Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет99/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
232 
жоқ, сондықтан да анимализм тілдік және мәдени стреотиптер мен 
поэтикалық бейнелердің ұғымдық көрінісінің жалғасы болып 
табылады. 
Жануарлар әлемімен байланысты туған культтік фраземалар 
мағынасының мифологиялық төркініне зер салу – тіл тарихының 
қатпарларына үңілуге мүмкіндік береді. Адамзаттың саналы 
ғұмырынан бергі кезеңде онымен біте қайнасып келе жатқан алуан 
түрлі 
мифтік 
дүниетаным 
қазыналарының 
фраземалар 
қойнауларында жатқаны белгілі. Тілде өмір шындығы, адамның 
өзін айнала қоршаған дүние туралы сан ғасырлар бойындағы 
таным түсінігі мен болмыс-бітімі мол жинақталған. 
Адамзаттың алғашқы қауымында, яғни әлем заңдылықтарын 
танып білудің балаң кезеңінде жалпы халықтың жинақталған қиял 
жемісі – миф пайда болған. Миф – ертедегі адамдардың не жайлы 
ойлағаны, неге сенгені, бір сөзбен айтқанда, әр нәрсені белгілі бір 
сезіммен қабылдауының бірден-бір көрінісі. “Мифте айтылған 
аңыздар мен шарттар, жабайылық емес, ол мәдениеттің басқа бір 
саласына енетін бір шындықтың саңлақтары” [Е.М. 
Мелетинский, 1979; 34 б.] болып табылады. 
Ежелгі архаикалық ұғымдар ойдың сөзбен берілген көрінісін 
мойындаған, сондықтан да тілдің көне құрылымы сол дәуірдің 
архаикалық дамуын бейнелейді. Фраземалар – ұлттық тілдің 
архаикалық формасы, ал мифологиялық фраземалар – 
фразеологияның ең көне түрі. 
Қазақ мифологиясы – бүгінгі қазақ халқын жасауға қатысқан 
бірнеше мыңжылдық көшпелі ру-тайпалардың “орташа” алынған 
сөздері, дүние-ғалам, өмір туралы түсініктерінің елесті 
танымдарының бірыңғай жүйесі. Қазақта айқын, мөлдір сипатты 
мифология жоқ. Ол ауыз әдебиеті мұраларының, жырлар мен 
дастандардың, әр түрлі шежіре аңыздардың, ертегілердің жұмбақ 
пен мақал-мәтелдердің, фразеологизмдердің астарында, сондай-
ақ қазақ тілінің сөздік қорының қойнауында жасырынып жатыр
[С. Қондыбаев, 1995; 17 б.].


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
233 
Қазақ тіліндегі фраземалар өзіндік мазмұны мен құрылымына 
қарай әр алуан болып келеді. Олардың көбісі халықтың тарихын, 
наным-сенімін, көзқарасын, дүниетанымын білдіреді. Осы 
ерекшеліктер фраземалардың бейнелі-реңктік негізін құрайды. 
Фраземалар – тілдің мазмұндық жағының сан ғасырлық дамуының 
нәтижесі, сондықтан олар бізді қоршаған нақтылықтың күрделі 
ұғым мен түсініктерді ең қысқа, ықшам пішінде, түсінікті, бейнелі 
және эмоционалды түрде бейнелеу қабілетіне ие. 
Алайда, фраземалардың бұл жалпы мінездемесі әр нақты жағдайда 
бейнелі-реңктік негізіне байланысты өз дифференциясын табады. 
Фраземалардың бейнелі-реңктік негізін халықтың әлеуметтік-
экономикалық өмірін, рухани әлемі мен материалдық мәдениетін, 
тұрмыс-салтын, діни-мифологиялық наным-сенімдерін білдіретін 
факторлар көрсетеді. 
Сол себепті фраземалардың пайда болуы мен жасалуына әр түрлі 
дәрежеде ықпал ететін экстралингвистикалық факторларды 
ұмытпаған жөн. Мысалы, егер Қиыр Солтістік пен Сібір түркі 
халықтары тілдерінің лексика- фразеологиялық категориялары 
бұғы шаруашылығының немесе тайгадағы аңшылық кәсібінің 
ерекшеліктерін бейнелесе, ал Орта Азия халықтарында мақта 
шаруашылығы, Поволжье халықтарында балық аулау кәсібінің, ал 
қазақтарда мал шаруашылығының ерекшеліктерін көрсетеді. 
Мұның бәрі үй жануарларын өсіру мен күту, көлік, күнкөріс 
есебінде пайдалану, сол сияқты киім мен үй жабдықтарын жасау 
шикізаты ретінде пайдаланудың сан ғасырлық тәжірибесі тілде 
көрініс таппауы мүмкін емес еді. Қазақтардың көшпелі 
тұрмысының бұл ерекшеліктері, ең алдымен, фраземаларда орын 
алады. 
Негізгі өмірі мал шаруашылығымен тікелей байланысты болған 
қазақ халқы үшін төрт түлік малдың орны ерекше. Қазақта түйе, 
жылқы, қой, сиыр малын қосып төрт түлік деп атайды. Ертеде 
дәулетті, ауқатты адамды төрт түлігі сай екен дегеніне қарағанда, 
байлық мал санымен есептелген болу керек. Төрт түлікті жеке-
жеке атағанда түйе малы, жылқы малы, қой малы (ешкі малы), 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет