Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет47/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

ТІЛДІК САНА: ӘЛЕМДІК ТАНЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ ДІЛ 
САБАҚТАСТЫҒЫ
118
ДІЛ – белгілі бір әлеуметтік-мәдени қауымдастыққа енетін адамдар 
үшін, заманалар легінде қалыптасып, тарихи санада жаңарып, дамып 
отыратын әдеттердің әлеуметтік-психологиялық қалыптық жиынтығы. 
Кез келген әлеуметтік құбылыс сияқты, діл де тарихи тұрғыдан өзгеріп 
отырады, алайда ділдік өзгерістер шапшаң өзгеріп, алмасып жатпайды, 
уақыт пен кеңістікте болып жататын әртүрлі өзгерістер мен саяси 
ақуалдарға қатысты адамдардың санасына сіңген әдеттердің жаңаруымен, 
дамуымен байланысты келеді. Діл - жеке тұлғалардың бойындағы әдет 
емес, ол жалпы қоғамдық сананы белгілейтін көпшіліктің әлеуметтік-
рухани қалпын, болмысын айқындайды. Сондықтан да, ділдің басты 
нысаны жеке адам емес, жалпы әлеумет. Қоғамдағы ділдің басты көрінісі 
адамдардың мінез-құлқы, салты мен дәстүрі, діни сенімі, ең бастысы, 
сөйлеу мәнері мен сөйлеу сипаты арқылы (ым-ишара арқылы да) 
анықталады.
Зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне жүгінсек, «менталитет» ұғымы 
жеке пәннің зерттеу нысаны ретінде ХХ ғасырдың 20-30 жылдарынан 
бастап қарастырыла бастаған. «Діл» ұғымының мәні терең және алуан 
қырлы, сондықтан да ділдің концептуалдық құрылымын талдауда 
белгілі бір халық мәдениетінің жеке сипаты қарастырылып, сәйкесінше, 
әртүрлі ғылыми бағыттар қалыптасып дамытылған. Ш. Монтескье, Ж.Б. 
Вико, И. Гердер, Г.В.Ф. Гегель сынды философ ғалымдар еңбектерінде 
белгілі бір халықтың «халықтық рухы» туралы идея дамытылған. ХІХ 
ғасырдың екінші жартысында бұл идея жалғасын тауып, М. Лацарус, X. 
Штейнталь еңбектерінде дамытылады да, «этникалық психология» деген 
жаңа ғылыми бағыттың қалыптасқанын белгілейтін ғылыми журнал 
шығарылады. Бұл жаңа ілім Х. Штейнтальдың көрсетуінше, халықтың 
жан дүниесін зерттеп, халықтың рухани өміріндегі заңдылықтарды 
анықтауға арналған еді. Штейнталь тіл ғылымындағы психологизмнің 
негізін салушы болып есептеледі. Оның еңбектерінің негізінде И. Гердер 
мен В. Гумбольдт идеялары жатады. Лингвист ғалымның ғылыми 
зерттеулерінің басты нысаны - тілді халық психологиясының көрінісі 
деп қарастыру және «халықтық рух» тұрғысынан зерттеу болды. Осыған 
байланысты ғылыми зерттеулерде Штейнтальды этнопсихология мен 
этнолингвистиканың негізін салушы ретінде бағалайды. 


Салқынбай Анар Бекмырзақызы
119
Х. Штейнтальдың ғылыми бағытын психолог әрі лингвист В. 
Вунд, прагмалингвистика маманы П. Вегенер, сондай-ақ, Г. Пауль 
зерттеулерінде жалғастырды. Өз еңбектерінде Штейнталь тілдің ішкі 
формасы туралы ұғымды сақтап, тіл дамуының деңгейлігі туралы 
идеяны ұстады. Негізгі идеялары «Грамматика, логика и психология, их 
принципы и взаимоотношения» (Grammatik, Logik und Psychologie, ihre 
Prinzipien und ihr Verhaeltnis zueinander, 1855), «Введение в психологию и 
языкознание» (Einleitung in die Psychologie und Sprachwissenschaft, 1871) 
сынды ғылыми зерттеулерінде қамтылды. 
Этнопсихологиялық бағытта жазылған бұл зерттеулерде «менталитет» 
болмаса «діл» терім сөздері қолданбағанымен, ғалымдардың 
зерттеулеріндегі көтерілген нақты мәселе осы құбылыстың қыр-сырын 
тануға арналды.
“Mentalete” терім сөзін алғаш қолданғандардың бірі француз 
психологы және этнографы Л. Леви-Брюль өзінің “Les functions mentalas 
dans les societes inferieures” (1910) (“Ментальные функции в низших 
обществах”) и “La mentalite primitive” (“Первобытная ментальность) 
атты зерттеу еңбектерінде «менталитет» ұғымын талдады. Негізгі 
мағынасы «ұлттық мінез», «этникалық сана», «ұлттық психология», 
«дүниетаным», «психология» сияқты ұғымдарды анықтайтын бұл терім 
сөз осы қолданыстан кейін ғылыми айналыста жұмсала бастады. 
Қазақ философиясында «діл» ұғымы философиялық бағытта 
біршама жақсы қарастырылған. Зерттеушілер «діл» категориясын жеке 
тұлғадан бастап, әлеуметтік топтардың, этностың, ұлттың әлеуметтік-
психологиялық және рухани болмысын анықтайтын негізгі мәдени-
тарихи феномен ретінде қарастырады.
Сөз - «Алладан шыққан бу» (Шаһкәрім), ол қоғамды қарым-
қатынасқа түсіруші, реттеуші, рухани қалыбын сақтаушы, басқарудың 
негізгі құралы да. Тілді тек қарым-қатынас құралы ретінде қарастыру 
аз, ол тарихи қалыптасқан дүниетанымды таразылаушы, реттеуші, 
жинаушы, сақтаушы. 
Діл – белгілі ұлтқа, этносқа тән нақтылы тарихи-мәдени жағдайда 
қалыптасқан дәстүрдің, салттың, дүниетанымының, мінездің, іс-
әрекеттердің біркелкі сипаты мен сырын танытатын ұғым. Әрбір 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет