Салқынбай Анар Бекмырзақызы
123
түпбейнелер бастапқы
және маңызды рөл атқарады, сөйтіп ұлттық
дүниетаным, мінез, көркем шығармашылық, ұлттық болмыс пен оның
тарихи санасын белгілейтін басты факторларды анықтайды [Cultural
studies. XX century. Encyclopedia: in 2 vols. - St.: Marshmallow, 1998. - T.
1. 2. Starygin, A.V. Forms of manifestation of catholicity, and eschatology as
hell of the Russian national consciousness in literature and folklore: Thesis.
... Candidate. Sc. Science. - Barnaul, 2003. 3. Cultural studies. The twentieth
century: the dictionary. - St.: University Book, 1997. 4. Tleuzh, A.D. Ethno-
cultural archetypes Adyghe nation: the experience of philosophical and
cultural understanding: Dis. Dr. Sc. Science. - Krasnodar, 2007].
Мәдени түпбейнелер адам баласының ежелден келе жатқан танымдық
ерекшеліктерінің болуымен де мәнді. Ұлттық мәдени түпбейнелердің
ізін табу үшін қазіргі дүниетанымымыз бен дәстүрімізде, салтымызда
сақталып қалған мәдени құндылық
саналатын ұғымдарды талдап,
саралап, қоршаған орта мен адамның қарым-қатынасындағы танымдық
ақпараттардың үлгісі ретінде сақталған жұрнағын саралау қажет.
Қазақтың мәдени түпбейнесінде мұндай қалдық-жұрнақтардың көрінісі:
- салт-дәстүр ұғымдарының ішкі мәнінде;
- географиялық атаулардың мағыналық құрылымында;
- шаруашылыққа, кәсіпке
қатысты ұғымдар мен атаудың
құрылымында;
- ырымдар мен тыйымдарда;
- діни ұғымдарда;
- әлеуметтік мәнді атаулар мәнінде;
- мәдени ұғымдарда сақталған.
Мәдени түпбейненің
көрінісі қазіргі дамыған, жетілген қалпында
ұлттық құндылық, адамзаттық құндылық деп бағаланатын ұғымдардың
өзексемасында жатады. Мәдени түпбейне ұлттық құндылықтардың
өзегінде жататындықтан, оны этномәдени түпбейне (архетип)
ретінде
қарастыратын ғалымдар да бар. Мәселен, А.Д. Тлеуж «Этнокультурные
архетипы адыгского народа: опыт философского-культурологического
осмысления» атты докторлық диссертациясында (Автореф. докт. дисс,.