72
ҚАЗАҚ ФОНЕТИКАСЫНДАҒЫ СИНГАРМОНИЗМ
ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЖАЙЫНДА
Кайдарова Гулайым Қаблақатқызы
Филология ғылымдарының кандидаты, профессор
Gulyaim.64@mail.ru
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,
Қазақстан, Алматы қ.
Лингвист-мамандар түркі оның ішінде қазақ тіліндегі үндесім
(сингармонизм) құбылысына әрқашан көңіл бөліп отырған.
Тілдік
құбылыс ретінде оның фонетикалық (артикуляциясы) және фонологиялық
(қызметі) сипатына қарай қарастырылған. Фонетикалық теориялардың
даму деңгейіне лайық фонетикалық сипаттамасы беріліп, тілдегі қызметі
жайлы пікірлер қорытылып жатты.
Қазіргі кездегі жазу ықпалымен өшіп бара жатқан қазақ сөзінің
үндесім айтылым үлгілерінің о бастағы төркін дыбысталуын өзара
салыстырып қараудың маңызы зор болмақ. Сонда ғана тілдің дыбыс
құрамы мен дыбыс жүйесіндегі
өзгерістерді анық байқап, тілдің
болашағы жайлы болжам жасауға болады.
Сингармонизм құбылысы тіл ерекшелігі ретінде сол кезде-ақ
зерттеушілер назарына ілінген. Мысалы, Н.И. Ильминский «үндесім
(үндестік) заңы» деген атпен оған арнайы тоқталған және үндесім
заңдылығын бүкіл түркі тілдеріне тән құбылыс ретінде атайды: «Закон
созвучия по которому и известном слове, сколько бы оно длинно ни
Кайдарова Гулайым Қаблақатқызы
73
были, все гласные и согласные должны быть либо толстые, либо
тонкие, - закон общий всем языкам тюркского семейства, существует
и в киргизском наречии»
1, 14 б.
. Бұл жерде сингармонизмнің түркі
тілдерін топтаудың белгісі ретінде қабылданғанын көреміз. Үндесім
құбылысын тілдік белгі ретінде алған ғалым қазақ тілін осы белгісіне
сүйеніп түркі тілдерінің қатарына жатқызып отыр.
Қазақ тілі дыбыстарының құрамын анықтай келіп, дауыстыларды екі
топқа жұптап берген, өйткені олардың айтылымы жоғарыда көрсетілген
үндесім заңына сәйкес екіге жіктелетінін көрсетуге тырысқан: «Гласные
– а, ә, е, ы, і, о, ө, ұ, ү. Согласные - п, б, м, у
w
, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л,
й, қ, ғ, к, г, ң. Гласные расположены нами по-парно. Первую в каждой
паре назовем толстою, вторую (и ә) тонкою. Толстые, в
отношении
степени толстоты, сходны с русскими, тонкие же все равномерно чужды
остроты русских гласных, напр. те киргизское - русскому тэ»
1, 6 б.
.
Автор қолданған «жуан жіңішке» атауларының да сол кезде қалыптаса
бастағанын көреміз. Ең бастысы орыс тілінің ықпалымен «твердый/
мягкий» атауларының тікелей аудармасын іздемей, «толыстый/тонкий»
атауларын алғанын байқаймыз. Бұл атаулар қазақ тілінде орнығып,
тұрақты және үйреншікті зерттеу құралына айналып отыр.
Ғалым еңбегінің аса бір құнды тұсы деп оның дауыссыздарға
қатысты айтқан пікірін алуға болады. Н.И.Илминский қазақ тілінде
дауыссыздардың да жуан-жіңішке болып айтылатынын аңғарған:
«Подобно гласным согласные бывают толстые и тонкие. Гортанные
различаются в этом отношении так резко, что нельзя было бы не дать
им
особого начертания; прочие же согласные все и каждая могут
быть толстою и тонкою смотря по гласной, напр. ат, ет. И так как это
определяется системою звуков (ерекшелеген – біз), то мы и не отличили
этой двоякости согласных никаким значком»
1, 8 б.
. Бұл жерде
ғалым пікірінің екі жағын атауға болады. Бірінші, дауыссыздардың
жуан/жіңішкелігін дауысты дыбыстарға таңып отыр. Өйткені ол кезде
сингармонизм құбылысын «гармония гласных» деп ұғынған. Сондықтан
дауыстылардың ықпалын зерттеушілер басым деп бағалаған. Екіншіден,
дауыссыздардың жуан/жіңішке белгісін тілдің ішкі жүйесінен тауып отыр.
Бұл сол кездегі фонетикалық теория деңгейі үшін
өте жоғары нәтиже
деп қарау керек. Шындығында да, қазіргі зерттеулердің нәтижесіне