Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
124
ұшырасады. Жалпы алғанда, дауысты сыңары элизияға ұшыраған
түбіртек сарқыншақтары немесе жартыкеш түбіртектер көп.
Дауысты дыбысын немесе дауыссыз дыбысын жоғалтқан
жартыкеш түбіртектер сөз басында да, сөз ортасында да, сөз
аяғында да жиі ұшырасады.
4) Тарихи даму барысында түбіртек екіге жарылады да, дауысты
сыңары
бұрынғыша
лексикалық
немесе
грамматикалық
мағынасын сақтап, түбіртектің қызметін атқара береді. Ал
дауыссыз сыңары өлі элементке айналып, келесі түбіртекке
жылысып кетеді. Мұны мына мысалдан анық байқауға болады.
Орхон-енисей ескерткіштері тілінде тәуелдік жалғауының толық
формасы – ын/-ін. Қазіргі тілдерде –ы мен –і. Яғни –ын/-ін екіге
жарылған: -ы+н/і+н. Енді орхон-енисей
ескерткіштерінде көп
ұшырасатын қаған сөзін тәуелдік жалғауының үшінші жағында
көнеше және жаңаша септеп көрелік. Көнеше:
А. қаған+ын үчүн
І. қаған+ын+ын
Б. қаған+ын+қа
Т. қаған+ын
Ж. қаған+ын+та
Ш. қаған+ын+тан
К. қаған+ын бирлан
Кестеден байқалатынындай, тәуелдік жалғауының үшінші
жағы атау септігі мен көмектес септігінде шылаулармен
тіркескенде
ғана толық формасын, грамматикалық мағынасын
сақтайды. Шылаулармен тіркеспеген жағдайда сол кездің өзінде-
ақ атау септігі үшінші жақта ы формасында тәуелденіп, соңғы н
дыбысын жоғалтып алған. Енді осы сөздің жаңаша септелуіне
назар аударалық.
А. қаған+ы
І. қаған+ы+ның
Б. қаған+ы+на