Бекмағамбетов Шанжархан
171
құралы ретіндегі таңбалар және тіл пайда болуы» туралы мәселені күн
тәртібінен алып тастады. Сондай-ақ, жекелеген ғалымдар тарапынан да
тілдің генетикалық табиғатын тану мәселесі күмән тудырмай қалған жоқ.
Қалай да, адамзат тілі дыбыстарының табиғатын олардың
қазіргі кездегі акустика-артикуляциялық сипаттары тұрғысынан
ғана қарау мәселені тереңнен шеше алмайтыны түсінікті болды. Тіл
дыбыстарының табиғаты адамзат тілінің ең ілкі пайда болуымен
байланыста қарастырылуы керек еді. Бұл
көзқарасты батыл жақтаған
ғалымдар да болды. Кезінде А.А.Реформатскийдің «Тіл пайда болуын
ғылыми жолмен дәлелдеу мүмкін емес, тек белгілі бір дәрежедегі
болжамдар ғана айтуға болады» [12] деген, сондай-ақ, Ж.Вандриестің:
«Тілдің алғашқы формаларын табу талабы – тілді геология, ботаника,
зоология тәрізді жаратылыс ғылымдарына ұқсатудан туған. Бұл теріс
көзқарас лингвистикаға кері әсер етіп, зиянын тигізді» [13] деген деген
сияқты көзқарастарына қарамастан, ғылыми ізденістердің генетикалық
бағыты тоқтап қалған жоқ. Бірқатар еңбектер жарияланып,
ізденістер
жалғасып келеді. Өткен 20-ғасырдың 70-80 жылдарында осы бағыттағы
зерттеулердің қайта жандана батағаны байқалады. Глоттогенезді
антропогенезбен байланыста қарауды мақсат еткен Р.Р.Гельгардт тіл
пайда болуы мәселесінің уақыт жағынан өте ерте замандарға кететіні
лингвистерді тұйыққа тірей алмауы керек екенін айтты. Ол Жердегі
өмірдің пайда болуын зерттеуші жаратылыстанушылар және Жердің
өзінің пайда болуын зерттеуші геологтар мен археологтар одан да арғы
кезеңдерге көз тігетінін айта отырып, ғылыми ойлаудың мүмкіндіктерінің
аса зор екеніне назар аударады [14]. Сонымен, генетикалық тіл ғылымы
бағытындағы зерттеулер алуан түрлі жолдармен әлі де жалғасып келе
жатқанын жоққа шығара алмаймыз.
Біздің генетикалық тіл ғылымы саласындағы
еңбектеріміз өткен
ғасырдың соңғы жылдарында басталып, сонан бергі отыз жылға
жық уақыт ішінде біршама табыстарға жетті деп есептейміз. Осы
уақыттар ішінде екі моноргафия (1. «Тілдік таным негіздері және тілдік
символдар»., Алматы, 1999); 2. «Тіл генетикасы: тілдік таңба-нышандық
жүйе»., Алматы, 2014) және бір оқу құралы («7 Лекций по теории
генетической лингвистики»., Алматы, 2021) жарық көрді. Көптеген
конференциялар мен семинарларда баяндамалар оқылып,
ғылыми
ҚАЗІРГІ ДЫБЫСТАНЫМНЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ДЫБЫСТАНЫМ
172
басылымдарда мақалалар жарияланды, семинарлар өткізілді. Екі мәрте
халықаралық конференция ұйымдастырылды.
Генетикалық тіл ғылымы адамзат тілі, қазірде айтылып жүргендей,
«жартылай жабайы» тобырлардың емес, жоғары дәрежедегі ақыл-
ой йесі болған адамзат ұрпағының ақыл-ой жемісі екенін, «ең ілкі
тілжасам дәуірі адамдарының шығармашылық данышпандығының»
жемісі екенін дәлелдеп отыр [15-21].
Тілдік негіздер теориясы
деп аталатын генетикалық тіл ғылымы тіл дыбыстарының, жалпы
тілдік құбылыстың да, пайда болу негіздерін Ғаламдық-Космостық
жаратылыспен, ғаламдық жаратылыстың негізгі сипаттарымен, өмір
сүру заңдылықтарымен байланыста қарастырады.
Сонда тілдегі әр
дыбыс ғаламдық жүйенің қайсы элементімен байланысты пайда болып,
тілде қалайша қызмет ететіні айқын көрсетіледі. Яғни адамзат тілінің
дыбыстық-материалдық негіздері де, мағыналық-идеялық негіздері
де Ғаламдық болмыстың моделінде жаралғаны дәлелденеді. Біз енді
тілдің дыбыстық материалының генетикалық табиғаты туралы кейбір
мәселелерді баяндайтын боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: