Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет70/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
159 
көшуінің жолдарын, омонимдік дәрежеге жету жолдарын 
анықтаған. 
Сол сияқты осы кездерде Ж.Отарбекова /27/, З.Умирзақова /28/, 
Г.Мамаева /29/ және т.б. зерттеушілердің ғылыми жұмыстары да 
қорғалды. Ж.Отарбекованың диссертациялық жұмысының 
негізіне орта ғасырлық түркі жазба мәдениетінің тамаша үлгісі 
Қадырғали Қосымұлы Жалайыридың «Жамиғ ат – тауарих» 
(жылнамалар жинағы)» атты шежіресі алынады. Зерттеуші өз 
жұмысында аталған шежірені пайдалана отырып, ондағы 
сөздердің жасалу табиғатын, даму сипатын, сөзжасам процесін 
зерттеуді арқау етеді. Г.Мамаеваның диссертациялық жұмысы 
күрделі сын есімдер мәселесін зерттеуге арналған. Ол үлкен 
қиындық туғызып жүрген күрделі сын есімдердің мағынасын, 
жасау жолдарын зерттеп, үлгілерін жасаған. 
Профессор 
Л.К.Жаналина 
– 
Қазақстандағы 
орыс 
тілі 
мамандарының ішіндегі сөзжасам мәселесін зерттеп жүрген ірі 
маман. Оның сөзжасамға байланысты еңбектері де мол /30/. Ол 
орыс тілінін сөзжасамы туралы докторлық диссертация қорғады, 
сонымен бірге орыс тілі мен қазақ тілінің сөзжасамын салыстырып 
та зерттеді. 
Сөзжасамды 
тарихи 
тұрғыдан 
зерттеген 
профессорлар 
Ж.Манкеева, Б.Сағындықұлы өлі түбірлер, өлі қосымшалар, сөздің 
этимологиясы мәселелерінен құнды – құнды пікірлер айтқан /31, 
32/. 
Профессор А.Салқынбай сөзжасамды диахрондық аспектіде 
зерттеді /33/. Бұл да сөзжасамды зерттеудің кешеуілдеп қалған, 
жеткілікті дәрежеде назар аударылмай жүрген мәселесі. Оның 
үстіне сөзжасамдық семантика – ғылымда өз орнын ала алмай, 
көңіл бөлінбей, зерттелмей келген мәселе болатын. Сөзжасамдық 
мағынаны семантикалық бағытта зерттеу ғалымның өзіндік 
пікірлер ұсынуына, қорытынды тұжырымдар жасауына мүмкіндік 
берді. Бұл еңбектегі көңіл бөлерлік мәселе- тарихи сөзжасамның 
фонетика – семантикалық сипаты. Ол сөзжасам мәселесін тарихи 
тұрғыдан зерттеп, докторлық диссертация қорғады /34/. Ғалым 
диссертациясында сөздердің семантикалық дамуы мәселесінен 
жоғарғы нәтижелерге жетті.


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
160 
Тарихи тұрғыдағы зерттеуде фонетикалық сөзжасамға тоқталмау 
мүмкін емес. Оған Г.А.Рамстедт, Н.А.Баскаков, Э.В.Севортян, 
А.Н.Кононов, Б.А.Серебренников, А.М.Щербак, Ф.А.Ғаниев, 
Б.О.Орузбаева сияқты ірі ғалымдар тарихи сөзжасамға назар 
аударған, құнды – құнды пікірлер айтқан. Ұйғыр тілінің маманы 
Т.Талипов /35/ ұйғыр тіліне байланысты, Б.Сағындықұлы /36/ 
қазақ тілі фонетикасына қатысты еңбектерінде, сондай-ақ, тілді 
тарихи тұрғыда зерделеген профессор М.Томанов «Тарихи 
грамматика» /37/ атты еңбегінде дыбыстардың алмасуы, оның 
мағынаға қатысы туралы пікірлер айтқаны белгілі. Түрколог 
ғалымдар мен қазақ тілі мамандардың идеяларына сүйене, ғылыми 
тұжырымдарын ескере отырып, А.Салқынбай дауыссыз дыбыстар 
арқылы сөз жасалудың 22 қалыбын (өз термині), дауысты 
дыбыстар бойынша 9 қалыпты анықтаған. Мұны үлгі деп айтуға 
да болатын сияқты /33, -149 -180/. Бұл еңбекте қаралған негізгі 
мәселе сөз мағынасы, сөз мағынасының сөздік құрамынан 
туындауы. Бұл ретте сөздің архисемасын анықтауы - назар 
аудартатын мәселе. 
Сөзжасамды тарихи тұрғыда зерттеуде профессор Керимовтың 
XIV ғасыр түрік әдеби жазбаларындағы сөзжасамдық жұрнақтар 
мәселесін зерттеуге арналған диссертациясын да атауға болады 
/38/. 
Профессор Ә.Ибатов «Сөз құрамындағы морфема атауларын 
тұрақтандыру мәселесі жайында» деген еңбегінде сөзжасам 
мәселесімен байланысты құнды – құнды пікірлер айтқан /39/. Осы 
жұмысты дамыту нәтижесінде ғалым 1988 жылы «Қазақ тіліндегі 
туынды сөздер сөздігін» баспадан шығарды. Бұл, әрине, сөзжасам 
үшін өте пайдалы еңбек болды. Сөздікте автор 14 мыңдай туынды 
сөздер берген және қазақ тілінде сөзжасамдық 291 жұрнақ бар 
деген. Сөздіктегі туынды сөздердің сөз табына қатысты 
көрсетілген. 
Диалектілер сөзжасамы өзінше бір сала. Бұл мәселе 
диалектологтардың бәрінің еңбектерінен орын алды деуге болады. 
Диалектология ғылымының негізгін қалаған С.Аманжолов, 
Ж.Досқараевтан, Ш.Ш.Сарыбаев, А.Нұрмағанбетов, С.Омарбеков 
сияқты ғалымдардың еңбектерінде сөзжасам мәселесіне соқпай 
өткені жоқтың қасы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет