Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
128
Байырғы лексикалық мағынасы толық ашылып, уәжі айқындалған
алқа-қотан қос сөзі алғашқы қауымдық қоғамды еске түсіреді.
Алғашқы қауым адамдары күндізгі ауыр бейнеттен кейін кешкілік
лаулатып от жағып,
айнала дөңгелене отырып, әңгіме-дүкен
құрған. Көңіл көтерген. Тарихқа белгісіз сол бір аса ежелгі
заманнан естелік ретінде халық жадында сақталып қалған кәрі сөз.
Талданып отырған сөздің фоно-морфо-семантикалық өзгерістері
қандай-қандай ішкі және сыртқы факторлардың негізінде жүзеге
асқан? 1) Ең соңғы түбіртек – ан – есімдер мен етістіктерден, ара-
тұра өзге сөз таптарынан да есім жасайтын көне жұрнақ. От –
қимыл-қозғалысқа түсетін зат. Оған –ан жұрнағы қосылғанда ғана
материалданады, заттық сипат алады, оттың жанып жатқан кезі
ойша топшыланады. Аталған қос
сөздің алғашқы мағыналық
мазмұны қолданыстан шығып, уәжі ұмытылғаннан кейін жұрнақ
түбірге сіңіскен. Мұны сіңісу құбылысының жемісі дейміз. 2)
Лексика-семантикалық мағынасы жойылғаннан кейін ақ түбіртегі
екіге жарылған: а сыңары алдындағы түбіртекке сіңіссе, қ сыңары
кейінгі түбіртекке сіңіскен. Түбіртек тарихында мұндай жағдай
жиі ұшырасады. Мысалы, тәуелдік жалғауының үшінші жағы,
толық формасы –ын екіге жарылғанда алғашқы бөлегі – ы тәуелдік
жалғауы үшінші жағының міндетін одан әрі атқара берген де,
екінші бөлегі н септік жалғауларының құрамына жылысқан
(Жоғарыда айтылды. Б.С.). Бұл жерде де үнемдеу,
сіңісу
құбылыстарының ықпалы байқалады. 4) Тарихи даму барысында
ар түбіртегі ал түбіртегіне айналған. Мұны көненің жаңаланған ізі
деп бағалаймыз. 5) Ең соңында «дөңгелек» деген ұғым беретін ша
түбіртегі элизияға ұшырап, айтылмайтын болған. 6) Сыртқы
факторлардың әсерінен «лаулап жанған оттың айналасында» деген
ұғым-түсінік мүлдем жойылып, халық санасынан шығып кеткен.
Күрделі бір сөздің бойынан табылған өзгерістердің қыр-сыры,
міне, осындай. Мұны «кейбір түбіртектердің (а+қ)
дауысты
сыңары да, дауыссыз сыңары да өлі элементке айналып, алғашқы
сыңары алдыңғы түбіртекке, екінші сыңары өзінен кейінгі
түбіртекке жылысып, әбден сіңісіп кетеді» деген тұжырымға
мысал ретінде келтіріп отырмыз.
6) Кейбір түбіртектер сөздің басында немесе соңында үнемдеу
заңының ықпалына ұшырап, мүлдем жойылып кетеді. Алайда
оларды
сөздің мағыналық мазмұнына, заттың, нәрсенің табиғи