Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
214
тікелей байланысты. Қазақ тіліндегі көзі жаман фразеологизмі көзі
тиді, көз тигіш, тфә, көз тимесін! Тіл-көзім, тіл-аузым тасқа, көзің
тиеді, түкір! және т.б. тіркестермен жалғасып жатыр. Көз тимесін,
тіл тимесін деген ырым негізінде шыққан бұл тіркестер халықтың
психологиясымен, дүниетанымымен, сенім мен түсініктерімен
тығыз байланысып жатыр.
Халық арасында сонымен қатар көз тиді деп секем алған жағдайда
сол адамның үйінен бір нәрсесін әкеліп түтетеді. Осылайша қас
күштердің беті қайтады деп сенген. Халық көзінің қалы бар
адамның қарағаны тегін жібермейді деп жаңа туған нәрестесі бар
кісілер үйіне қалы бар адамдардың келуінен қатты сақтанған.
Немесе көзі тиді-ау деген адамды таптырып алып, оған түкіртетін
болған.
Ауыз әдебиеті үлгілерімен, аңыздармен, яғни мифологиямен
тікелей байланысты фразеологизмдер тілде мол көрініс тапқан.
Тіл-тілде сақталған мифологиялық уәждер барлық дәуірге және
халықтарға ортақ қазына.
Тіл мен мәдениеттің фразеологизмдердегі көрінісін зерттеген
ғалым В.А. Маслова былай деп көрсетеді: “В каждом конкретном
фразеологизме отражается не целостный миф, а мифологема.
Мифологема – это важный для мифа персонаж или ситуация, как
бы главный герой мифа, в который может переходит из мифа в
миф. В основе мифа, как правила, лежит архетип” [В.А.Маслова,
1999; 13-14 бб.]. Архетип терминін ең алғаш “Инстинкт және
санасыздық” (1919 ж.) мақаласында Швейцария психологы К.Г.
Юнг енгізген. Оның пікірінше, архетип дегеніміз – ұжымдық
санасыздық, жеке адамның санасыздығымен қатар ұжымдық
санасыздықтың неғұрлым терең қабаттары болады, онда бастапқы
психикалық құрылымдар (архетиптер) түрінде адамзаттың ең
ежелгі тәжірибесі сақталады, ол дүниені қабылдау мен ой елегінен
өткізуге априорлық әзірлікті қамтамасыз етеді [К.Г. Юнг, 1991;
165 б.]. Ол ұлы идеялардың бәрі архетиптік негізде жатыр деп
санады.
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
215
Сонымен “ұжымдық санасыздық” адамдардың саналы өмір
тәжірибесі арқылы емес, оларға ата-бабасынан мұра ретінде
жеткен жеміс. Генетикалық теория негізінде К.Г. Юнг архетип пен
мифологияның тығыз байланысын көрсетіп, мифология –
архетиптер сақталатын орын дейді. Архетиптер – әлдебір шексіз,
ұланғайыр, алып дүниені тиянақтаған, жинақтаған платформалар.
Архетиптік бейнелер адамзатқа атадан балаға мирас ретінде ғұмыр
бойы ілесіп келеді. Олар мифологияны да, дінді де, өнерді де
тудырған. Мифология, дін, өнер архетиптердің өзін өңдеп,
символға айналдырып, формасы жағынан жетілдіріп, әсемдікке
жеткізген. Мазмұны жағынан жалпыға адамзатқа ортақ мәнге ие
болған. Мифология – архетиптік бейнелерді өңдеудің бастапқы
формасы. “Үйлесімділік пен жарасымдылық адам баласында
магия, ритуал, мифтердің көмегімен жүзеге асып отырады. Терең
түпкірде жатқан бүкіл адамзаттық танымды бойына жинақтап,
оны адам санасына жүйемен жеткізетін құпия ілімдер жатыр”
[Қ.Жаманбаева, 1998; 112 б.]. Халық санасында шығу көзі белгісіз,
код ретінде дайын күйінде қолданылатын архетип –
фразеологизмдер негізінде мифтік түсінік жатыр. Мысалы, барлық
халықтар үшін нан – өмірдің, тіршіліктің негізгі арқауы (Ас –
адамның арқауы). Біреу сөзінің дәлдігін, ісінің туралығын
дәлелдегенде нан ұстап ант берген. Қазақ халқы өркөкірек,
өзімшіл адамды деміне нан піскен деп айтқан. Ұйғыр халық
танымында тілінде нан ұстап, ант ішу ғұрпы болған. Мысалы:
Ағзим билән йәм берәй
Булбул болуп кәлсиңиз.
Нан тутуп қәсәм берәй,
Маңа көңүл бөлсүңүз (Ұйғыр халық ертегісінен).
Біреуге қатты күйзеліп ренжігінде, көңілін қалдырған адамға, “нан
ұрсын” деп қарғаған. Дәнің тонға тимей, аузың нанға тимес;
Бейнетің қатты болса, жегенің тәтті болар; Егіс ырыс таңдамайды,
еңбек таңдайды және т.б. мақал-мәтел архетипінде нан жатыр. Бұл
мысалдарды орыс тіліндегі: Есть чужой хлеб; Жить на хлебах у
|