Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет53/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
121 
Протезалық, эпентезалық, эпитезалық сына дыбыстар сөз 
ортасында біршама оңай табылып, ерекшеленіп тұрады. Мысалы, 
са+б+ын, са+ғ+ым, са+й+ын, кө+г+ен, со+п+ақ, же+м+іс 
түбіртектерінің арасындағы б, ғ, й, г, п, м – сына дыбыстар. 
Сы+й+ыр – төрт түліктің бірі – мүйізді ірі қара мал. Осы сөз кейбір 
түркі тілдерінде сы+ғ+ыр болып айтылады. Бұл жерде й~ғ 
сәйкестігін байқаймыз. Протезалық, эпентезалық, эпитезалық 
сына дыбыстар диалектілік (аймақтық) өзгешеліктерді көрсетіп, 
сөздің басында да, ортасында да, аяғында да бір-бірімен өзара 
алмаса береді. Сы+й+ыр мен сы+ғ+ыр – соның бір көрінісі. Алайда 
сына дыбыстардың бір-біріне өзара ауысқанынан сөз мағынасына 
ешқандай зиян келмейді. 
Протезалық, эпентезалық, эпитезалық сына дыбыстар сөз аяғында 
тек бір буынды сөздерде, оның ішінде бітеу буынды сөздерде ғана 
ұшырайды. Дауыссыздан басталып, дауыстымен аяқталатын 
түбіртектер тілдің тарихи даму барысында дербес, жеке 
қолданыстан шығып қалып, өзіне таяныш іздестіргенде 
эпитезалық сына дыбыстарды жамап алған сияқты. Мысалы, 
Орхон-Енисей ескерткіштерінде жер-су қос сөзі йер-суб түрінде 
тасқа басылған. Сонда су түбіртегінен кейін б эпитезалық сына 
дыбысы тұр. б-нің сына дыбыс екендігі өзге фактілер арқылы да 
анықталады. Мысалы, «Оғыз-наме» ескерткішінде «Етил су+ғ+ы 
ақа турур (Еділ суы ағып жатыр)» деген сөйлем бар. Ал «Һибат-ул 
хақайиқ» ескерткішінде «Халимлық су+й+ын сач ол отны өчүр 
(Жұмсақтық суын шашып, ол отты өшір)» деген өлең жолы 
кездеседі. Су+б, су+ғ, су+й варианттарын өзара салыстырсақ, 
эпитезалық дыбыстардың бір-бірімен алмасып тұрғанын көруге 
болады. Демек, диалектілік (аймақтық) ерекшелік өздеріне тән 
сына дыбыстарды талап етеді. Осыдан келеді де, әр түрлілік пайда 
болады. 
Та+қ – жеке, дара, жалғыз; та+й – бір жастағы жылқы төлі (Бір жыл 
өтті арада, Құлыншағым тай болды). Бір буынды тақ, тай 
сөздерінде «бір» ұғымын та түбіртегі беріп тұр. «Бір» ұғымын та 
түбіртегі беретіндігін басқа да толып жатқан тілдік фактілер 
айғақтай алады. Олай болса, қ мен й эпитезалық сына дыбыстар. 
Та сан есімінің дерексізденуінен жасалған дәл, нақ, нағыз 
ұғымдарын беретін та+п шылауы да, нақ, тура, дәл ұғымдарын 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
122 
беретін та+қ үстеуі де п мен қ эпитезалық сына дыбыстарын сақтап 
тұр. Тақ өзі, тап өзі деп айта береміз. 
Дауыссыздан басталып, дауыстымен аяқталатын бағзы заманғы 
түбіртектерге көбіне-көп эпитезалық п дыбысы жамалған сияқты. 
Жа+п, са+п, та+п, ша+п, қа+п, се+п, же+п, де+п, ше+п, до+п, дө+п, 
то+п, жі+п, шө+п, тү+п бітеу буынды сөздері бұған айғақ бола 
алады. Бұлардың алғашқы бөлегінің қай-қайсысы да лексикалық 
мағына беретін түбіртектер. Күшейтпелі, үстемелі буынды сын 
есімдер (қып-қызыл, сап-сары, жап-жалаңаш, доп-домалақ, қап-
қара, сұп-сұр, т.б.) п эпитезалық сына дыбысы басқа сына 
дыбыстарға қарағанда елгезек екендігін көрсетеді. 
Қорыта айтқанда, алдына мақсат қойған зерттеушінің сөз басында 
да, сөз ортасында да, сөз аяғында да протезалық, эпентезалық, 
эпитезалық дауыссыз сына дыбыстарды тауып ала алатындығына 
сенімдіміз. 
4. Белгілі бір тілдің сөздік құрамындағы түбірлер мен негіздерді 
түбіртекке бөліп, ажыратқанда оңнан солға қарай, басқаша 
айтқанда, қосымшадан бастап түбірге қарай бөлшектеген жөн. 
Себебі, сөздің аяғынан басына қарай өлі қосымшалар да, тірі 
қосымшалар да түбіртекке оңай жіктеледі, әрі олардың 
грамматикалық мағыналарын айқындау жеңілдеу. Ас+қ+ар 
(заңғар, зәулім, биік), ас+қ+ақ (биік, заңғар, зәулім) сын есімдерін, 
ас+қ+ан (аса, тым, ерекше) үстеуін осы ережеге орай түбіртекке 
ажыраталық. ар алб+ар, айд+ар, жан+ар, шын+ар, сус+ар, аст+ар, 
т.б. сөздердің құрамында, ақ қон+ақ, бун+ақ, сын+ақ, ұрп+ақ, 
тар+ақ, сұр+ақ, құр+ақ, т.б. сөздердің құрамында, ан арм+ан, 
орм+ан, тұм+ан, құм+ан, жап+ан, шап+ан, топ+ан, саз+ан, құл+ан, 
т.б. сөздердің құрамында кездесетін сөз тудырушы көне 
жұрнақтар. 
қ – жоғарыда атап өткеніміздей, қимыл есімін жасайтын уқ/уғ 
түбіртегінің (қазіргіше айтсақ, у жұрнағының) сарқыншағы. Сөз 
құрамында дерексізденіп кеткен. Ас «артылу, озу, ерекшелену» 
ұғымдарын беретін етістік. Сөйтіп, талданған үш сөздің 
әрқайсысының құрамында үш дауыссыздан болғандықтан, үш-
үштен түбіртекке бөлініп тұр. Осы тәртіппен сөздік құрамдағы кез 
келген сөз түбіртекке бөліне алады. Әр тілдің түбіртекке бөліну 
ережелерін сол тілдің мамандары ғана ұсына алады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет