: bolu ber maŋa sen aja baYrï taš согласись со мной, ты, 
чье сердце (букв. печень) – камень (QBN 14020) [5, 78 б.]. Аталған 
сөздің «жүрек» метафоралы мағынасы «Құтадғу биликтің» 187, 
192 жолдарында көрініс тапқан: qadasqa baYïr ber jaqïnlïq ula с 
родными будь сердечен и близок (QBK 18711) [5, 78 б.]; baYïrsiz 
tusulmas oYulda koru / tapuYčï tususï örü польза от добросердечного 
служителя больше / от бессердечного, беспомощного сына (QBN 
1923) [5, 590 б.]. Көне түркі сөздігінде baYir сөзі былай 
түсіндірілген: BaYir 1. Печень; 2. Живот, брюхо. 3. перен. Сердце; 
Родственник кровный Родственник кровный [5, 78 б.]. 
BaYïrsaq/бауырмал екіншілік аталым метафорасы «Құтадғу 
биликтің» 91-ші жолында орын алған: čïYaj tul jetimkä baYïrsaq 
köƞül (он должен быть) милосердным в отношении бедных, вдов и 
сирот (QBN 9129) [5, 259 б.]; baγïrsaq keräk qoiqa qoj kütčisi чабан 
должен быть добрым по отношению к овцам (QBH 581) [5, 330 б.]. 
BaYïrsaq сөзі 3-ші мағынаға сәйкес бауыр сөзінің туынды 
ауыспалы мағынасы болып табылады. BaYïrsaq kiši közƞü/ 
бауырмал кісі – айна бейнелі метафора 402-ші жолда берілген: 
baɣïrsaq kiši özkä közƞü bolur / aƞar baqsa aïlq jaƞnï tüzgü bolur 
добрый человек для других (словно) зеркало, / глядя на него
можно исправлять характер (QBN 40212) [5, 321 б.]. Alp jüräk/алып 
жүрек метафорасы “ер жүрек» деген мағынаға ие: uqušluɣ biliglig 
toŋa alp jüräk (QBK 68). Мықты жүректі арыстан жүрегіне, күш 
сынауды барыстың білегіне балайды: jaɣïda kör arslan jüraki keräk / 
qarïštuqta esri biläki keräk против врага нужно (иметь) сердце льва, 
/ когда сражаешься (с ним), нужны лапы барса (QBK 12311) [5, 428 
б.]. Мұндағы esri сөзі екіншілік аталымға жатады, өйткені «Көне 
түркі сөздігінде» esri сөзінің бірінші (тура) мағынасы «теңбіл, 
шұбар, тарғыл», ал екінші ауыс мағынасы «жолбарыс» [5, 184 б.]. 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
16 
Символ да метафора сияқты тілдік тұлғаның тіліндегі ұлттық 
мәдениеттің көрсеткіші ретінде көрінеді. Символдық таңба – 
лингвомәдениеттану мен когнитивті лингвистиканың зерттеу 
нысандарының бірі. Символ тілдік тұлғаның тіліндегі біріккен ой 
жүйелерін көрсетіп, бір-екі сөзбен береді, сол себепті символдық 
мәнді халқымыздың дәстүрлі ұғымдарын білдіретін сөздерден 
іздеуіміз керек. Символды зерттеуші Қ.Қайырбаева бұл туралы: 
«Сөз – символ жазушының айтпақ ойын дөп басып шығарманың 
бейнелігін арттыру үшін қажет. Сөз – символдарды ғалымдар әр 
түрлі қырынан зерттеген: рухани мәдениет пен материалдық 
мәдениетке қатысты [Е.Жанпейісов, Ж.А.Манкеева], түр-түс 
атауларының 
символдық 
мағынасы 
[Ә.Т.Қайдаров, 
З.Т.Ақтамбердиева], символдық мәні бар фразеологизмдер сипаты 
[Р. Сыздық, Г. Смағұлова, Н. Уәлиұлы], сұлулық символизмдер 
[А.Қ. Сейілхан], символдың когнитивтік сипаты [Қ.Ә. 
Жаманбаева], этномәдени атаулар символы [Қ.Т.Қайырбаева] т.б. 
Ақ, қара түстері символикалық мәнге ие болады. Ақын «ақ» түспен 
жақсылықты, «қара» түспен жамандықты таңбалайды. Ж. 
Баласағұнның танымы, түркілік рухы бұрын қалыптасқан 
символдар мәнінен айқын байқалады: Заң-жосықтың бәрі өзгеріп, 
құрыпты Ақ-қараны айырмастай былықты! (ҚБ 6490). Ақ «таза, 
пәк» мағынасына ие: Көз қырыңнан жаппар ием, қалдырма, 
Сыртқа теппе, ақпын сенің алдыңда (ҚБ 6560). Ақ сөйле / шын 
сөйле бейнелі оралымы мына жолдарда көрініс тапқан: Бірінші – 
тіл: ақ сөйле, айт ашығын Екінші – заң: ұстан адал, асылын! (ҚБ 
5900). Ақ түс тазалықтың, пәктіктің, адалдықтың символы болса, 
қара түс бұған керісінше. Түркітанушы ғалымдардың пікіріне 
жүгінсек, ақ, қызыл, сары, қара түр-түс сын есімдері етістік 
түбірлерден семантикалық функционалдық трансформация 
(конверсия) тәсілі арқылы пайда болған. Демек жоғарыдағы сын 
есімдердің бастапқы қимыл, қозғалыс әрекет мағыналары 
ұмытылып, олардың орнына заттың сындық мәндері пайда болған. 
Түр-түс табиғатын тереңірек ашу мақсатында ғалымдардың 
ғылыми тұжырымдарына сүйеніледі. Ақ – сын есім ретінде қараға 
қарама-қарсы реңкті белгілейтін сөз. Ақ сөзінің этимологиясы 
жөнінде түрлі пікірлер бар. Түркітанушы Э.В. Севортян «аға» 
және «әке» деген туыстық атаулардағы екі сөздің де негізгі 
«ақ»/«оқ»/ қартай етістігінен өрбіген деген пікір айтқан. Егер «ақ» 
түбірінің көне түркі тілінде шынымен, «қартаю», «жас ұлғаю» 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет