Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
283
Академик Р.Сыздықова «Едіге» жырынан:
Ай, Едіге сен енді қайт сана,
Қайтып Еділ өт сана.
Еңсесі биік боз орда –
Еңкейіп сәлем бер сана …
Хан сарқытын іш сана …
Үстіңе ала қара кіс
Тон береді, ки сана …-
сияқты өлең жолдарын мысалға келтіре отырып, өлең
жолдарындағы
сана деген сөзді
сен-а дегеннің қазақшаланған
тұлғасы ретінде сипаттайды.
М.Томанов, Ғ.Мұсабаев, Е.Жұбанов, С.Исаев, Р.Сыздықова
сынды ғалымдар
сана тұлғасын «көптеген түркі тілдерінен, тіпті
олардың поэтикалық дүниелері тілінен ығысқан «көненің көзі»
ретінде таниды.
Бұл орайда сана тұлғасының этимологиясын
тануда ғалымдар екіге жіктеледі: М.Томанов, Ә.Ибатов т.б.
ғалымдар
сана формасын
сана етістігімен түбірлес
екенін айта
келіп,
оны
көне
түркілік
са
түбірінен
өрбігенін
(са>сан>са>н>сан>са), сана етістігі бұйрық райдың -
а жұрнағы
арқылы жасалғанын айтады [12]. Ал академик Рәбиға Сыздық
сана, мана тұлғаларының
мен,сен есімдіктерінің -
а формантының
ықпалымен өзгеріске түскен түрі ретінде сипаттай келіп, бұл
тұлғаның Ясауи «Хикметтерінің» тілінде жиі кездесетінін айтады
(
андын соңра дәрйа болұб таштұм мән-а (47 б, 1-2);
һич ұхламай
дидарыны көрдүм мән-а (47 б, 11,12). Тек
мән емес,
сән есімдігі де
Достарыңызбен бөлісу: