Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
162
көрген (1964, 1974, 1991) профессор А.Ысқақовтың авторлығымен
шыққан «Қазіргі қазақ тілі. Морфология» атты оқулықтан көруге
болады. Ғалым сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу
жолдарына арнайы тоқталып, көмекші морфемалардың бір түрі
ретінде жұрнақтар туралы мағлұмат берген. Онда: «Сөз
тудыратын жұрнақтар сөзге (түбірге) жаңа лексикалық мағына
үстейтіндіктен, өзі жалғанған сөзді басқа бір жаңа лексикалық
тұлғаға айналдырады» - деп,
жұрнақтардың құрамы, олардың
мағыналары және қолданылу ерекшеліктері мәселелерінен
мағлұмат берген, жұрнақтардың түрлерін көрсеткен. Сонымен
бірге оқулықта сөз таптарын баяндауда әр сөз табының жасалу
жолдарын беріп отырған. Бұл әркімге белгілі мәселе болғандықтан
оған толық тоқталмаймыз. Бұл сөзжасам мәселесінің оқулықта
жұрнақтардың
жеке талданып, әр сөз табын баяндауда оның
сөзжасамының қаралып отырған көрсетеді. Морфология
мәселесінің көлемінің кеңдігі, оқулық көлемінің шектеулілігі
сөзжасамның мәселелерінің оқулықта толық қаралмауына себеп
болған.
Сөзжасам мәселесіне профессор М.Томанов авторлығымен
шыққан «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы»
оқулығында да
аздаған мәлімет берілген /43/.
Ал сөзжасамға арналған мақалалар әр кезде оқтын – оқтын жарық
көріп тұрды. Оларды аз деуге болмайды, саны жағынан да
көтерген мәселелері жағынан да мақалалар сан алуан.
Мақалалардың көбі ғалымдардың диссертацияларына, жоғарыда
баяндаған еңбектеріне байланысты болғандықтан қайталамау
мақсатымен оларға тоқталып жатпаймыз.
Қазақ тілі білімінде сөзжасамдық ұя термині, оның ғылыми ұғымы
туралы мәлімет 1989 жылғы «Қазіргі
қазақ тілінің сөзжасам
жүйесі» атты монографияда алғаш қолданылды. Енді осы еңбекте
сөзжасамдық ұя туралы берілген мағлұматқа толығырақ
тоқталайық.
Монографияда: «Сөзжасамдық ұя деп бір негізгі түбірден тараған
туынды түбірлердің жиынтығы аталады» - деп, оған мысал ретінде
бас деген түп негіз сөзден жасалған сөзжасамдық ұяны келтіріп,
онда 143 туынды сөздің жасалғанын, осы ұяда 92 сөзжасамдық
тізбек барын көрсеткен. Осы еңбекте ұяға туынды сөздің саны да,