Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет10/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ 
ЕМЛЕСІ ЖАЙЫНДА
26
синтаксистік қатынастарды да білдіреді. Мағыналық қатынастар тек 
жалғау жалғанған сөздердің лексикалық мағынасының әртүрлі болуынан 
ғана тумайды, тұтас сөз тіркесінің қарым-қатынасынан пайда болады. 
Оны мына мәтіндегі байланыстардың мағыналық қатынастарынан
көруге болады:
Күндізгі алау аптаптың лебі кешке қарай қапырықтанып, күн де батып 
бара жатты. Күн батар сол сәтте Мойынқұм атырабының үстіндегі биікте 
бір топ аққұйрық қарақұс ұшып жүреді. Ептеп мұнар тұтқан бұлтсыз 
ашық аспанның қоңыр салқын құшағында әлгі қарақұстар еріккеннен 
жай қалықтап, рахаттана ұша береді. Мына жер мен мына аспанның 
мызғымас мәңгілік пішінін бейнелегісі келгендей, бірінің соңынан бірі 
тізіліп, бір бағытта шеңберлене ұшады. Қарақұстар дыбыс шығармай, 
қанаттарының астындағы жер бетінде не болып жатқанын міз бақпай 
бақылайды. Осы бір паң-сері жыртқыш құстар тек көздерінің өткірлігінен 
де баябан даланың аспанын мекендейді. Күнәһар жердің бетінде олар тек 
қу тамақ үшін, тек түнемел үшін ғана қонақтайды, көбінесе көк жүзінде 
ұшып жүреді (Ш. Айтматов). Мұнда:
• предикаттық қатынас - атау септігі мен жіктік жалғауының;
• меншіктік қатынас - ілік септігі мен тәуелдік жалғауының;
• толықтауыштық қатынас - табыс септігі мен заттық мағынадағы 
барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің;
• пысықтауыштық қатынас - көлемдік мағынадағы барыс
жатыс,шығыс, көмектес септіктерінің байланысы арқылы 
жасалады.
Сөз тіркестерінің синтетикалық байланысу тәсілдерінде атау септіктен 
басқа септік жалғауларының ерекше қызмет атқаратыны белгілі. Септік 
жалғаулары сөз бен сөздің арасында сабақтастық байланыс тудырумен 
қатар, сол сөздер байланысының нәтижесінде грамматикалық қосымша 
мағынаны да байқатады. Синтетикалық байланыс тәсілінің мұндай 
түрлерін тіл білімінде матасу, меңгеру деп атау қалыптасқан. 
Адам коммуникативті мақсат үшін тілдік құралдарды пайдаланады, 
өйткені тілдік қатынас қоғамдық құбылыстарды, заттарды, қоршаған 
ортаны мүмкіндігінше тілдік бірліктердің көмегі арқылы беруге 


Атабаева М.С., Абдирасилова Г. Қ
27
тырысады. Сондықтан да, сөйлеу әрекетінде тілдік бірліктер қатысымдық 
бірліктерге айналып, сыртқы орта жайлы ақпаратты мазмұнына 
жинақтайды «Қазақ тіліндегі сөздердің морфологиялық құрылымы, 
олардың сөз тудыру және грамматикалық форма тудыру тәсілдері мен 
жүйелері мыңдаған жылдар бойына сол тілде сөйлеуші халықтың 
өзара сөйлеу үдерісінде қалыптасқан. Әр тілдің грамматикалық 
құбылыстарының қалыптасқан жүйелі тәртібі азғана жылдың жемісі 
емес, ол - сол тілде сөйлейтін халықтың өмір тарихымен байланысты 
мыңдаған жылдың жемісі. Тілдің грамматикалық құбылыстары ұдайы бір 
қалыпта тұра бермейді, олар өзінің даму процесінде өзгеріп, сұрыптала 
түседі» [4,146-147-бб.],-дей келе, Ы. Маманов тілдің морфологиялық 
құрылымының маңызын анықтаумен қатар, қазақ тілінде түбір сөздер 
мен сол сөздің грамматикалық формаларының аражігін, шегін дұрыс 
ажыратуға бөгет болып жүрген нәрсе - қосымшалардың грамматикалық 
қызметіне қарай дұрыс топтастырылмауында деп тұжырымдайды. 
Грамматиканың осы аса күрделі мәселесіне қатысты ой-пікірлерді 
саралай келе: «...Мұндай пікір алалығын жою үшін түркі тілдерін 
зерттеуші авторлардың алдында тұрған басты міндет - морфологияға 
қатысты ең маңызды екі мәселенің басын ашып алу қажет сияқты. 
Оның біріншісі - қазақ тіліндегі қосымшаларды орыс тілінің үлгісімен 
сөз түрлендіруші (словоизменение), сөз тудырушы (словобразование) 
және форма тудырушы (формообразование) деп үшке бөліп қарастыру 
керек пе, жоқ әлде, оларды жаңа мағыналы сөз тудыру және сөздің 
грамматикалық формасын тудыру қызметіне сәйкес сөз тудырушы және 
форма тудырушы деп екі топқа бөліп қарастыру керек пе? Қазақ тілінің 
материалы екінші принципті қуаттайды. Сөйлемде грамматикалық 
формалармен түрленетін толық мағыналы атауыш сөздер (зат есім, 
сын есім, сан есім, етістік) тек қана екі түрде: не түбір сөз түрінде, не 
қосымша жалғанған формада қолданылады. Былайша айтқанда, қазақ 
тіліндегі қосымша жалғанған сөздер не тілдің сөздік құрамына енетін 
туынды түбір сөз (лексикалық бүтін), не белгілі бір сөз табына тән 
грамматикалық форма болып қалыптасады [4,148-б.]. 
Сөйтіп, форма тудыратын қосымшалардың белгілі бір жиынтығы 
парадигмалық түрлену жүйесінің сыртқы көрінісі мен соған сәйкес ішкі 
мазмұн жағынан грамматикалық мағына білдіруі арқылы грамматикалық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет