Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
120
шығатын жартыкеш жеңіл дән ұғымын береді. Өте тарихи
мағыналары ұсынылған. Олай болса, бұл сөзде «ұшу» семасы бар.
Ұшқыр да, ұшық та, ұшқын (оттан бөлініп, жалын шашқан ұсақ
шоқ) да бағзы заманда пайда болған туынды сөздер.
3. «Кез келген сөзде қанша дауыссыз болса, сонша түбіртек
болады» деген қағидаға бағынбайтын, түбіртек
жасауға
қатыспайтын, сөздерді түбіртекке айырып-ажыратуда көп
қиындық келтіретін бір алуан дыбыстар бар. Олар –
сөздің
басында протезалық, сөздің ортасында эпентезалық, сөздің
соңында эпитезалық қызмет атқаратын й, қ, к, ғ, г, п, б, м сына
дыбыстары. Бұлар әрқашан дауыстыдан аяқталатын, дауыстыдан
басталатын түбіртектердің арасына қыстырылып, дауыстылардың
фонологиялық міндетін ойдағыдай атқаруына үлес қосады.
Бұлардың арасында қ, к, ғ, г, м дауыссыздары бірде фонологиялық
жүк арқалап, түбіртек жасауға араласса, бірде бірыңғай сыналық
қызмет атқарады. Алайда түбіртек тілдік бірлігінің табиғатын
толық түсінген зерттеуші бұл қиыншылықты тез меңгеріп алады.
Сөз құрамындағы сына дыбыстарды қалай анықтауға болады?
Егер сөз басында жоғарыда санамаланған сына дыбыстардың бірі
кездессе, оны сөздің қалған құрамынан бөлектеп тастау керек.
Мысалы, бұршақ – кішкене-кішкене домалақ мұз күйінде түсетін
атмосфералық жауын-шашын. Сөз құрамынан протезалық б
дыбысын
бөлек ажыратқанда, қалған бөліктері түбіртек ретінде
мағына бере бастайды: б+ұршақ>б+ұр+ш+ақ. Ұр – сабау, соғу,
тоқпақтау ұғымдарын берсе, ақ – жоғарыдан төмен қарай жылжу
ұғымында жұмсалған. Ал ш түбіртек сарқыншағы процестің
дүркінділігін білдіріп тұр. Талдау барысында «не ұрғылап тұр»
деген сұрақ туындайды. Құрамында б немесе п дыбысы бар,
«домалақ» ұғымын беретін морфеманы іздестіре бастаймыз.
Себебі, бұршақ сөзінің «домалақтан» басқа семалары ұр+ш+ақ
бөлегінде қамтылған. Құрамында п дыбысы бар, «домалақ»
ұғымын беретін сөз – доп~топ.
Бұрынғы формасын қалпына
келтірсек: до+б+ұр+ш+ақ. Тілімізде осы үлгіде жасалған сөздер
бар ма? Су тиген соң ұн топаршақтанып қалыпты. Домаланып,
түйір-түйір болып қалды деген мағынада. Топаршақ диалектілік
сөз болғанымен, добуршақ үлгісінде тұр. Осындай жолмен бұрын
жарияланған мақалаларымызда балшық, бүлдіргі
сөздерінің де
түп-төркінін ашып берген болатынбыз (2, 109 б.).