Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri


 Жұп элементті тіл дыбыстарының пайда болу негіздері



Pdf көрінісі
бет75/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

2.3. Жұп элементті тіл дыбыстарының пайда болу негіздері
. Тіл 
дыбыстарының УН-УТ-УР-УС-УЛ-УҚ-УП түріндегі жетілік жүйесі – 
толық, кемел жүйе, өйткені бұл құрылым жетілік жүйедегі ғалам моделіне 
сәйкеседі. Аталып отырған жұп элементті инвариант-дыбыстардың 
әрқайсысы ғаламдық жүйенің құрылымдық-семантикалық элементінің 
нақты біреуін бейнелейді, өйткені әуел бастан осы жұп элементті дыбыс 
ғаламның дәл осы құрылымдық элементін бейнелеу мақсатында, соған 
сәйкестендіріліп жасалған. Мұны тілдік таным жүйесінің сызбасынан 
айқын көруге болады:


Бекмағамбетов Шанжархан
177
Сызбада жеті түрлі жұп элементті тілдік-дыбыстық материал 
ғаламдық вертикаль «У-игрек» өзегінің (осінің) бойында өз ретімен 
орналасқан. Осындағы әрбір жұп элементті дыбыс ғаламдық жүйенің 
белгілі бір элементін бейнелеп тұрғанын аңғарамыз. Бұл былайша 
көрінеді:
1. УП дыбысы – «ғаламдық Шар-қоршау» ұғымын бейнелеп, барлық 
өзге құрылымдық элементтердің жүйесін біріктіріп тұр.
2. УҚ дыбысы – «ғаламдық координата» ұғымын бейнелеп, Х 
(икс) және У (игрек) өзектерінің қиылысы түрінде көрінеді. Бұл 
бейненің Х (Қ) дыбысының әрпіне сәйкестігін де аңғару қиын 
емес.
3. УЛ дыбысы – екі «өзектің» өзара байланысы түрінде келіп, 
«ғаламдық байланыстар» ұғымын бейнелейді.
4. УС дыбысы – «ғаламдық өзек» (игрек өзегі) ұғымын бейнелеп, 
«Ғалам-Космос» бейнесінің осінде (өзегінде) тұр.
5. УТ және УР дыбыстары «ғаламдық қозғалыстар» ұғымын: УТ – 
қалыпты қозғалысты, УР – экспрессивті қозғалысты бейнелейді. 
Бұлардың таңбалық бейнелері жоқ.
6. УН – «ғаламдық кіндік» (центр) ұғымын бейнелеп, «Шар-
қоршау» бейнесінің кіндігінде тұр. Мұның негізгі семантикалық 
өрісі – «нәт-негіз» өрісі;


ҚАЗІРГІ ДЫБЫСТАНЫМНЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ДЫБЫСТАНЫМ
178
Егер осы құрылымды айқынырақ елестету үшін жеке дыбыстық 
тұтастықтарды олардың таңбаларымен бірге өзгелерінен ажырата 
қарастырсақ, төмендегідей таңбалар жүйесін көрер едік: 
УП
УҚ
УЛ
УС
УТ/УР
УН
---------
Жұп элементті тіл дыбыстарының әрқайсысы өздерінің қол тілі, 
диффуздық дыбыстар тілі түріндегі ең ілкі пайда болу кезеңдерінен 
бастап, толық қалыптасқанға дейін сан мыңдаған жылдар бойында 
адамзат санасының сөзжасамдық (тілжасамдық) қызметінің нәтижесінде 
бірте-бірте нақты бір ғаламдық құрылымдық-семантикалық элементтің 
(ғаламдық қоршау, ғаламдық координата т.т.) бейнесі мен қызметін 
образды түрде көрсетуге бірте-бірте сәйкестендіріліп бейімделген. 
Осылайша, жұп элементті тіл дыбыстарының мағыналық жағының 
жаратылыстық-болмыстық базасы қалыптасқан. Мұны біз Тілдік таным 
жүйесінің семантикалық сипатын тануға арналған «Дән және Алма» 
мысалынан байқай аламыз.
Тілдік таным жүйесінің (ТТЖ) семантикалық сипаты
«Алма және Дән» мысалында
Егер жүйедегі «УН-кіндік» нүктесін, мысалы, алма жемісінің дәні 
дейтін болсақ, онда УТ жұп элементті дыбысы осы дәннің алғашқы 
қозғалысын – бөлінуі ұғымын білдіреді; Алғашқы қозғалыс – екіге 


Бекмағамбетов Шанжархан
179
бөліну. Онан соң келетін УР жұп элементті дыбысы қозғалыстың 
экспрессивті түрі ретінде көрініп, екіге бөлінген дәннің онан әрі бөлініп, 
тез қозғалуын – дамуын білдіреді; УС жұп элементті дыбысы дәннің 
сабаққа (өскінге) айналуы процесін бейнелейді, УЛ жұп элементті 
дыбысы өскіннің ұласып, жалғасуын – салаларға айналуын, өркен жаюын 
бейнелейді; УҚ жұп элементті дыбысы алма жемісінің түйнектеуін 
бейнелейді; УП жұп элементті дыбысы алма жемісінің толысып піскенін 
бейнелейді. Көріп отырғанымыздай, тілдік негіздердің сызбада орналасу 
жүйесі белгілі бір жаратылыстық заңдылыққа сәйкеседі. Осы процесті 
өзге де кез-келген зат не құбылыс үшін – ментальдық болмыс үшін де, 
материалдық болмыс үшін де – қолдануға болады. Жалпы адамзатқа 
ортақ ғаламтанымдық түсінік бойынша, бүкіл жаратылыстағы барлық 
заттардың әрқайсысы өзінше бір ғалам, олардың баршасы ұлы ғаламдық 
жүйе моделінде жаратылған. Егер УП-«шар-қоршауды» жер планетасы 
деп алар болсақ, УН-кіндік нүкте жердің ядросы түрінде танылады. Егер 
УП «шар-қоршауды» ұлы Ғалам деп алсақ, геоцентрикалық көзқарас 
тұрғысынан, ғаламтанушы субьект адам баласы - жер тұрғыны ретінде 
ғаламдық кіндік нүктенің өзінде тұрады.
Мұнан Тіл және Ғалам жаратылысының құрылымдық–семантикалық 
элементтерінің өзара табиғи жаратылыстық жақтан да, қызметтік жақтан 
да өте тығыз байланысты, сәйкес екенін көреміз. Осы байланыстың сырын 
тану адамзат тілі сөздерінің ілкі пайда болуы мен қызметінің құпияларын 
тануға ғана емес, тілдік құбылыстың бойына алғаш пайда болу кезеңінен 
бастап, бүгінгі кезге дейінгі сан ғасырлар бойы жинақталған аса мол 
ғаламтанымдық түсініктерді тереңдей тануға мол мүмкіндіктер ашады. 
Яки адамзаттың дыбыстық тілі ең әуелі ғаламдық-жаратылыстық 
болмыстың құрылымдық-семантикалық жүйесін сөзжасамдық сана 
арқылы игеріп алып, сонан соң ол формаларды жаратылыстағы өзге 
де заттар мен құбылыстарды бейнелеу үшін дайын қалыптар – таңба-
нышандар түрінде қолданғанын көреміз. Демек адамзат ұрпағы 
дыбыстық тілге дейінгі сан мыңдаған жылдар бойында да аса жоғары 
дәрежеде жетілген сана йесі болған. 
Қорыта келе айтарымыз – тіл дыбыстарының жаратылыс табиғатын 
дұрыс тану – тіл табиғатының жаратылысы мен тілдің бүгінгі қызмет 


ҚАЗІРГІ ДЫБЫСТАНЫМНЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ДЫБЫСТАНЫМ
180
ету заңдылықтарын дұрыс тануға мүмкіндік туғызады. Тіл дыбыстарын 
еш мағынасыз, шартты түрде, кездейсоқ алынған, дараланған дыбыстар, 
яки «өлі» материя деп түсіндіретін орыстық-батыстық көзқарастағы 
қалыптасқан қазіргі дыбыстаным жүйесі тілдік ақиқатты дұрыс 
түсіндіріп бере алмайды. Сондықтан тіл ғылымының болашағы 
тіл дыбыстарының жаратылысын адамзаттың данышпандық ақыл-
ойының ұлы жемісі, адамзаттың аса зор өркениеттік дамуының ерекше 
жетістігі деп танитын генетикалық тіл білімінің көзқарастарын қазіргі 
гуманитарлық ғылымның аса маңызды жаңа бағыты ретінде танумен 
тікелей байланысты болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет