Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет77/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

ЖАРНАМА ТІЛІНІҢ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
186
Ш. Уәлихановтың этнографиялық зерттеулері қазақтың мифологиялық 
таным-түсініктері жайлы мол мағлұмат беретін көздердің бірі. Мұнда 
ежелгі адамдардың дүниетанымдық көзқарастарынан хабар беретін аңыз 
әңгімелерге, мифтерге, баға берумен бірге көптеген жекелеген сөздердің 
этимологиясы туралы қызықты деректер бар екені белгілі. Мысалы, 
көк тәңірі – көк аспан. Аспан өзінің құдіретті әрекеттерінде ештеңеден 
тәуелсіз, жақсылықты да, жамандықты да көк биігінен іске асырып 
тұрады. Бүкіл адамзаттың амандық-саулығы аспан-көктің еркінде. Тәңірі 
жарылқасын, көк соққыр деген сөз тіркестері шамандық кезде пайда 
болды.
Алғашқы қауымдық адам өзі тап болған кез келген жағдайда жолының 
болу, болмауы тікелей құдіретті күш иелерінің қалауымен, көмегімен 
іске асады деп түсінген. Мысалы, көне жыр үлгілеріндегі: Төбесі ашық 
көк ұрсын! Төсі түкті жер ұрсын! Найзағаймен оғы ұрсын! От иемнің 
шоғы ұрсын! деген жолдар да осындай түсініктерден қалса керек [6].
Қазақ мифін зерттеуші С. Қасқабасов «Қазақ мифі және әлемдік 
мифология» (1998) атты мақаласында: «Архаикалық мифтерден 
байқалатын басты заңдылық – адам жанды, жансыз табиғатты, 
жұлдыздарды, ай мен күнді танып білуде оларды өзіне ұқсататындығы. 
Табиғаттағы аңдар да, тау-тастар да, жұлдыздар да адамның өзі сияқты 
өмір сүреді. Осының нәтижесінде Күн, көк, жер, от сияқты ұғымдар 
символдарға айналады» деп көрсетеді [150 б.]. Көне түркілер танымында 
сакрализация – ежелгі адамдардың өзін қоршаған дүниені қастерлеу 
сезімі жоғары тұрған.
Көне түркілер Тәңірге табына отырып қасиетті Жер-Су мен Ұмай 
ананы да қасиет тұтқан. Оны мына жолдардан көруге болады: Тänri, 
Umai, yduq jär sub basa bärti ärinc Тәңірі, Ұмай, қасиетті жер-су жеңіс 
берген екен (Тон 38) [5, 115, 195, 196 бб.]. Күлтегін жазуында жер-суға 
жан бітіріп сөйлетіп, түркі халқына жолдау айтады: Уза тÿрк тäңрісі 
тÿрк ыдук jірі субы анча тіміс: тÿрк будун jок болмазун, тіjін Көкте 
түрк тәңірісі, Түрктің қасиетті жері, суы былай депті: «Түркі халқы 
жойылмасын», - дейді (КТүж 10) [5, 75, 177 бб.].


Асанбаева Сәуле Асанбайқызы
187
Тәңір-Ұмай қосағы – көк түрік дәуірінің туындысы. Осындай (еркек 
– аспан мен ұрғашы – жер қосағы) деген трафарет-модель одан кейін де, 
оларға дейінгі көшпелілер мифологиясында да болған тұрақты эпитет [6]. 
Түркі мифологиясындағы Тәңір – аспан құдайы. Ежелгі сенім бойынша 
ол аспанның рухы немесе иесі ретінде қабылданады. Бұл сөздің тарихы 
туралы көп пікірлер бар. Мысалы, тәңір этимонын арнайы қарастырған 
ғалымдар Е.Жұбанов пен А. Ибатовтың пікірлері бар. Ертедегі мифтік 
аңыз бойынша, таң және іңір деген екі періште жер тұрғындарының 
тыныс-тіршілігін күні бойында кезекпен қадағалап тұрады-мыс. Өз 
кезектерін қараңғылық түсер алдында ғана ауыстырады екен. Таң – күн 
ұйықтар орынға кеткенде іңір оның орнына қарауылға тұрады. Осы екі 
арадағы мезгіл жер тұрғындары үшін қастерлі болған. Олар ерте (іңір 
түспей) жатқан беймезгіл шақта ұйықтап қалған адамдардың ырыс-
несібесі кем болады деп сенген. Бұл ұғым күнмен таласа жатпау, күнмен 
бірге түрегелу: ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің 
бір ісі артық деген өмірлік қағидаларда көрініс тапқан. 
Жубанов Е, Ибатов А. «Анализ этимона таңірі всевышний (опыт 
ретроспективного подхода)» (1990) атты мақаласында «тәңір» этимонын 
мифтік танымдағы жоғары-төмен қарама-қайшылығымен қарастырады. 
Сол бойынша, та – «жоғарғы» дегенді білдірген: тау, төбе, таңдай, тамақ, 
таңқы-танау, тамызық, тамшы т.б. көптеген сөздер арқылы, ал –ің – 
«төмен» дегенді білдіретін: еңіс, еңкіш, еңбек, еңсесі түсу, еңіреу т.б. 
сөздер арқылы түсіндіреді.
Сондай-ақ, ақ пен қарадан, ала триадасының шығатынын ескерген 
көне түркі ескерткіштерінде аla atlyг jol täŋri яғни ала атты тағдыр 
тәңірісі деген – біздің ойымызша үш дүниенің әміршісі, жақсылық пен 
жамандықты тең ұстап тұратын құдірет [6, 92 б.].
«Ұмай» сөзінің этимологиясы профессор Қ. Жұбановтың «Қазақ 
тілі бойынша зерттеулер» (1999) атты еңбегінде былай анықталады: 
«Мусульманская религия не оставила место чистому виду культа Умай 
у казахов. Но зато процедура почитания Умай сохранилась в довольно 
чистом виде. Во время родов женщины бросают в огонь масло или 
сало, обращаясь при этом к какимто забытым божествам со словами: 
От ана! Май ана! Жарылқа! Они не знают такого божества. Но ее имя 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет