Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
117
ТҮБІРТЕК ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Берікбай Сағындықұлы
Филология ғылымдарының докторы, профессор
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология факльтеті
Қазақ тілі білімі кафедрасы
Үндіевропа тілдерін зерттеген ғалымдар тарихқа белгісіз ежелгі
дәуірлерде қазіргі тілдерге негіз болып қаланған ата(тек) тілде әрі
сөздің, әрі буынның қызметін атқарған комплексті дыбыс болған
деген қорытындыға келген. Фонологиялық жағынан дауыстыға
немесе дауыссызға ажыратуға
келмейтін мұндай дыбысты
силлабофонема деп атаған. Ағылшын тілінде силлабема – «буын»,
фонема – «дыбыс» деген мағына береді. Сонда ол әрі сөздің, әрі
буынның, әрі фонологиялық бір бүтін дыбыстың орнына
жұмсалған күрделі элемент ретінде түсініледі. Одан алдымен
дауыссыздар, кейінірек дауыстылар бөлініп шыққан (1, ВЯ, №2,
61).
Біз ұзақ жылдар бойына зерттеу жүргізу барысында
силлабофонема жөнінде бұдан өзгеше қорытындыға келдік. Түркі
тілдері дамуының тарихқа белгісіз
аса ежелгі дәуірлерінде
дауыстыға яки дауыссызға ажыратуға келмейтін біртұтас
фонологиялық бөлшек өмір сүрді де, жоқ па, онда дауымыз жоқ,
бірақ тілдік фактілер тіл-тілде бір дауысты мен бір дауыссыздан
тұратын тілдік бірлік болғандығын сөзсіз дәлелдеп, көзімізді
шүбәсіз жеткізіп отыр. Табиғаты мүлдем бөлек болса да, ғылыми
жұртшылыққа түсініктірек болу үшін,
мұндай тілдік бірлікті
«Түркі тілдері дамуының фонологиялық заңдылықтары» деген
диссертациялық жұмысымызда «силлабофонема» деп атап едік (2,
184-б.).
Бір ғана дауысты дыбыс пен бір ғана дауыссыз дыбыстың
тіркесуінен тұратын мұндай тілдік бірліктің қай-қайсысы да я
лексикалық, я грамматикалық мағына беруімен ерекшеленеді. Бір
ғана дауысты дыбыстың тіркесуінен тұратын тілдік бірлікке –
түбірлер мен негіздердің, тіпті қосымшалардың түпкі тегі болып
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
118
есептелетіндіктен
–
біз,
өз
тарапымыздан,
түбіртек
(интернационалдық термин ретінде – архесиллаб) деген атау
берген болатынбыз. (3, 379-384 б.). Түбіртек – фонема, морфема,
сөз, сөз тіркесі, сөйлем сияқты тілдік бірлік. Күрделілігі жағынан
фонема мен морфеманың аралығынан орын алады. Яғни
фонемадан үлкен, морфемадан кіші.
Жаңадан мәлім болған бұл тілдік бірліктің ғылыми жұртшылыққа
кеңінен таныс тілдік бірліктерден басты өзгешелігі – мен мұндалап
тұрмайды, ап-айқын ажыратыла салмайды, тіл қойнауының терең
қатпарларына мықтап жасырынған. Арнайы дайындалмаған
жағдайда кез келген тілші түбіртектің қыр-сырына түсіне
алмайды. Тілдегі кез келген сөзді түбіртекке бөліп жіктеу, әсіресе
оның лексикалық немесе грамматикалық мағыналарын табу
қиынның қиыны, тап-таза этимологиялық жұмыс.
Осы себепті
оларды айырып-ажыратудың өзіндік іліміне жүгінуге тура келеді.
Сөз құрамынан, сан жағынан алғанда, алтыншы тілдік бөлшек –
түбіртекті айырып-ажыратқанда зерттеушінің ең алдымен
мынадай басты-басты ұстанымдарды басшылыққа алғаны дұрыс.
1. Фонемаға (дыбысқа) бөлінбейтін сөздің болмайтыны сияқты,
тіл-тілде түбіртекке бөлінбейтін түбір, негіз, қосымша да жоқ.
Қандай дыбыстық комбинацияда тұрсын, түбіртек
бір ғана
дауысты мен бір ғана дауыссыздың тіркесуінен тұрады да, я
лексикалық, я грамматикалық мағына береді. Лексикалық немесе
грамматикалық мағынасы анықталмаған жағдайда дауысты мен
дауыссыздың жай тіркесі түбіртек болып есептелмейді.
Тіл-тілдегі фонемалар қаншалықты ескі болса, түбіртектер де
соншалықты ескі. Түбіртекті тіл тарихының бүкіл өн бойында өмір
сүрген десек қателеспейміз. Қазақ
тілінде де тарихқа белгісіз
ежелгі дәуірлерден бері өмір сүріп келе жатқан түбіртектер бар.
Бірақ олар бірен-саран. Мысалы, ақ (судың өз арнасымен төмен
қарап жылжуы, бір орында тұрмай ілгері қозғалып отыруы), ат
(лақтыру), ас (тауды, белесті басып әрі өрлеу), аз (арықтап жүдеу,
еттен арылу), ін (жерді үңгіп жасаған, жабайы аңдар жататын
орын, үңгір), ұр (сабау, соғу, тоқпақтау), үн (құлаққа естілетін
дыбыс, дауыс), тағы басқалар. Сондай-ақ, тілімізде екі түбіртектің
бірігуі нәтижесінде пайда болған
сөздер де біршама дәрежеде
кездеседі. Мысалы, «судың өз арнасымен төмен қарай жылжуы»