Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
233
Қазақ тіліндегі фраземалар өзіндік мазмұны мен құрылымына
қарай әр алуан болып келеді. Олардың көбісі халықтың тарихын,
наным-сенімін,
көзқарасын, дүниетанымын білдіреді. Осы
ерекшеліктер фраземалардың бейнелі-реңктік негізін құрайды.
Фраземалар – тілдің мазмұндық жағының сан ғасырлық дамуының
нәтижесі, сондықтан олар бізді қоршаған нақтылықтың күрделі
ұғым мен түсініктерді ең қысқа, ықшам пішінде, түсінікті, бейнелі
және эмоционалды түрде бейнелеу қабілетіне ие.
Алайда, фраземалардың бұл жалпы мінездемесі әр нақты жағдайда
бейнелі-реңктік негізіне байланысты өз дифференциясын табады.
Фраземалардың бейнелі-реңктік негізін халықтың әлеуметтік-
экономикалық өмірін, рухани әлемі мен материалдық мәдениетін,
тұрмыс-салтын, діни-мифологиялық наным-сенімдерін білдіретін
факторлар көрсетеді.
Сол себепті фраземалардың пайда болуы мен жасалуына әр түрлі
дәрежеде ықпал ететін экстралингвистикалық факторларды
ұмытпаған жөн. Мысалы, егер Қиыр Солтістік пен Сібір түркі
халықтары тілдерінің лексика- фразеологиялық категориялары
бұғы шаруашылығының немесе
тайгадағы аңшылық кәсібінің
ерекшеліктерін бейнелесе, ал Орта Азия халықтарында мақта
шаруашылығы, Поволжье халықтарында балық аулау кәсібінің, ал
қазақтарда мал шаруашылығының ерекшеліктерін көрсетеді.
Мұның бәрі үй жануарларын өсіру мен күту, көлік, күнкөріс
есебінде пайдалану, сол сияқты киім мен үй жабдықтарын жасау
шикізаты ретінде пайдаланудың сан ғасырлық тәжірибесі тілде
көрініс таппауы мүмкін емес еді.
Қазақтардың көшпелі
тұрмысының бұл ерекшеліктері, ең алдымен, фраземаларда орын
алады.
Негізгі өмірі мал шаруашылығымен тікелей байланысты болған
қазақ халқы үшін төрт түлік малдың орны ерекше. Қазақта түйе,
жылқы, қой, сиыр малын қосып төрт түлік деп атайды. Ертеде
дәулетті, ауқатты адамды төрт түлігі сай екен дегеніне қарағанда,
байлық мал санымен есептелген болу керек. Төрт түлікті жеке-
жеке атағанда түйе малы, жылқы малы, қой малы (ешкі малы),