ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ТҮРКІ ТІЛДЕРІМЕН
САБАҚТАСТЫҒЫ
106
Жұртты жеген Шортанбай
Енді қалдың мінекей,
Бес қары бөз бұйырмай.
Кейбір жазбаларда қолды қарағ деп атаған. /5.97/.
«Қарым-қатынас» дегенде қарым сөзінің осыдан шыққаны даусыз,
өйткені
алыс-беріс қол арқылы болады, таныс-туыстар бірін-бірі
көргенде, құшақтасып амандасады. Бір кездерде қар (ы) күштің де
символы болғанға ұқсайды, одан келіп қару, қарысу сөздері шыққан.
Қар(ы) сөзі басқа түркі тілдерінде де қолданылады.
Қарақалпақ
тілінде иықтан төменгі бөлік, қар әсілік (қаррс), қырғыз тілінде
иықтан шынтаққа дейінгі қолдың бөлігі мағынасынан басқа,
ұзындық
өлшемі, бір метрге жақын мағынасында, түрік тілінде іс, жұмыс, қимыл
мағыналарында айтылып, жұмсалады.
Қару-жарақ. Қазіргі тілімізде бұл қос сөздің екеуінің де дербес
мағынасы бар және жеке-дара қолданыла береді. «Қару» сыңары
найза, қылыш, садақ т.б. құралдарды білдірсе, «жарақ» сөзін де осылай
ұғынамыз. Бірақ ертедегі тіл ерекшеліктеріне назар аударсақ, «қарудың»
да, «жарақтың» да өз алдына меншікті мағыналары болған.
Ертедегі түркі жазба ескерткіштері сөздігінде «карвы йа» - иіліп
жасалған садақ, жақ дегенді білдіреді.
Осы тектес сөздің ауысып
қолданылатын мағынасын моңғол тілінен кездестіреміз. «Харвуул» -
садақ оғы. Ерте заманда «йарақ» немесе «йарық» сөздері батырлар
киетін сауыт ұғымында қолданылған. Осы сөз қазақ тілінде «жарақ»
болып қалыптасқан. Қазіргі «қару-жарақ» қос сөзінің әр сыңарының
орнына осыларды қойып көрсек, «садақ-сауыт»деген ұғым шығады.
Сонымен қатар, «жарақ» көне жазбаларда соғыс құралы, кейде әскер
мағыналарында қолданылған /1.385/. Жасақ
сөзі де осымен төркіндес
болса керек.
Ұры-қары тіркесіндегі қары бұл жөнінен кейбір күмән тудырады.
Қары жеке қолданылғанда, жат мінез, жаман іс мағынасын береді.
Қатының қар болса, заманың тар болар (мақал).