Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
209
тіл-тілде халық ертегілерінен бастап, ауыз әдебиетінде, эпостық
және лирикалық жырларда, толғаулар мен дастандарда, көркем
әдеби шығармаларда және т.б. жанрларда көрініс тапқан. Мысалы:
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп мал жиып,
Кесесіне бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің?;
Оның екі қатыны болыпты, олар бала таппапты. Қорасы толған
мал екен, бір перзентке зар екен (халық ертегісінен); Не бетімді
айтайын, Ақбала шошып бала тастай жаздапты… – деп
көршілердің бәріне суық хабар таратып жіберді (Ә. Нұрпейісов)
және т.б.
Сонымен қатар тілдегі бала тапты / сүйді / туды / босанды; бала
басты болды, бала көтереді, екіқабат болды, жүкті болды және т.б.
фраземалар нәрестенің дүниеге келуіне байланысты пайда болған
тіркестер. Осыған орай жақсы тілектер де тілде сақталған: Бауы
берік болсын!, Жасы ұзақ болсын!, Ұзағынан берсін! және т.б.
Адамның дүниеге келуіне байланысты көптеген салт-дәстүрлер
сақталған және олардың тілдегі көрінісінің дәлелі де жоқ емес.
Бесікке салу – түркі халықтары балаларын ағаш бесікке салып
өсірген. Бесікке салар кезде “Бесік жырын” айтқан. Ол жыр әдетте
былай басталды:
Әлди, әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем, …
Сөзіңді жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің?… және т.б.
Бәрімізге белгілі қазақ халқында жастайынан балаларын
атастырып, бесік құда болысқан. Бұл – ата-анасының қызы жақсы
жерге тұрмыс құрсын, ұлы текті жерден қыз алсын деген жақсы ақ
пейілі мен арманынан келіп туған дәстүр. Мысалы: Қайнағаның
үйіне келген жігіт сол үйдегі бикештің бесік керті күйеуі екен (Т.
Ахтанов); Бұл жастардың ата-аналары балаларын бесікте жатқа
кезінде-ақ атастырып, құда болысқан (Ғ. Мұстафин) және т.б.
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
210
Нәрестемен байланысты туған, негізгі уәжі бала сүю болып
табылатын дәстүрдің бірі – құсақ шашу. Көптеген бала көтермеген
әйел екіқабат болғанда жасалатын ырым. Аяғы ауыр әйел
ұялмасын, тіл-көзден сақтасын деген оймен, перзентті болатынын
ашып айтпай, күмәнді, аяғы ауыр, ішінде көжегі бар деген сөздерді
қолданған. Құрсақ шашуға келгенде әйелдің жерігін қандыруға,
жеймін дегенін тауып беруге тырысқан. Себебі жерігі қанбаған
әйел басы айналып, ауыра береді деген. Мұндайда ит жерік деп
атаған, жерік асын жегендей қуанды тіркесі осының дәлелі.
Жаңа туған баланы қырқынан шығару, шала туған баланы тымаққа
салу, жоғарыдағы тұсау кесер, шілдехана тойы және т.б. дәстүрлер
халық
санасында
сақталып
қана
қоймаған,
аталмыш
мағлұматтардың тілдегі көрінісін де сақталған. Әдет-ғұрып, салт-
сана негізінде халық мәдениетін, рухани байлығын, менталитетін
көрсек, бұл біржақтылық қана болған еді. Себебі мәдениет көздері
тіл арқылы сақталып, көбінесе тіл арқылы көрініс табады.
Мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа тілсіз жетуі мүмкін емес.
Лингвистикалық
мәдениеттану
ғылымының
көрнекті
ғалымдарының бірі В.В. Воробьев, тіл, ұлт (өкілі) және мәдениет
үштігінің бірлігін айта келіп, “… язык есть важнейшее средство не
только общения и выражения мысли, но и аккумуляции знаний
культуры. Будучи сложной системой, язык может быть средством
передачи, хранения, использования информации”, – деп
түйіндейді [В.В. Воробьев, 1997; 45 б.]. Ұлттық мәдениеттің кілтін
кез келген халық өкілі шеше алмайды, ол үшін сол тілде сөйлеп,
сол тілде ойлап, сол халықтың топырағында аунап, суын ішіп,
ауасымен демалу керек. Себебі мәдениет кодты ашудың кілті сол
атрибуттармен тікелей байланысты.
Тіл халықтың рухани байлығының ең қажеттілерін –
мифологиясын өз бойына жинайды. Осындай тіл фактілеріне
талдау жасау мәдени тамырларымызға үңіле түсуге, оның құпия
сырларын түсінуге септігін тигізеді. Фразеологиздерді мифтік
танымға, әдет-ғұрыпқа, салт-санаға әкеп жүктеу, оларды бір
бірімен байланысты дүние ретінде қарастыруға, оларды
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
211
мәдениеттің құрамдас бір бөлігі, ұлттық тілдегі бейнесі деп тануға
жол ашса, екінші жағынан, ғылымдар сабақтастығын (тіл,
мәдениет, тарих, фольклор, этнология, әдебиет және т.б.) жан-
жақты теориялық тұрғыдан аша түсуге мүмкіндік береді.
Аталмыш мәселе бойынша теориялық еңбектер авторы В.А.
Маслова фразеологиялық мифологемаларға тілдік талдау жасай
келіп, “…человек только тогда становится человеком, когда он с
детства усваивает язык и вместе с ним культуру своего народа. Все
тонкости народа отражают в его языке, который специфичен и
уникален, так как по-разному фиксирует в себе мир и человека в
нем”, – деген пікір айтады [В.А. Маслова, 1999; 5 б.]. Адамзатқа
тиісті мағлұматтың көбі тіл арқылы беріліп, тіл арқылы
түсіндіріледі, адамның қоғамдағы орны, белсенділігі, жетістігі
тілді қаншалықты дәрежеде меңгергенімен, сөз құдіретін қалай
бағалай алғанымен тікелей байланысты.
Тіл құпиясы адамзат құпиясымен байланысты болғандықтан,
олардың сырын ашу, ғасырлар қойнауларындағы жұмбақтар
сырын ашуға жол ашады. Тіл – мифтердің сақталуының негізгі
қайнар сөзі болғандықтан, осы деректер тілдің бейнелі тіркестері,
халық мәдениеті мен менталитетінің қайнар бұлағы болып
табылатын аңыздар мен дәстүрлер уәждерін фразеологиздермен
байланысын талдау зерттеудің өзекті жағы болып табылмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |