Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет92/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
216 
кого-либо; Хлеб – соль не пропустить зло және т.б. тізбектермен 
әрі қарай жалғастыра беруге болады. 
Жер бетіндегі тіршілік иелері арасында жануарлар дүниесі адамға 
етене жақын келеді. Адамзат өркениеті, тіршілік санасы 
жануарлар дүниесімен тығыз байланысты. Жалпы қоғамның 
алғашқы синкреттік ойлау сатысында, адам мен жануар арасына 
ешқашан теңдік белгісі қойылмаған. Мифологияда жануарлар 
поэтикалық бейне ретінде келтірілген. Әр халықтың танымына, 
тіршілігіне, ойлау менталитетіне қарай жаруарлар бейнесінің 
берілуі де әр қилы. Мысалы: кеміргіштер тобына жататын 
сүтқоректі жануар қоян ұғымына байланысты қазақ этносының 
дүниетанымындағы төмендегі сипаттамаларды атап көрсетуге 
болады: 
• 
жабайы 
хайуандардың бірі, үй қоянынан біраз 
айырмашылығы бар; 
• 
еті – қоректік азық, сондықтан да аңшылардың кәсіп ететін 
аңдарының бірі; 
• 
тым қорқақ және өте сақ аңдардың бірі; 
Қоянның мынандай сыртқы пішін-тұлғасы ерекше көзге түседі: 
түрі сұр, көк, ақ және ол жылдың әр мезгілінде түлеп, түсі өзгеріп 
отырады; бойы аласа, аяғы мысықтың аяғына ұқсайды; құлағы 
денесінен үлкендеу; көзі үлкен, әсіресе қорыққанда бадырайып 
кетеді; ерні түйенің ерніндей жырық; жүрісі жылдам, секеңдеп 
жортады, секіріп-секіріп қашады және т.б. [Н.Б. Оңғарбаева, 
1992, 21 б.]. 
Бұл көрсетілген айрықша белгілер – халыққа таныс, олардың 
санасында әбден қалыптасқан ұғымдар. Қоянның жоғарыда 
аталған 
сын-сипаты, 
мінез-құлқы, 
бейне-тұлғасы 
фразеологизмдерде, мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда, аңыз 
әңгімелерде, поэзия мен прозада және т.б. жанрларда кең орын 
тапқан. Мысалы:


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
217 
1. Қорқақ ұғымындағы қоян: 
Ел болуға алдымен білік керек, 
Бір сөзді, бір ауызды намыс керек. 
Жалғыз ғана оқумен теңелмейді 
Алты ауыз азған болсаң қоян жүрек (С. Торайғыров). 
Секең-секең жорытқан, көрінгеннен қорыққан (жұмбақ). 
Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді (мақал). 
2. Қоянның жылдамдығына төмендегі мысалдарды келтіруге 
болады: 
Екі қоянды бір таяқпен ұрып алу // бір оқпен екі қоянды ату. 
Асықпаған арбамен қоянды қуып жетер (мақал). 
Жылқыны басына қыстырып, 
Есікті құлағына қыстырып 
Қасқырды ат қылып мініп, 
“Айт!” дегенде тұра қашқан 
Ол не? (жұмбақ). 
Қоян туралы тіл-тілде кездесетін мысалдар санын одан ары 
жалғастыра беруге болады: Бетегесі шоңқайған қояндай; Қоянның 
жымындай жол; Тазы қуған қояндай; Сен тимесең мен тимеймін 
бадырақ көз; Бір жылға қоян терісі де шыдаған және т.б.
Тілде қалыптасқан материалдар көрсетіп тұрғандай, қоян 
семасымен жағымсыз (қорқақ, ұсқынсыз, шыдамсыз) ассоциация 
халық дүниетанымында көбірек сақталған. Ал орыс тілінде қоян 
(заяц), бір жағынан, рухтар әлемімен, жағымсыз күшпен 
байланысты, сондықтан да оның атын атамай табу түрінде косой 
(қыли) деп те атаған. Екінші жағынан, қоян ұғымы күн, жарық 
символымен тікелей байланысты. Мысалы, солнечный заяц (күн 
қоян) [В.А. Маслова, 1997, 132 б.]. 
Халықтық тілде “есек” сөзі – бойы аласа, құлағы ұзын, еті мен сүті 
арам деп есептелетін жылқы тұқымдас көлік ретінде жұмсалатын 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
218 
жануар. Адамның мінез-құлқына байланысты есек дәме, есек 
құрты мұрнына түсу, зәңгі есектей аңқылдау және т.б. фраземалар 
қолданылады. 
