Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
158
бәріне туынды түбірлер негіз болғаны анықталған. Осы ұяның
құрамын талдау арқылы автор
сөзжасамдық ұяның құрылысы
күрделі болатынын дәлелдеген. Сондықтан бірге сөзжасамдық
ұяда түбірлес туынды сөздер болатыны анықталған.
Сөзжасамның
жалпы
мәселелері
бөлімі
сөзжасамның
теориясының негізін қалаған, бұрын назардан тыс қалған жаңа
теориялық ұғымдарды анықтаған, оны ғылымның бір саласын
ғылыми деңгейге көтергенін атап кету орынды деп санаймыз.
Монографияда сөзжасамдық тәсілдер
мәселесіне толық ғылыми
сипаттама берілген. Бұл мәселе де осы еңбекте тұңғыш рет
ғылыми тұрғыда анықталды деуге толық болады.
Монографияның 2 – бөлімі сөз таптарының сөзжасамына
арналған. Жоғарыда сөзжасамды зерттеу сөз таптарының
сөзжасамынан басталды дегенбіз. Сондықтан сөз таптарының
сөзжасамының бастау көздері болғаны рас. Бірақ монографияда
қайталау жоқ, ғалымдар бұл мәселелерді
жаңаша көзқараспен
жазған.
Монографияда қамтылған сөз таптарының сөзжасам ғылымның
соңғы жетістіктері ескеріліп, жаңа көзқараспен, жоғары ғылыми
деңгейде жазылған. Соның ішінде зат есім сөзжасамы өте жоғары
деңгейде диахрондық тұрғыда көп мәселелерді зерттей отырып
жазылған /24, - 113 – 231/.
Біз бұл монографияға толық талдау жасауға тырыстық,
өйткені ол
бүгінгі таңда сөзжасам теориясын бірсыдырғы толық қамтыған,
сөзжасам теориясының ғылыми негізін қалаған, сөзжасамның көп
жаңа мәселелерін көтерген ғылыми деңгейі жоғарғы, өте құнды
еңбек екенін атау орынды деп санаймыз. Бұл – монографияның
құндылығына,
жаңалығына,
онда
көтерілген
теориялық
мәселелердің маңызына толық дәлел.
Осындай жаңа бағыттағы ғылыми зерттеулердің бірі – ғалым
Г.Шахарманның диссертациялық еңбегі. 1998 жылы ол «Қазақ
тіліндегі сан есім сөздерден жасалған туындылардың мағыналық
ерекшеліктері» деген тақырыпта
кандидаттық диссертация
қорғады /26/. Ол ғылыми еңбегінде бір, біреу, екі, үш, төрт, бес,
жеті, тоғыз, тоқсан, мың, үші, жетісі, қырқы, жүзі, бірге, бірде,
бірден, бесті сөздерінің жаңа мағынаға, саннан басқа мағынаға