Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
222
прямом значении обозначают положение частей тела, различное
состояние или действия органов тела. Употребление их в
переносном значении, когда они начали обозначать психическое
состояние,
способности
человека
и
др.,
привело
в
фразеологизации всего словосочетания” [З.Г. Ураксин, 1975; 158
б.].
Фразеологизмдердегі бірінші компонент көбінесе фраза жасаушы
ұйытқы сөз болып табылады, бірақ бұл негізгі шарт болып
табылмауы керек. Тілдегі кез келген сөз фраземажасамда ұйытқы
компонент бола алмайды. Тек халықтың санасында, тілінде ұзақ
жасасып келген, байырғы сөздік қордағы лексемалар ғана
ұйытқылық қызмет атқара алды.
Фразеологиялық қордың басым көпшілігі болып саналатын
анатомиялық атаулар мен дене мүшелері арқылы жасалған
фраземалардың саны түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде
аз емес. Соматикалық атаулар арқылы жасалған фраземалар көне
түркі ескерткіштерінде де көптеп саналады.
Кез келген тілдің лексикалық қорындағы соматизмдердің алатын
орны ерекше ескерсек, бұл лексеманың өте көне қабатқа
жататынына көз жеткізуге болады. Көне түркі ескерткіштер
тілінде кездесетін соматикалық фраземалардың қазіргі түркі
тілдерінің көбіне ортақ екенін дәлелдеу қиынға соқпады. Мысалы:
kozga tagin [Древнетюрский словарь, 1961; 320 б.]. Қазақ тілінде
көзге түсу, ұйғыр тілінде көзгә чүшмәк, өзбек тілінде кузга
ташланбақ, қырғыз тілінде кузга ташланыу, татар тілінде козга
ташланту; til bekut “үндемеу” [Древнетюрский словарь, 1961; 560
б.], қазақ тілінде тіл байлану, ұйғыр тілінде тили тутулмақ, өзбек
тілінде тили тиймақ, түрік тілінде дилини тутмақ, татар тілінде тел
саклау, қырғыз тілінде тел сақтау және т.б.
Сонымен
қатар
көне
түркі
тіліндегі
соматикалық
фразеологизмдердің бірінші есім компоненті басқа түркі
тілдерінде өзгерген, ал етістік компоненті сақталған фраземалар да
кездеседі. Мысалы, til ас “сөйлеуді бастау” [Древнетюрский
словарь, 1961; 559 б.], қазақ тілінде ашылу, ұйғыр тілінде ағзи
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
223
ечилиақ, өзбек тілінде ағиз ачмақ және т.б. Фактілер көрсетіп
тұрғандай, көне түркі тіліндегі тіл лексемасын қазіргі түркі
тілдерінде ауыз сөзі алмастырған. Бір қызығы, көне түркілік
вариантын қазіргі татар тілі сақтаған. Мәселен, татар тіліндегі
“сөйлеп кету, сөзді бастау және аузы ашылу” мағыналарында тил
ач фраземасы қолданылады.
Ал көне түркі тіліндегі bogus tog [Древнетюрский словарь, 1961;
110 б.] фраземасы қазіргі түркі тілдерінде төмендегідей формада
қолданылады: қазақ тілінде қарны тоқ, ұйғыр тілінде қосиғи тоқ,
түрік тілінде карин тоқ, қырғыз тілінде қарын тоқ және т.б.
Мысалдар көрсетіп тұрғандай, көне түркі тіліндегі bogus
“жұтқыншақ” сөзі қазіргі түркі тілдерінде қарын, қосақ
лексемаларымен алмасқан. Айта кететін тағы бір факт мұндағы
есім компонент фраземаға факультативтік, қосалқы мағына
жүктеп тұр. Негізгі фразеологиялық мағына етіс компонент
бойында. Салыстырыңыз, қазақ тілінде: қарным тоқ, ұйғыр
тілінде: қосақ тоқ =Менің қарным тоқ ~ Мениң қосуғим тоқ; Мен
тойдым ~ Мән тоқ және т.б.;
Қазақ тіл білімінде соматикалық фраземалардың варианттылық
сипаты1, олардың ұлттық-мәдени ерекшеліктері2, соматикалық
фраземалардың процессуалдық мағыналары мен етістіктерімен
тіркесімділік қасиеттері және олардың этнолингвистикалық
сипаты3, типологиялық құрылымы әр түрлі тілдердегі
соматикалық
тіркестерді
қазақ
тілімен
салғастырмалы-
типологиялық тұрғыдан зерттеген4 еңбектер саны аз емес.
Тіл дамуының ерте сатысының өзінде таныс сөздер (лексемалар)
негізінде
жаңа
комбинациялар
жасау,
жаңа
тіркестер
қалыптастыру үрдісі болған. Осы таныс комбинацияларға
соматикалық атауларды жатқызуға болады. Себебі адам қашан да
когнитивтік үрдісті өзін-өзі танудан, байқаудан бастайтыны анық.
Адамға етене таныс, жақын атаулар – өзінің дене мүшелері.
Дене мүшелері ұйытқы болған, фраземалар құрамындағы басқа
компоненттерге “басшылық” етіп, ықпал жасап тұратын тілдік
қорда сақталған кейбір соматикалық фраземалардың ішкі
|