Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет68/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
155 
аналитикалық және лексика – семантикалық тәсілдер арқылы 
жасалуына тоқталады. 
Бұл арада сөзжасам әрекетіне байланысты әр сөз табының 
туындысына қатысты Б.Хасановтың 1966 жылы жарық көрген 
«Сөздердің метафоралы қолдануы» деген монографиясын атау да 
орынды. Онда сөздің көпмағыналығының туындауы туралы 
ұтымды пікірлер айтылған /17/. 
Сонымен қатар, қазақ тілі мен көне түркі жазба тіліндегі 
сөзжасамды салыстырмалы түрде зерттеген А.Есенқұловтың /18/, 
сөзжасам мәселесінің кейбір жақтарын сөз еткен А.Алдашеваның 
жұмыстарын да атаған дұрыс /19/. Ғ.Ғ.Мұсабаевтың зерттеуінде 
бір тарау толығынмен сөзжасамға арналып, онда қазақ тіліндегі 
жаңа сөздер, негізінен, екі тәсіл (сөзқосым және аффиксация) 
арқылы жасалатыны туралы айтылады /20/. 
Бұдан кейін сөзжасам мәселесіне назар аудару сиреп кетті, тіпті 
бұл мәселені зерттеу бірсыпыра уақыт тоқырауға ұшырады деуге 
болады. Сөзжасам мәселесіне ғалымдар назарын аударуға себеп 
болған бір еңбек бар. Ол-Н.Оралбаеваның «Қазақ тіліндегі 
етістіктің аналитикалық формасы» деген 1971 жылғы 
диссертациялық еңбегі. Мұнда күрделі етістік мәселесі сөзжасам 
тұрғысынан жаңаша қойылды /21/ және күрделі етістік тек толық 
мағыналы сыңарлардан құралады деген қағида ұсынылды. Бірінші 
рет күрделі етістік күрделі қимылды білдіретіні дәлелденді, 
күрделі етістік «негізгі етістікке көмекші етістіктің тіркеуі арқылы 
жасалады» деген ұғымды жоққа шығарды. Бұл кейін күрделі 
етістіктің, күрделі сөздердің зерттелуіне жол ашты. 
1973 жылы профессор С.Исаевтың «Қазақ әдеби тілінің совет 
дәуірінде дамуы» деген еңбегі жарық көреді. Бұл еңбекке қазақ 
әдеби тілінің кеңес дәуірінде дамуы-баспасөз тілінің лексикалық 
құрамының баюы, жаңа сөз жасау процесінің дамуы ыңғайында 
баяндалады. Автор кеңес дәуіріндегі қазақ әдеби тілінде жаңа сөз 
тудырудың 
лексика 
– 
семантикалық, 
морфологиялық, 
синтаксистік тәсілдері қарқынды дамығанын көрседі /29/. 
1998 жылы С.Исаев «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің 
грамматикалық сипаты» атты еңбегінде сөзжасам мәселесіне бір 
тарау арналған. Онда сөзжасам анықтамасы, жүйелік сипаты, 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
156 
сөзжасам тәсілдері, сөзжасам үлгілерінің өнімділік құнарлылық 
сипаты мәселерінен мағлұматтар берілген. 
Қазақ тіл білімінде сөзжасам мәселесін зерттеу шындап қолға 
алынуы 1988 – 1989 жылдардан басталады.
1988 жылы Н.Оралбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімінің 
сөзжасам жүйесі» деген монографиясы жарық көрді /23/. Онда 
ғалым қазақ тілінің сөзжасам жүйесіне толық сипаттама берді. Бұл 
қазақ тіл білімінде тілдің сөзжасам жүйесіне берілген тұңғыш 
ғылыми сипаттама. Бұған дейін ол мәселе ретінде қойылған емес. 
Онда қазақ тілінің қалыптасқан өзіндік жүйесі ұзақ уақыт ішінде 
басынан талай өзгерістерді өткізіп қалыптасқаны дәлелденді. Ұзақ 
уақыт ішінде сөзжасамдық бірліктер қалыптасып, олардың 
қолданылуы, 
туынды 
сөздердің 
жасалу 
заңдылықтары 
қалыптасқаны ғылыми тұрғыда дәлелденді, сан есімдердің 
сөзжасам жүйесі тұңғыш рет сипатталып, оның өзіндік 
ерекшіліктері көрсетілді. Сан есім сөзжасам жүйесінде негізінен 
аналитикалық тәсіл қолданылады деген тұжырым еңбекке өзек 
болып, дәлелденіп отырады.
Жалпы сөзжасам мәселесін арнайы зерттемесе де, қазақ тілі 
мамандарының ішінде сөзжасам мәселесі туралы пікір айтпаған 
ғалымды кездестіру қиын. І.Кеңесбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, 
А.Ысқақов, Т.Қордабаев, М.Томанов, Қ.Есенов, Ә.Қайдаров, 
Р.Сыздықова, Ш.Ш.Сарыбаев, Р.Әміров, К.Аханов, Н.Оралбаева, 
К.Ш.Құсаинов, Е.Жанпейісов, Б.Әбілқасымов, С.Омарбеков, 
Т.Жанұзақ, 
Ә.Нұрмағанбетов, 
Ө.Айтбаев, 
Ә.Жүнісбеков, 
Ғ.Қалиев, Б.Қалиев, Т.Сайрамбаев, Н.Уалиев, М.Серғалиев, 
О.Нақысбеков, Ш.Құрманбайұлы, М.Оразов, Ж.Манкеева және 
т.б. жекелеген пікір айтқан ғалымдардың көптеп келтіруге болады.
1989 жылы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» деген Тіл 
білімі институтының грамматика бөлімінің ғылыми қызметкерлері 
дайындаған монография жарық көрді /24/. 
Бұл монография сөзжасам мәселесін жаңа бағытта, жаңа ғылыми 
негізде жоғары дәрежеге көтерді және оның сөзжасамның кейінгі 
зерттелуіне соны бағыт сілтеуге, сөзжасамға көзқарасты өзгертуге, 
жаңа идеяларға бастауға маңызы күшті болды. Сондықтан оған 
толық талдау жасау қажет. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет