Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
114
ілімі» деген терминдік мағынада әлемдік лингвистиканың жаңа да
тың саласының атауы болып шығады. Силлабологияның негізгі
нысаны (обьектісі) – жоғарыда атап өткеніміздей,- архесиллаб
(түбіртек). Архесиллаб фонемадан үлкен, морфемадан кіші тілдік
бөлшек.
Осыған орай, силлабология фонология мен мен
морфология ілімдерінің аралығынан орын алады. Ілім ретінде
тізбектесек, - фонология, СИЛЛАБОЛОГИЯ, морфология,
лексикология,
фразеология, диалектология, семасиология т.б.
Силлабология ілімінің негізін қалаушы профессор, филология
ғылымдарының докторы Б. Сағындықұлы қазір «Силлабология
негіздері» деп аталатын монографиясын жазу үстінде. Бұл еңбек
қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде баспадан жарық көрген жағдайда
архесиллаб ұғымы екінің біріне түсінікті болады. Жаңа ілімнің
ілгері дамуына әлемдегі ірі-ірі лингвистердің ат салысатындығына
ешқандай күмәніміз жоқ.
Түбіртектерді (архесиллабтарды) сөз құрамынан айырып-
ажыратуда, олардың ежелгі бітім-пішінін
анықтауда кездесетін
кедергілер өте көп. Әсіресе, үнемдеу, сіңісу,жылысу, ығысу,
метатеза, флекция құбылыстары сияқты сан алуан тілдік
факторлар белгілібір сөздің, грамматикалық тұлғалардың әдепкі
формаларын адам танығысыздай етіп өзгертіп жібереді. Жаңалық
авторы өзгерістерді бұрынғы қалпына қалай келтіруге
болатындығын 2011 жылы «Қазақ университеті» баспасы
шығарған «Қазақ тілі тарихы» атты
монографиялық еңбегінде
әлденеше әдістер мен тәсілдер негізінде тәптіштеп толық
түсіндіреді. Біз ғалымның ғылыми жаңалықтарының бір бөлегін
ғана әңгіме еттік. Зерттеушінің барлық еңбегімен танысқан кез
келген тілші-маман олардың қай-қайсысының да жаңалыққа толы
екендігін байқай алады.
Б.Сағындықұлы орта ғасырлық жазба мұраларды, тіл тарихын
індете зерттеудің тұтас әдіснамалық негізін қалыптастырды.
Жүздеген ғалым шәкірт тәрбиеледі. Түрколог-ғалымның ғылыми
мектебінің
тамыры терең, болашағы зор. Аға ғалымға зор
денсаулық тілей отырып, шәкірттеріңізбен мың жасаңыз дегіміз
келеді.