Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
160
Тарихи тұрғыдағы зерттеуде фонетикалық сөзжасамға тоқталмау
мүмкін емес. Оған Г.А.Рамстедт, Н.А.Баскаков, Э.В.Севортян,
А.Н.Кононов, Б.А.Серебренников, А.М.Щербак, Ф.А.Ғаниев,
Б.О.Орузбаева сияқты ірі ғалымдар тарихи сөзжасамға назар
аударған, құнды – құнды пікірлер айтқан. Ұйғыр тілінің маманы
Т.Талипов /35/
ұйғыр тіліне байланысты, Б.Сағындықұлы /36/
қазақ тілі фонетикасына қатысты еңбектерінде, сондай-ақ, тілді
тарихи тұрғыда зерделеген профессор М.Томанов «Тарихи
грамматика» /37/ атты
еңбегінде дыбыстардың алмасуы, оның
мағынаға қатысы туралы пікірлер айтқаны белгілі. Түрколог
ғалымдар мен қазақ тілі мамандардың идеяларына сүйене, ғылыми
тұжырымдарын ескере отырып, А.Салқынбай дауыссыз дыбыстар
арқылы сөз жасалудың 22 қалыбын (өз термині), дауысты
дыбыстар бойынша 9 қалыпты анықтаған. Мұны үлгі деп айтуға
да болатын сияқты /33, -149 -180/. Бұл еңбекте қаралған негізгі
мәселе сөз мағынасы, сөз мағынасының
сөздік құрамынан
туындауы. Бұл ретте сөздің архисемасын анықтауы - назар
аудартатын мәселе.
Сөзжасамды тарихи тұрғыда зерттеуде профессор Керимовтың
XIV ғасыр түрік әдеби жазбаларындағы сөзжасамдық жұрнақтар
мәселесін зерттеуге арналған диссертациясын да атауға болады
/38/.
Профессор Ә.Ибатов «Сөз құрамындағы
морфема атауларын
тұрақтандыру мәселесі жайында» деген еңбегінде сөзжасам
мәселесімен байланысты құнды – құнды пікірлер айтқан /39/. Осы
жұмысты дамыту нәтижесінде ғалым 1988 жылы «Қазақ тіліндегі
туынды сөздер сөздігін» баспадан шығарды. Бұл, әрине, сөзжасам
үшін өте пайдалы еңбек болды. Сөздікте автор 14 мыңдай туынды
сөздер берген және қазақ тілінде сөзжасамдық 291 жұрнақ бар
деген. Сөздіктегі туынды сөздердің
сөз табына қатысты
көрсетілген.
Диалектілер сөзжасамы өзінше бір сала. Бұл мәселе
диалектологтардың бәрінің еңбектерінен орын алды деуге болады.
Диалектология ғылымының негізгін қалаған С.Аманжолов,
Ж.Досқараевтан, Ш.Ш.Сарыбаев, А.Нұрмағанбетов, С.Омарбеков
сияқты ғалымдардың еңбектерінде сөзжасам мәселесіне соқпай
өткені жоқтың қасы.