ҚАЗІРГІ ДЫБЫСТАНЫМНЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ДЫБЫСТАНЫМ
176
тау сөздерінің құрамындағы «у» элементі – қ-негізді «у», яки тарихи
тұрғыдан, сақ, тағ сөздерінің құрамындағы «қ, ғ» дыбыстары: сақ > cау.
Сондықтан бұлар п-негізді «у» элементімен сәйкеспейді.
Көріп
отырғанымыздай, тіліміздегі сөздерде дараланған дауысты
не дауыссыз дыбыстар емес, жұп элементті
дыбыстар қолданылады
екен. Мысалы, БІР сөзінің құрамында, қазіргі тіл білімінде айтылып
жүргендей, б-і-р түріндегі үш дыбыс емес, бі+ір түріндегі екі ғана жұп
элементті дыбыс бар. Мұның алғашқысы (бі) – УП инвариантының
қолданыстағы вариант-нұсқасы да, екіншісі (ір) – УР инвариантының
қолданыстағы нұсқасы. Орыс тіліндегі МИР (бейбітшілік) сөзінің
құрамын да осылайша ажыратамыз: ми/УП + ир/УР. Бұл жұп элементті
дыбыстардың әрқайсының аса зор қуатты
мағыналық-семантикалық
потенциялы туралы мәселелер – бөлек әңгіменің тақырыбы.
Міне, көріп отыранымыздай, тіл дыбыстарының жаратылыс-
табиғаты дараланған дыбыстар түрінде емес, жұп элементті дыбыстық
тұтастықтар түрінде көрінеді екен. Яғни
біздің қазіргі қалыптасқан
тіл ғылымындағы түсінігіміз тіл дыбыстарының шынайы табиғатын
түсіндіріп бере алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: