Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет62/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
139 
Кез келген дауысты, дауыссыз дыбыстың шыққан тегі, арғы тегі, 
түпкі тегі болады. Олардың барлығы монографиялық еңбегімізде 
ғылыми жолмен толық анықталған болатын (5, 106 с.). Мысалға д 
ұяң дауыссызының шыққан тегін қалай білуге болады? тізе~дізе, 
тұз~дұз сияқты фонетикалық варианттар т~д сәйкестігін түзеді. 
Бұл сөздер дыбыстық жағынан вариантталғанымен лексикалық 
мағыналары тепе-тең. Демек, бұл екі варианттың біреуі ерте, 
біреуі кеш пайда болған. Жоғарыда құрамында жіңішке 
дауыстылары бар барлық сөздің құрамында жуан дауыстылары 
бар архетиптен шыққандығын айтып өткен едік. Жуан дауыстылар 
тарихқа белгісіз ежелгі дәуірлерде бірыңғай қатаңдармен ғана 
тіркескен. Ұяң дауыссыздар мүлде болмаған. Олай болса, д 
ұяңының шыққан тегі – қатаң т. Бірақ т қатаң дауыссызының да 
шыққан тегін білуге тура келеді. Бұл жолы сычқан~тышқан, 
саяз~таяз, соғым~тоғум (скот, предназначенный на убой) (ДТС, 
571) сияқты параллельдер көмекке келеді. Не себепті, с мен т 
дыбыстарына вариантталса да, бұл сөздер бір ғана лексикалық 
мағына береді? Әрі с мен т гомогенді емес, т мен д сияқты кез 
келген позицияда бірін-бірі алмастыра алмайды. Тіл тарихы жаңа 
фонемаларға қарағанда көне фонемалардың, аффрикаттардың 
күрделірек екендігін біледі. ц(тс) аффрикатының құрамына назар 
аударсақ, т және с дыбыстарының бір-біріне сіңісіп кеткенін 
байқаймыз. Жоғарыдағы параллельдер тс аффрикатының ыдырап, 
екіге жарылуынан пайда болғандығын мегзеп тұр: т~с. 
Бұл процестің қалай жүзеге асқандығын білу үшін тс(ц) 
аффрикатының даму тарихына үңілуге тура келеді. Ең алдымен тс 
(ц) аффрикатының екінші жапсары тарихи даму барысында 
редукцияға 
ұшырап 
әлсіреген. 
Бірте-бірте 
протезалық, 
эпентезалық, эпитезалық сына дыбыс һ-ге өз орнын берген. Даму 
кестесі: тс>тсһ>тсһ>тоһ>тһ. Аффрикат құрамындағы екінші 
элемент әлсірейді де, сол әлсізденген с-нің олқы жерін һ сынасы 
толтыра бастайды. Әлсіз с мүлдем элизияға ұшырағаннан кейін, тһ 
дыбыс тіркестері пайда болады. Әр территориялық аймақтың, әр 
тайпа одақтары тілінің даму жолдары, қалыптасу заңдылықтары 
әр түрлі болады. Бір бөлегі тс(ц) аффрикатын сақтаса, екінші бір 
бөлегі тһ дыбыс тіркестерін пайдаланды. Кейінірек тһ дыбыс 
тіркестері де өзгеріске ұшырайды. Һ элизияға ұшырап жойылып 
кетеді: 
тһ>тһо>тһø>тоø>тø>т. 
Аффрикаттарды 
дауыстап 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
140 
айтқанымызда т дыбысы таңдайға жабысып қалады. Аффрикат 
құрамынан босанған т таңдайға жабыспай жуысыңқы айтылады. 
Сөйтіп, жабысыңқы т-дан жуысыңқы т тілдік өмірге келеді. 
Енді сычқан~тышқан, саяз~таяз, соғым~тоқум параллельдеріне 
қайта оралалық. Талдаулар негізінде т қатаң дауыссызының 
шыққан тегі тс(ц) аффрикаты екендігін білеміз. Ал с дауыссызы 
тс(ц) аффрикатының алғашқы жапсары т элизияға ұшырағаннан 
кейін ғана дербес фонемаға айналған. Оның шыққан тегі де – тс(ц). 
Бүкіл аффрикаттардың алғашқы жапсарының жойылуы т 
фонемасы қалыптасқаннан соң мыңдаған жылдардан кейін жүзеге 
асқан. Демек, тс(ц)~тһ~т сәйкестіктері ұзақ жылдар бойы қатар 
өмір сүрген.
Математикада, нақтырақ айтқанда, алгебрада белгісіз сандарды 
белгілі сандар арқылы табатын тәсілдер бар. х+5=12 элементар 
теңдеуі біздің архетип табу ізденістерімізге көмектесе алады. 
х=12-5=7 есептің дұрыс-бұрыстығын тексеру үшін х=тің орнына 7 
санын қоямыз: 7+5=12. Дәл осы тәсілді түпкі текті анықтауға да 
қолдануға болады. т фонемасының шыққан тегі – тһ дыбыс тіркесі, 
арғы тегі – тс(ц) аффрикаты, с фонемасының шыққан тегі – тс(ц) 
аффрикаты.
Енді математикалық логикаға сүйеніп, даму кезеңдерін кестеге 
түсірейік.
І. ц(ычқан)~ц(ышқан), ц(аяз)~ц(аяз), ц(оғым)~ц(оқум) 
ІІ. ц(ычқан)~тһ(ышқан), ц(аяз)~тһ(аяз), ц(оғым)~тһ(оқум) 
ІІІ. ц(ычқан)~тышқан, ц(аяз)~таяз, ц(оғым)~тоқум 
ІV. сычқан~тышқан, саяз~таяз, соғым~тоқум. 
Осылайша тс(ц)~тһ~т және тс(ц)~с сәйкестіктері тілдік өмірге 
келген. Даму кестесіне назар аударсақ, тс(ц) аффрикаты бірден 
екіге жарылып, т мен с фонемаларына айнала салмайды екен. Әр 
түрлі кезеңдерді артқа салып барып, сәйкестік түзетінін 
пайымдауға болады. Мына алмасуларды бір-біріне тең деп 
есептейміз: тс(ц)=тһ, тс(ц)=с, тһ=т, тс(ц)=тһ=т. Даму бағыттары: 
ц>тһ, ц>тһ>т, ц>с. Қалпына келтіру бағыты: т<тһ<ц; с<ц. 
Математикалық логика талабына орай, тепе-тең элементтерді 
қажетіне қарай бір-біріне алмастырып, алғашқы форманы табуға 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет