Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
278
сыпайылық жөн бірдей айтылады деп түсінген. Ал І.Кеңесбаев,
Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев еңбектерінен бастап тәуелдеу оңаша,
ортақ түрге сараланғанмен, сыпайылық жөн ІІ жақпен ғана
шектеледі. Бұл кейінгі еңбектерде де сабақтастық тауып, мектеп
оқулықтарында, «Қазақ тілінің грамматикасында», А.Ысқақов
«Қазіргі қазақ тілі», С.Исаев «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің
грамматикалық сипаты» т.б. еңбектерде жіктеу мен тәуелдеудің
сыпайылық жөні ІІ жаққа байланысты ғана түсіндіріледі. Жіктеуді
анайы және сыпайы түрге сараламаудың нәтижесінде аталған
еңбектерде І жақ анайы жіктеудің көпше түрі мен осы жақтағы
сыпайы жіктеудің жекеше түрінің орындары ауысып кеткен.
Тәуелдік, жіктік жалғауларының сыпайы түрі тек ІІ жақпен ғана
шектелмейтінін тіл фактілері де көрсетіп отыр. Ресми стильде
мен
орнына
біз қолданылады. Қазақтардың сәлемдесу әдебі бойынша,
жалғыз адам болса да, үлкен кісіге «Сәлем бердік!» деп
амандасады. Яғни, сыпайылық сақтап, етістікті сыпайы тұлғада
(
Сәлем бердім емес,
Сәлем бердік) қолданады. Келін сәлем салған
кезде де дауыстап: «Сәлем бердік!» – дейді. Бұл орайда сәлем
беретін – бірнеше адам емес, бір адам. Бұл қолданыс
сыпайылықты білдіреді. Ендеше, тілдік қолданысымыздағы бар
дүние ғылыми парадигмада да өз орнын алуы тиіс. Тіл – тұтас
жүйе болғандықтан, оның әрбір мүшесі сол жүйеге
бағынып
тұрады. Сондықтан анайылық жөннің үш жақта көрінетіні сияқты,
сыпайылық жөн де осы үлгімен берілуі қажет.
Морфологияға
идиоэтникалық сипат тән болғандықтан,
морфологиялық жүйе тілдің өзіндік ерекшелігін танытады.
Грамматика
менталдылыққа әсер етіп отырады. Қазақ әдебінде
әке-шешесіне, ата-әжесіне қатысты сен есімдігі қолданылмайды.
Алайда қазіргі кезде морфологиядағы ментальділік, яғни тілдің
ұлттық тілге қатысына жөнді мән берілмеуіне байланысты үлкен
кісілерге сен деп сөйлеу жалпы сипат алып барады. «Мұның не?
Неге үлкен кісіге сен дейсің? Неге сіз демейсің?» деп
сұрағанымызда: «Әке-шешем, ата-әжем т.б. – маған жақын
адамдар, мен оларды жек көргеннен емес, өзіме жақын тартқаннан
сен деп айтамын. Сіз деген алыстатады, жат етеді», – деген сылтау
айтады. Шын мәнінде, бұл – орыс тілінің, орыс мәдениетінің
ықпалы. Орыс халқында
жақын адамына қатысты сен есімдігін
қолдану, сыпайы түрде емес, анайы түрдегі тұлғаларды қолдану,
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
279
жақын тартқан адамына асбөлмеде шай беру т.с.с. қалыптасқан
дәстүр бар. Алайда қазақта сыйласқан адамына, жасы үлкен кісіге
қатысты, тіпті ғашығына, сүйген жарына, қарындасына, інісіне,
дос-құрбысына қатысты да
сіз есімдігі, сыпайы түр қолданылады.
Дәйек ретінде қисса-дастандардан мысал келтірсек:
Бүгіннен соң, жан досым,
Енді сізді көрмек жоқ,
Бұрынғыдай бірігіп,
Енді бірге жүрмек жоқ («Қисса-дастандар»).
Сізді мұнда жаратты,
Бізді онда жаратты,
Біраз зарлап жүрсін деп,
Арада дария жаратты («Қисса-дастандар»).
Ғаріп басы кесілсе,
Сіздің үшін кесілер,
Кеудеден жаны үзілсе,
Сіздің үшін үзілер («Қисса-дастандар»).
Бар екен күндер бізге бүйтіп жүрер,
Ешкім жоқ зарлансам да халім білер.
Асырап ер жеткізген әке-шешем,
Болар ма тағы сізді бір күн көрер («Қисса-дастандар»).
Бұл жерден сіз қайтыңыз!
Жұртқа сәлем айтыңыз!
Жалғызыңның сөзі деп
Бізден сәлем айтыңыз! («Қисса-дастандар»).
Деді абыз: – Бір Алладан білдім ізді,
Түсімде үш күн бұрын көрдім сізді,
Қарныңыз, сірә, сіздің ашқан шығар,
Дәм қойып сыйламақпын өзіңізді («Қисса-дастандар»).
Бозжігіт сонда таң боп қапты, – дейді,
Кім келіп, хабар беріп қайтты, – дейді.
Ешкімге жолыққаным жоқ еді ғой,
Кім сізге бұл хабарды айтты, – дейді («Қисса-дастандар»).
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
280
Бұл – алыстату,
жат санаудың белгісі емес, керісінше, ерекше
құрмет, сыйластықтың нышаны. Сол себепті М.Балақаевтың:
«Тілде әрбір халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің,
мінез-құлқының нысаналары сақталады. Халықтың сондай
ерекшеліктері, мәдениеті, әдет-ғұрпы, әдеби мұралары, оның
психикалық қалпы тіл арқылы
ұрпақтан ұрпаққа ауысып
отырады», – деген сөзін толық қуаттаймыз [11, 14-б.]. Тіл –
сөйлеушінің дүниетаным ерекшеліктерін бейнелейтін құрал,
ерекше ұлттық ділдің көрсеткіші, мәдениеттің негізі. Қазақ
тіліндегі жіктеу есімдіктерінің анайы және сыпайы түрге жіктелуі
басқа тілдерге ұқсамайды. Қазіргі кезде жіктеу есімдіктері
мен,
сен, ол, біз, сендер, олар түрінде келеді де сыпайы түр 2-жақпен
ғана шектеледі:
сіз, сіздер.
Грамматикаларда жіктеу есімдіктері қате берілгендіктен, жіктеу
парадигмасы (қатары) да қате беріліп жүр. Төменде
А.Байтұрсынұлының жіктеу үлгісі берілді.
Қазақ тіліндегі анайы және сыпайы түрдегі жіктеу үлгісі
Анайы жіктеу
жекеше:
көпше:
І жақ
мен келдім
—
ІІ жақ
сен келдің
сендер келдіңдер
ІІІ жақ
ол
келді
олар келді
Достарыңызбен бөлісу: