БӨЛІМ 12
ҚАЗАҚ ТІЛІ – ТАМЫРЫ ТЕРЕҢГЕ ТАРТҚАН
ЭТНОМӘДЕНИ КОД
Жұбай Орынай
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
257
ҚАЗАҚ ТІЛІ – ТАМЫРЫ ТЕРЕҢГЕ ТАРТҚАН
ЭТНОМӘДЕНИ КОД
Жұбай Орынай
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессор м.а.,
филология ғылымының докторы
e-mail: alm-ornai@mail.ru
Тіл – таным құралы. Таным – ақиқат болмыстың ойдағы көрінісі
болып табылады, сол арқылы білім қоры жинақталып, ақпарат
қабылданады. Тіл таным нәтижесінде түзілген әлем туралы
біліммен, оның адам санасындағы көрінісімен тығыз байланысты.
Сана мазмұны – субъектінің таным әрекетінің (когниция)
нәтижесінде жинақталған әлем туралы білімі. Сана – адамға ғана
тән, сөйленіс әрекетімен тығыз байланыста болатын мидың
әрекеті, онда болмыс жалпы, мақсатты түрде бейнеленіп, реттеліп
отырады. Ақиқат болмыс адам санасында бейнеленеді. Сана
субъектінің болмысты тануы арқылы қалыптасады. Санада қандай
да бір ұғым қалыптасуы үшін оны тілдік таңба арқылы бейнелеу
керек. Сол бейнеге ұқсату арқылы санада ұғым мазмұны көрініс
табады. Адам айналасындағы заттар мен құбылыстарды өзіндік
белгілеріне қарай бір-бірінен ажыратады, ол санада да, тілде де
айқын көрініс табады. Адам қандай да бір нәрсе туралы ойлаған
кезде оның санасында сол заттың бейнесі көрініс табады.
Таңбаның бейнесі ойға негіз болады. Ой сөз арқылы көрініс
табады. Білім алдымен тілдік семантикада кодталады.
Тілде көрініс таба отырып, білім адамның ойлау қызметінің
нәтижесін көрсетеді. Ойлау әрекеті тіл арқылы жүзеге асады,
ойымыз тіл арқылы жарыққа шығып, басқаларға жеткізіледі. Сол
себепті А.Байтұрсынұлы: «Сөз өнері адам санасының үш негізіне
тіреледі: 1) ақылға, 2) қиялға, 3) көңілге. Ақыл ісі – аңдау, яғни
нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі –
меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына,
бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау.
Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың
меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау.
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
258
Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама-
қадарынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы
қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде көңілдің
түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге
көп шеберлік керек», – деп жазады [1, 343-б.].
Тіл – сөйлеушінің дүниетаным ерекшеліктерін бейнелейтін құрал,
ерекше ұлттық ділдің көрсеткіші, мәдениеттің негізі. Ұлттық
мәдениеттің семантикалық жүйесі, негізгі коды – тіл. Демек,
тілден жалпыадамзаттық құндылықтармен бірге ұлттық
дүниетанымдық ерекшеліктер де көрініс тауып отырады. Сан
ғасыр жинақталған білім қоры салт-дәстүр, дағды біліктер, ойлау
ерекшеліктері, дүниетаным белгілі бір этникалық мәдени
қауымдастыққа тән сипат алады. Әр тілдің болмысты
қабылдайтын өзіндік тәсілдері болады, онда ұжымдық философия
көрініс тауып, тілде ғаламның ғылыми бейнесінен бөлек бейнесі
түзіледі. Тіл – ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі, этномәдени
код. Тіл – қарым-қатынас құралы ғана емес, әр ұлттың ұлттық
болмысын,
дүниетанымын,
ойлау
жүйесін
сипаттайтын
жалпыадамзаттық құндылық. Тіл қоршаған орта туралы әсерді
білдірумен қатар халықтың зерттеушілік, ізденістік ойларын да
сақтайды, яғни тілде халықтың этномәдени, ұжымдық санасында
қалыптасқан ғалам бейнесі көрінісін табады. Белгілі бір кезеңде
тілде көрініс тапқан болмыс туралы түсініктерді зерттеу халықтың
ойлау жүйесін айқындап, ғалам бейнесін қалпына келтіруге
мүмкіндік береді. Ғаламды сөзбен бейнелеуде адам санасындағы
бейнесі, ұлттық ерекшеліктері айқын көрінеді, сол себепті әр
халықтың өзіне ғана тән бейнесі болады.
Ғаламды сөзбен бейнелеуде грамматикалық категориялардың
өзіндік орны бар. Грамматикалық категориялардың қалыптасуында
адам болмысы, көзқарасы, коммуникативті актіге қатысушылардың,
т.б. антропоөзекті сипаты объективті жағдаятқа қатысты болады.
Нәтижесінде грамматикалық категориялар түрлі формада тілдік
бірліктер арқылы тұрпатталады. Оған негіз болатын грамматикалық
қатынастар санада мазмұндалады, сол себепті морфологиялық
категорияларды
таным
әрекетімен,
концептуалдау
және
категориялау үдерістерімен тығыз байланыста қарастыру қажет.
Ғалам туралы, оның құрылымы туралы жалпы түсінік тілдік
бірліктердің лексикалық және грамматикалық категорияларында
|