Аталмыш культуремаларды адамның танымдық ойлау үрдісімен 
тікелей байланыстырып қарауға болады. Таным үрдісінде 
адамзатқа, ең алдымен шындықты көркем түрде бейнелеу 
қажеттігі туады. Соның әсерімен жасалған көркемдік әлем адам 
баласының 
үйлесім 
мен 
жарасымдылыққа 
ұмтылысын 
қанағаттандырады. Осыдан кейін ғылыми талдау мен қорыту, 
дерексіз ұғымдар мен түсініктерді белгілеуге мүмкіндік беретін 
таным жолы ашылады. 
Қазақ ұлтының итке деген танымдық көзқарасы, ит 
психологиясын бүге-шүгесіне дейін білетіндігін және оны ақиқат 
бағалай алатындығын дәлелдейді. Қазақ тілінде “алыс, ұзақ жер” 
мағынасында ит арқасы қиянда, ит өлген жер және т.б. 
фраземалармен береді. Жалпы халық танымында “ит” семасы 
алыстықпен, қашықтықпен тікелей байланысты. “Жақсы ит өлігін 
көрсетпейді” мақаланың астарында да алыс ұғымының архетипі 
жатқан болу керек. 
Белгілі жазушы Д. Әшімханұлының “Ит жылы” әңгімесінен мысал 
келтірейік: ... Тек соны итке ғана бітер төзіммен, бүгілмейтін 
итжандылықпен күту керек. Ол жақсылық баяғыдай ит арқасы 
қиянда емес, дәл қасымызда, иек астымызда тұрғандай. Олай 
дейтінім: бар тамаша, бар қазына Қазақстанда деп, ит өлген 
жерден мұнда ағылып жатқан бөгде-бөтен аз ба қазір. Мен білсем, 
олардың тұмсығы иттен иісшіл. Естеріңізде болар, ертеде солар ит 
жегіп, ит қорлығын көріп Итжеккен мен Аляскаға да жеттім емес 
пе? Ақыры сонда ителмен, инк, “индейс” деген халықтарды 
атажұртынан иттей қылып қуып, өздері қап-қара алтынды 
итшаналарына тиеп, алыстағы еліне тасыды емес пе? Сөйтіп, 
жердің арғы бетіндегі ит тұмсығы өтпес ормандар мен ит іздесе 
таппас иен мекенде итарқа қостарын тігіп, ит жүгіртіп, құс салып 
жүрген бейбіт халықтың итін шығарып, итжем етті емес пе? 
(Алтын Орда, 2001, 6 б.). 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
219 
Профессор М.М. Копыленко пікірінше, итпен келген мақал-
мәтелдер мен фразеологизмдерде пейоративтік (жағымсыз) баға 
басымырақ, мәселен, Ө. Тұрманжановтың құрастыруымен жарық 
көрген мақал-мәтелдер жинағында – 859, М. Ақкозинада – 30, І. 
Кеңесбаевта жағымсыз мағынаның 429 рет кездесетініне баса 
көңіл бөліп, бұл мағынаның мелиоратив (яғни жағымды) 
мағынамен салыстырғанда санының едеуір басым екенін айтады 
[М.М. Копыленко, 1995; 36 б.]. 
Әлем тілдер халықтарында ит компонентімен келетін мақал-
мәтелдердің мағынасы бір-бірімен жақын келеді. 
Сөз байлығын ғылыми тұрғыдан зерттегенде, халық санасында, 
салт-дәстүрлерінде, ауыз әдебиетінде сақталған информацияның 
барлығы сабақтастық жүйемен игерілуі қажет. Тек сонда ғана 
халықтың болмыс тіршілігінің, мәдениетінің құпия сырлары 
толық, жан-жақты ашылады. Ұлттық өмірдің айнасы болып 
табылатын фразеологизмдердің орны – әлемнің тілдік бейнесін 
жасауда ерекше. Оны танымдық тұрғыдан талдау – адамзат 
өркениетіндегі ұлттық мәдениеттің табиғатын ашуға мүмкіндік 
береді. 
Қорыта келгенде, дербес мағыналы лексикалық бірлік болып 
табылатын фразеологизмдер – тіл байлығы ғана емес, халықтың 
рухани қазынасы, “тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні” тарихтың 
куәсі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет