Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы


⸹2 Этнофразеологизмдердің танымдық нышандары



Pdf көрінісі
бет90/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

⸹2 Этнофразеологизмдердің танымдық нышандары 
Тіл – мәдениеттің феномені, ұлт мәдениетінің көрінісі ретінде 
ғылымда өз дәрежесінде әлі де зерттелмей келеді. Тіл – рухани 
күш десек, тіл және басқа семиотикалық таңбалар (ым тілі, кино 
тілі, сурет тілі) арқылы адам кез келген құбылысты қабылдап, оған 
баға беріп, өз көзқарасы мен ойын білдіре алады. “Сыртқы 
құбылыстар әлемі мен адамның ішкі әлемі арасындағы әлем – тіл”, 
– деген В. Гумбольдт пікіріне сүйенсек, тіл қоршаған ортадан, 
болмыстағы шындықты, адам санасы мен ойынан тыс өмір сүруі 
мүмкін емес. Мәдениет қоғамдық сананың бір бөлігі болып 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
212 
табылады, сондықтан да тіл – мәдениеттің шындығы мен көрінісі 
болмақ. Халықтық мәдениеттің ең нәзік ұшқындары, өрнектері 
тілде көрініс береді. 
Адамзат қоғам және әлем туралы мәліметтер жиынтығы тіл 
арқылы, лингвистикалық каналдар арқылы жететініне көзін 
жеткізді. Этностың басып өткен сан ғасырлық даму жолы, оның 
белгі-бейнелері біздерге тас мүсіндер мен жартастарға қашалған 
сына жазулар арқылы, мәдени ескерткіштер мен әр түрлі 
ғимараттар түрінде жетуі мүмкін [Ә.Т. Қайдаров, 1998; 34 б.]. 
Тіл құдіретін, оның табиғатын түсіне, сезіне білген адам – рухани 
дүниесі бай, мәдениеті жоғары адам болмақ. Халық – таяқ еттен 
өтсе, сөз сүйектен өтеді; өнер алды – қызыл тіл деп, сөздің 
сиқырын айтса, сөзге жүйрік; тілінен бал тамған; тілдің майын 
ағызған және т.б. тіркестер сөз өнерін бағалай білген, сөзге қонақ 
бергізіп, шешендікті бағалай білген халық туралы айтады. Осыған 
орай – сөйлей-сөйлей шешен боларсың деген мақалды келтіруге 
болады. Тіл қыры мен сөз сырын аша білу – адамзат болмысын 
тану болып табылады. 
Тіл – мәдениет қабаттарындағы (діннен, ғылымнан, әдебиеттен) 
тылсым құбылыс, ерекше коммуникативтік құрал, мәдениеттің 
рухани көрінісі, ұлттық менталитеттің сан қырлы қасиеттерінің 
көрінетін тұсы. Ана тілі сөзі – тілдің табиғилығын, адамның 
дүниеге келгеннен ана сүтімен бірге сіңіретінінің, тілдің тек 
адамзат болмысына тән бірден-бір қасиет екендігінің дәлелі.
Космос пен адамның қандық қасиеттерін білдіретін ана – жер-ана, 
туған жер және т.б. ұғымдар осының айғағы. Халық тіл – тас 
жарады, тас жармаса – бас жарады деп оның сиқыр күші мен 
құдіретіне толыққанды баға берген. “Тіл тарихы зерттелмейінше, 
оның даму, өзгерту, қалыптасу заңдылықтары ашылмайды, 
жүйеқұрылымы да, бай мазмұны да, сан-салалы әлеуметтік-
қоғамдық қызметі де өз дәрежесінде танылмайды” – деген 
профессор Б. Сағындықұлының тұжырымы осы мәселеге тура 
қатысты айтылып тұр [Б.Сағындықұлы, 1996; 3 б.]. Сөздің бейнелі 
эквиваленті болып табылатын фразеологизмдерде халық 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
213 
менталитеті мен озық мәдениетінің, танымдық болмысының 
негізгі қайнар көзі жатыр. В.Н. Телия былай деп көрсетеді: … “но 
безусловными 
фаворитами 
в 
этой 
области 
являются 
фразеологизмы, обретшие роль стреотипов культуры, чья образно-
ситуативная мотивированность связана с мировидением народа – 
носителя языка, так как средством воплощения культурно-
национальной специфики является его образное основание, а 
способом указания на эту специфику будет интерпретация этого 
образного основания в установках, символах и т.п. культуры” 
[В.Н. Телия, 1991; 13 б.]. 
Сондықтан да фразеологизмдерді өткен тарихтың, әдет-ғұрыптың, 
салт-сананың, аңыздар мен мифтердің және т.б. жиынтығы деп 
қарауға болады. 
Лингвистика мен мәдениеттің тоғысуынан пайда болған 
лингвистикалық мәдениеттану пәні этнос мәдениетінің тілге 
әсерін зерттейді. Мәдениет тілдік форма арқылы атадан балаға 
беріледі, мәдениеттің жинақталуы және оның сақталуы тілдің 
әлеуметтік қызметімен тікелей байланысты. 
Кез келген мәдениет тіл арқылы көрініс табады. Мысалы, тілде 
кездесетін көз тиді, тіл-көз тиді фразеологизмдері халықтың 
наным-сенімімен, тұрмыс-тіршілігімен тікелей байланысты: 
Құлагер қуанышпен қосып едім, 
Алдыңнан үмітпенен тосып едім. 
Жиналып арғын, найман қарағанда 
Тіл мен көз тиер ме деп шошып едім (І. Жансүгіров). 
Халық арасында қазіргі уақытта көз тиеді фразеологизмі ырым 
ретінде сақталған. Халық ырымы бойынша жақсы адамға, жас 
балаға, жүйрік атқа, сұлу қызға көз тиеді деген ұғым бар. Ондай 
адамдардың көзі бар немесе назар керде дейді. 
Жаңа туылған нәрестенің қырық күнге дейін көз тиеді деп көп 
адамға көрсетпейді; нәрестенің бесігіне немесе киіміне тұмар 
жасап тігіп қояды немесе бетіне күйе жағып қояды. Тұмар ұғымы 
тіл-көзден аман жүрсін, көз тимесін деген халық дүниетанымымен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет