Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет17/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
33 
дамып жатқанын айта отырып, қазақ балдарының орыс тілінде 
білім алғанын, оқығанын қолдайды. 
Дінмұхамед Сұлтанғазин «Қазақ тілінше жазу турадан» (1896) [5] 
атты мақаласында қазақ жазуы мен емле мәселесін сөз етеді. Автор 
мақаласында қазақ жазуына орыс әріпін алған жөн бе әлде араб 
әріптерін бе деген сұраққа жауап береді. Бірінші кезекте, екеуі де 
қазақ тілінің дыбыстарын толық көрсете алмайтынын, бірақ араб 
әріпінде жуан әріптердің бар екенін айтады. Десек те ғылымды 
оқып, біліп, даму үшін орыс тілінің маңызын түсініп, оны үйрену 
үшін орыс әріптерін білу де қажеттілік деп санап, таңдауы орыс 
әріптеріне түседі. Сонымен қатар автор кірме сөздер мәселесін де 
қозғап, қазақ тілінде араб-парсы, орыс және моңғол сөздерінің көп 
екенін оны көбіне араласын халықтар мен халықтың мұсылман 
екендігімен түсіндіреді. Қазақ тіліне кірген орыс сөздері жайлы 
автор бұларды жазғанда сөздердің оңайлығы мен қазаққа 
ұғымдылығына қарау керек екенін жазады. Егер қазаққа түсінікті 
болса, орыстардың өз сөйлегендеріне ұқсатып жазуға тырысуды 
қолдайды. 
ДУГ-тың 1897 жылғы 10 санында Рақымжан Дүйсенбаевтың 
«Харіп турасынан – К вопросу о киргизком алфавите» [8] атты 
мақаласы жарық көрді. Рақымжан Дүйсенбаевтың нақты көтерген 
мәселелерін ажыратып көрсетсек:
1. 
Қазақтың дауысты дыбыстарын нақты көрсету;
2. 
Араб әріптері сөз басында, ортасында, аяғында әр түрлі 
жазылатыны баланың басын қатырады, яғни барлық орында 
бірдей формада болатын әріп арнау; 
3. 
Өзге жұрт әліпбиіндегідей неше түрлі тыныстар арнау; 
4. 
Біреудің есімін құрмет тұтқаныңды көріп, басына жазуға 
үлкен әріп арнау. 
Автор Құранды дін жөнінен оқу үшін араб әріптерін пайдалана 
беру жөн екенін, бірақ та қазақша қисса, өлең, ертегі, ғылым 
жайларын оқып, жазу үшін қазақ үшін әдейілеп оңайлатып 
жасалған әліпби қажет екенін жеткізеді.
Автор араб тілінде дауысты дыбыстар аз екенін әрі бірлі-жарым 
дауысты 
дыбысты 
белгілеу 
үшін 
асты-үсті 
үтірлерді 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
34 
пайдаланатынын жазады. «Мата» сөзін «мт» деп жазатынын 
мысалыға келтіреді. «Осы кейінгі формамен араб дініне кірген 
түркі һәм өзге халықтардың көбі жазады. Бұлардың арасында 
қазақ та солай жазады. Мысалы, қазақ дегеннің орнына «қзқ» деп, 
халық дегеннің орнына «хлқ» деп жазамыз», [8] - деп жазады 
автор. Әрмен қарай автор «қазақ тіліне жаңа харіп шығаруға, не 
болмаса осы күнгі жазып жүрген әліпбиді түзетуге көп тіл білетін 
ғұлама адам керек дейді қайсы бір адамдар», - деп ол күнде қазақта 
бірнеше тіл түгілі хаттың өзін танитындар аз екенін айтып, ол 
ғұламаның жер астынан шыға қоймайтынын, шықса да қазақ 
тілінде бар дыбыстан артық дыбыс ойлап таппайтынын айтып, сол 
кездегі көзі ашық оқығандарды білімді ғұламаның келгенін күтіп 
отырмай, әліпбиді қолдан келенше реттеуге шақырады. Азды-
көпті қате болып жатса кейінгі ғұламалар жөндейді деп үміттенеді. 
Әрі қарай «..Мұндай ғұлама қазақ ішіне қайдан келеді, қашан 
шығады? Мен сіздерге, мырзалар, айтайын, ғұлама өз тұсынан 
жерден тезінен шыға келмейді, ғұлама үлкен оқулы адамдар 
кішкентай адамдардың жаһұтымен шығады. Істі жалғыз ғұламадан 
басқа қыла алмайды емес, кім қыламын деп талаптанса, кім 
жақсылық қыламын десе сол қылады», – деп сол кездегі 
оқығандардың күткен ғұламасы шыққан күннің өзінде қандай 
болатынын сипаттап жазды. Әрине, автор сол ғұламаның 
келетініне сенімі толық емес екенін жазса да, түбі ондай үміттің 
өзінде де бар екенін байқауға болады. «Мұнда қандай әліпби қазақ 
тіліне дұрыс келеді яки ескі араб әліпбиін қалайша түзетеміз деген 
сұрақ көп сөз болып жатқан», [8] – деп жазып, қазақ тіліне анық 
жететін әліпби қажет екенін, әліпбисіз ешбір халық ғылым, білімді 
болмайтынын айтады. Расында XIX ғасырдың соңында 
бабаларымыздың қазақ тілінің ғылым тілі болғанын қалағаны әрі 
ол істе бірінші кезекте әліпбиіміздің қазақ тілінің дыбыстарын 
толық беретін түзу болуы шарт екенін жете түсінгені, бірін-бірі 
осы жолда қызмет етуге шақырғаны бүгінгі ұрпаққа ерекше сабақ 
болуы тиіс деп білеміз. 
Тарихқа көз жүгіртіп отырсақ, адам таңғаларлық әрі тамсанарлық 
жағдайлар көп орын алып отырған. Сондай жағдайлардың бірі – 
XIX ғасырдағы қазақ оқығандарының сөз етіп, күткен ғұламасы 
XX ғасырдың басында қазақ тарихы сахнасына шықты. 
Қолданыстағы араб әліпбиін өзгертіп, қазақ тілінің дыбыстарын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет