Сыпайы жіктеу
жекеше:
көпше:
І жақ
біз келдік
біздер келдік
ІІ жақ
сіз келдіңіз
сіздер келдіңіздер
ІІІ жақ
ол кісі келді
ол кісілер келді
Яғни анайы түр де, сыпайы түр де 3 жақ толық. Парадигма
толық. Етістіктер де соған сәйкес жіктелуі керек. «Бозжігіт»
дастанынан мысал келтіретін болсақ:
Хан ием, алдыңызда арыз қылдық,
Айыпты мойынға алып, қарсы жүрдік.
Қылышың қолыңызда, біз алдыңда,
Ерік сізде не десеңіз, мойын сұндық («Қисса-дастандар»).
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
281
Бұл жердегі арыз қылдық, қарсы жүрдік, мойын сұндық етістіктері
– көптік тұлғадағы емес, жекеше тұлға, сыпайы түрдегі етістіктер.
Етістіктің көпше түрі ертеректе -лар/-лер тұлғалы болған. Уақыт
өте келе үнемдеу ұстанымына сәйкес ол көрсеткіш түсіп қалған.
Сонда жендет кісенді байладылар,
Өлтіруге орнын сайладылар,
Төңірегіне қараса бәрі дұшпан,
Ғаріп жанын алуға қинадылар («Қисса-дастандар»).
Осылай сырлап болып берді хабар,
Үйді көре болған соң келділер.
Бірінен-бірі артық сырланғанын,
Баршасы тамаша етіп көрділер.
Ақыры патша болды жалғыз ұғылы,
Шат болды баршасының тегіс көңілі.
Молданың себебімен һәм қарияның
Ақылыменен таптылар олар мұны.
Шаһзада қырық құл, қырық күң бәріменен,
Сексен нар, алтын-күміс жасауларыменен,
Ойын-күлкі, сауықтың бәрін көріп,
Көңілінің келеділер нәріменен.
Падиша бұл сөзімен келді үйіне,
Бір қиял түсіп мұның және ойына.
Халқын жинап падиша той қылады,
Келділер көп халайық бұл тойына.
Мұндай қолданыс қазіргі кезде татар тілі, түрік тілі, әзірбайжан
тілі, т.с.с. туыстас тілдерде сақталып қалған.
Жіктеу есімдіктері адамға қатысты қолданылатындықтан
(персонификация жағдайында ғана ауытқулар болады), әу баста
жіктеу есімдіктері адамға ғана тән сөздерге жалғанғанын
байқаймыз. Жіктеу есімдіктері жіктік жалғауына ғана емес,
тәуелдік жалғауларына да негіз болған. Алайда уақыт өте келе
қосымша мүлде түсіп қалған. Қазіргі кезде ІІІ жақ нөлдік тұлғада
келеді: мен студентпін, сен студентсің, ол – студент.
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
282
Мен, сен жіктеу есімдіктері сөйлемнің соңында келіп, оған қаратпа
мәнді -а қосымшасы үстелуінің нәтижесінде мана, сана тұлғалары
пайда болған. А.Байтұрсынұлы мұндай тұлғалар ( барсана,
тұрсана, жүрсана, қойсана, кетсана) өтініш мәнін білдіретінін
айта келіп, оны ызалы райға жатқызады. Ғалым бұл тұлғаның
қолданыстан ығысып бара жатқанын, негізінен бұрынғы
ертегілерде кездесетінін ескертеді [1].
Бүгінде тілдік қолданыстан шығып қалған мана, сана тұлғалары
ауыз әдебиет үлгілерінде – «Алтын сақа», «Қара батыр»
ертегілерінде, т.с.с. кездеседі. Мысалы:
Бала қарғаға айтты:
– Қарғалар-ау, қарғалар, қанды көрсе жорғалар, тұмарымды ал
Достарыңызбен бөлісу: |