Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет54/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
123 
5. Түбіртектердің осы заманғы қолданыстағы көріністері, жұмсалу 
сипаттары. 1) Түбіртектер көбіне-көп бір дауысты мен бір 
дауыссыздан тұрады да, өзінің байырғы табиғи қалпын сақтайды. 
Мысалы, осының алдында ғана талданған лексикалық мағына 
беретін ас түбіртегі мен грамматикалық мағыналар беретін ар, ақ, 
ан түбіртектері осы өлшемге жауап бере алады. 
2) Түбіртектің дауысты сыңары сақталады да, дауыссыз сыңары 
элизияға ұшырап, жойылып кетеді. Мысал. Қазақ күнәсі жоқ, таза, 
пәк әйелдерді ару деп атаған. Көне түркі тілінде аруғ~арығ 
«кірленбеген, пәк, таза» деген мағынада жұмсалған. Бұдан қазақ 
тіліндегі ар+у сөзінің ертеде екі түбіртектен – ар және уғ – 
тұрғанын көреміз. Сонда «таза, пәк» деген лексикалық мағына ар 
түбіртегінде тұрса, уғ қимыл, қозғалысты, процесті білдіретін көне 
жұрнақ. Бұл сөз кезінде, екінші түбіртектің дауыссыз ғ дыбысы 
үнемделіп, етістіктен заттанған. Дауысты сыңары бірінші 
түбіртекке сіңісіп кеткен. Сөз соңындағы дауыссыз дыбыстардың 
барлығы дерлік дауыссыз дыбысты жоғалтып алған жартыкеш 
түбіртектер. Мысалға орта (белгілі бір мөлшерге жетпеген, толық 
емес) сын есімін алалық. Сөз соңы дауысты дыбысқа аяқталып тұр. 
Ортан қол, ортан жілік фразеологизмдерімен салыстыру арқылы 
ол сөздің бір кезде н-мен аяқталғанын білеміз. Демек, а – ан 
түбіртегінің қалдығы: орт+ан. Бала, дала – диалектілерде балан, 
далан, яғни бал+ан, дал+ан. Тағысын тағылар. 
3) Түбіртектің, керісінше, дауыссыз сыңары сақталады да, 
дауысты сыңары элизияға ұшырап жойылып кетеді. Өрт – қаулай 
жанған жалынды от. Қазіргі тіл білімі тұрғысынан бір буынды 
түбір. Одан әрі бөлшектеуге келмейді. Түбіртек теориясы 
тұрғысынан құрамында екі дауыссыз болғандықтан екі түбіртекке 
бөлінеді. Алайда өр түбіртегінің құрамы толық болғанымен
екінші түбіртектің дауысты дыбысы жоқ. Оны біз өрт сөзінің 
мағыналық мазмұнына қарап анықтай аламыз. Сонда – өр от. 
Тарихи даму барысында бізге белгісіз әлдеқандай себептермен 
екінші түбіртектің дауыстысы қысқарып кеткен. Бірінші түбіртек 
«қаулай жану, өршіп жану» мағынасын береді. Екі түбіртектің 
лексикалық мағыналарын бір-біріне қоссақ: өршіп, өрлеп жанған 
от. Етістік жасайтын көне уқ/уғ түбіртегі де (қазіргіше жұрнақ) сөз 
құрамында көбіне дауысты дыбысын жоғалтып, қ/ғ түрінде 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
124 
ұшырасады. Жалпы алғанда, дауысты сыңары элизияға ұшыраған 
түбіртек сарқыншақтары немесе жартыкеш түбіртектер көп.
Дауысты дыбысын немесе дауыссыз дыбысын жоғалтқан 
жартыкеш түбіртектер сөз басында да, сөз ортасында да, сөз 
аяғында да жиі ұшырасады. 
4) Тарихи даму барысында түбіртек екіге жарылады да, дауысты 
сыңары 
бұрынғыша 
лексикалық 
немесе 
грамматикалық 
мағынасын сақтап, түбіртектің қызметін атқара береді. Ал 
дауыссыз сыңары өлі элементке айналып, келесі түбіртекке 
жылысып кетеді. Мұны мына мысалдан анық байқауға болады. 
Орхон-енисей ескерткіштері тілінде тәуелдік жалғауының толық 
формасы – ын/-ін. Қазіргі тілдерде –ы мен –і. Яғни –ын/-ін екіге 
жарылған: -ы+н/і+н. Енді орхон-енисей ескерткіштерінде көп 
ұшырасатын қаған сөзін тәуелдік жалғауының үшінші жағында 
көнеше және жаңаша септеп көрелік. Көнеше: 
А. қаған+ын үчүн 
І. қаған+ын+ын 
Б. қаған+ын+қа 
Т. қаған+ын 
Ж. қаған+ын+та 
Ш. қаған+ын+тан 
К. қаған+ын бирлан 
Кестеден байқалатынындай, тәуелдік жалғауының үшінші 
жағы атау септігі мен көмектес септігінде шылаулармен 
тіркескенде ғана толық формасын, грамматикалық мағынасын 
сақтайды. Шылаулармен тіркеспеген жағдайда сол кездің өзінде-
ақ атау септігі үшінші жақта ы формасында тәуелденіп, соңғы н 
дыбысын жоғалтып алған. Енді осы сөздің жаңаша септелуіне 
назар аударалық. 
А. қаған+ы 
І. қаған+ы+ның 
Б. қаған+ы+на 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет