Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
226
Адам – табиғаттың жаратқан күрделі де, айрықша феномені. Жер
бетіндегі қоғамдық өмірдің негізгі тұлғасы бола тұра, адам өз
өмірінде небір ғаламат күйлерді басынан кешіріп, өзінің табиғи
қасиетіне орай жан-дүниесімен тебірене сезіне алады. Адам
басынан түрлі оқиғаларды өткізеді: олар қуанады, сүйсінеді,
күледі, шаттанады, рахаттанады, сонымен қатар ренжиді,
ашуланады, ашынады, күйінеді, сүйінеді, алданады, алдайды,
біреуді немесе бір нәрсені ерекше жақсы көреді, жек көреді,
түңіледі, бір нәрсеге қызығады, әуестенеді, құмартады немесе
жиіркенеді. Адам бойындағы қасиеттер алуан түрлі. Осы
қасиеттердің басым көпшілігі қазақ тілінде соматикалық
фраземалардан мол көрініс табатынына көзіміз жетті.
Мысалы: ана тіл, қызыл тіл, ащщы тіл, жүйрік тіл, майда тіл,
шешен тіл немесе тіл жеткісіз, тіл қайыру, тіл қату, тіл сіндіру, тіл
тигізу және т.б.
Қазақ тілінде фраземалардың ұлттық-мәдени аспектілеріне
синонимдік қатарлар тұрғысынан зерттеген профессор Г.Н.
Смағұлова мағыналас қатарлардың топтарын антропоцентристік
және тілдегі адамдық фактор тұрғысынан семантикалық өрістерге
жіктеп, мынандай пікір айтады: “Адам бойындағы сезім
саласындағы айырмашылықтар түрліше. Тұрмыс жағдайы, білім
деңгейі, жас мөлшері, қоршаған орта әсері де ықпалын тигізеді.
Қалыпты, күнде көріп жүрген, болып жатқан дүние құбылыстарын
әркім әр түрлі қабылдайды, бағалайды” [Г.Н. Смағұлова, 1998; 56
б.].
Одан әрі фраземаларды адамның жағымды-жағымсыз қимыл
әрекеті, сезім әрекеті, сезім жағдайы немесе жоғары эмоциялық
фраземалар, адамның физикалық қалпы, сөйлеу дағдысы, жеке
басына тән қасиеттері, қоғамдық-әлеуметтік жағдайы, түр-әлпеті
және т.б. семантикалық топтарға бөледі [Г.Н. Смағұлова, 1998; 57-
58 бб.]. Көріп тұрғанымыздай фраземалардың басым көпшілігі
адаммен, оның сезімдерімен, қасиеттерімен байланысты пайда
болған. Осы типтес фраземаларды жасауға негіз болған
фраземалардың көпшілігі соматикалық үлесіне тиеді.
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
227
Ауыз – адамның, жан-жануардың тамақ қабылдайтын мүшесі
[Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 1974-1986; 476 б.]. Ауыз
соматизмі ұйытқы болған алдау-алдану мағынасында жұмсалатын
фраземалар: ақ ауыз қылу-болу, аузы аппақ болу, аузын күн
шығысқа қарату, аузы күн шығысқа қарап қалу, аузын аңқайту,
аузы аңқиып қалу және т.б.
Мысалдарды жалғастырсақ: ақ акыз, ала ауыз, алты ауыз, дорба
ауыз, көк ауыз, сары ауыз немесе ауыз жаласу, ауыз жаппау, ауыз
су, ауыз үйіру, ауыз баққыш, ауыз толтырарлық және т.б.
Бас соматизмі VІІІ ғасырдағы көне түркі ескерткіштерінде, көне
ұйғыр, қыпшақ және оғыз ескерткіштерінде, қазіргі түркі
тілдерінің барлығында дерлік – baš, хакас тілінде – pas, чуваш
тілінде – pus кездеседі. Қазақ тілінде бастың түрін анықтайтын
домалақ бас, сопақ бас, таз бас, қауын бас т.б. тіркестер бар. І.
Кеңесбаевтың “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде” 169
фразема берілген. Мысалы: жалаң бас, жалғыз бас, жел бас,
қарақан бас, қызба бас,қу бас, шүйке бас немесе бас айналу, бас
алу, бас араздық, бас аман болу, бас аманда, бас ауырту, бас
ауыртты, бас байлады, бас бұзар және т.б.
Бет – бастың алдыңғы жағы, жүз [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі,
1974-1986; 282]. Бет – адамның мінез-құлқын, қабілетін және т.б.
жақсы-жаман қасиеттерін көрсететін негізгі мүше. Бет – жеке
индивит өмірінде қайталанбас өзіндік эталон, тіпті бір құрсақтан
шыққан қос тамшыдай егіздерді туған анасы бетіне қарап ажырата
алады екен. Бір беттің екінші бетке ұқсамайтынын анықтайтын
тіркестер тілде баршылық.
Бетке мұндай сипаттарды, әдетте, бір көргенде “баға” ретінде
берген. Бір қызығы қазақ тілі мен ұйғыр тіліндегі бет-жүз
фраземаларын салыстырғанда, қазақ тілінің фраземаларының
көпшілігі бет соматизмімен келсе, ұйғыр тілінде жүз (йүз)
соматикалық фраземалары саны жағынан басым болып шықты.
Мысалы: беті қалың ‹ үзи қелин, бетке басты ‹ үзигә салмақ, бетіне
айтты ‹ үзигә әтмақ және т.б. Мысалдарды жалғасытсақ: айран бет,
ақша бет, ботқа бет, бүйрек бет, қара бет, қушық бет, сұр бет,
|