Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет98/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
230 
ұлттық белгілері тұрғысынан зерттелуі қажет, – дейді [А.Д. 
Сейсенова, 1998; 121 б.]. 
Паралингвистикалық амалдардың ішінде көп тарағаны – дене 
қимылдары. Соның ішінде херемалар (гр.hejr, hejros – қол) 
адамдардың қарым-қатынас барысында жиі қолданылады: қол 
алысу, қол қусыру, қол соғу, қол жаю, қол сермеу, қол бұлғау, қол 
көтеру және т.б. фраземалар сөйлеу ситуациясы мен қатынас 
ерекшеліктеріне қарай қолданылады. Қол алысу херемасы 
сәлемдесу, қоштасу, алғыс білдіру, құттықтау, танысу, достасу, 
шартқа отыру, келісімге келу, қолдау ситуацияларында кездеседі. 
Қол алысу фраземасы негізінде қалыптасқан қолды кеудеге қою, 
қол бұлғау, қол көтеру, қол жаю және т.б. херемалар ізеттілік пен 
сыпайылық, ыстық ықылас пен жылы жүректің символы ретінде 
қолданылады. Қазақ халқының салт-дәстүрінде сақталған 
табалдырықты оң аяқпен аттап кіру, сыйға тартар нәрсені оң 
қолымен беру, оң қолымен ишарат білдіру т.б. ырымдар адамның 
кеудесіне оң қолын қоюы негізінде жүзеге асады. 
Қол сілтеу “ренжу, өкпелеу”, “не болсаң, ол бол” дегенде көңілі 
қалған, жәбірленген кісінің іс-әрекеті. Біреуге қол сілтесең – өзін 
жәбірлеу, сөгу деп те қабылдайды. 
Қол көтерді “ұрды, соқты” мағынасындағы фразема бар. Осы 
фраземамен ұштас келетін кинесикалық мағына: 1. сөзім бар, 
айтарым бар; 2. тоқта, жетер; 3. жеңілдім, бағындым. 
Қазақ тілінде бас соматизмі ұйытқы болған бас иді, бас иіп 
сәлемдесті, басын салбыратты, басын көтерді және т.б. фраземалар 
этикеттік форма ретінде тілде жиі қолданылады. Көз соматизмі көз 
тігу, көзін қадау, көзін аларту, көзін қысу, көз тастау, көзін 
адырайту және т.б. фраземаларына тірек болып әр түрлі 
ситуацияда қолданылады. 
Ернін 
шығару 
“мазақ 
ету, 
келемеждеу” 
мағынасында 
қолданылады. Көбінесе әйелдер мен балалар қолданады. 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
231 
Қабақ түю “біреуді ұнатпаудың, бір істі жаратпаудың, ренжудің” 
символы. Ондай адамдар туралы “қабағы түюлі ғой”, “қабағы 
түсіп кетіпті ғой” дейді. 
Маңдайын ұру “қатты өкіну, қателесу” мағынасында жұмсалатын 
фразема. Адамның өзіне-өзі берген қатаң жазасы болып табылады. 
Бір іске өкінген, қайғырған адам өз маңдайын жұдырығымен 
соғады. Бұл көбінесе ер адамдарға тән әрекет. 
Сонымен қатар дене мүшелері арқылы жасалған кинемаларға 
қолданылатын жаза, тыйым түрлері де бар. Мәселен, бүйріңді 
таянба, қолыңды төбеңе көтерме, саусағыңды беземе және т.б. 
Бұлардың барлығы ата-бабаларымыздың салт, сана, әдет-
ғұрпындағы ғасырлар бойы жинақталған, дәстүрге еніп 
қалыптасқан халықтың, ұлттық бай қазыналарымыздың тармағы 
болып табылады. 
Адамның басқа да дене мүшелері арқылы жасалған фраземалар 
ұлттық-мәдени белгілеріне ие, олар ұлттық дәстүрмен, таныммен 
байланысты туындайды. Қазақ салтындағы келіннің тізе бүгіп 
амандасуы, бас иіп тәжім етуі, ас қайырып, қол жаюы 
проксемикалық құбылыстардың этнос мәдениеті мен оның тілінің 
өзара байланысын көрсетеді. 
⸹3.2 Зооморфтық фраземалар 
Адамзат өміріне жануарлар әлемі өте етене таныс, жақындығы 
өркениеттің тарихи дамуы үрдісімен байланысты. Ертедегі 
адамдардың табиғат алдындағы дәрменсіздігі мен оған деген теріс 
түсініктері жануарлар культінен туындаған. Жануарлар әлеміндегі 
культтік таным адамзат творчествосының ең көне көрінісі болып 
табылады. Тіл мен мәдениет байланысын зерттеген ғалым В.А. 
Маслов пікіріне сүйенсек: “Культ животных – первая грань, 
которую древний человек проводит между собой и миром 
природы, признавая еще ее господство, но уже не отождествляя 
себя с ней” [В.А. Маслова, 1997; 122 б.]. Қазіргі уақытта рухани 
мәдениетте жануарлар әлемінің танымдық сипаты еш төмендеген 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет