Салқынбай Анар Бекмырзақызы
137
келіп, “көздің қарашығы“ (зрачок) деп түсіндірілген [М.Қашқари, 1-том,
382-бет].
“Қарағ” сөзіне тәуелдік жалғауы (-ым, -ім) жалғанғанда, қарағым
болады да, “екінші буындағы “а“ дыбысына екпін түспегендіктен
көмескіленеді, кейде түсіріліп те айтыла береді. Бұл – тілдік заңдылық.
Яғни, “қарағым, қарғам” деген сөздер бір түбір, бір ұғымды білдіретін
атаулар. Сондықтан, қарағым, қарғам сөздері қаратпа сөз ретінде қатар
қолданылып жұмсала береді.
“Қарғам, қарғатайым, қарғашым” деген сөздерді қолданғанда, кәдімгі
қарғаға ұқсату, соның “сұлулығына” балау емес, көздің қарашығындай
сақтауды, мәпелеуді, сүюді меңзейді.
Құс атауының мағынасын білдіретін “қарға” сөзінің төркіні, біздің
ойымызша, қарғаның “қарқ-қарқ” деп дыбыстауының
негізінде пайда
болған. Еліктеуіш сөзге “а“ сөз тудырушы тұлғаның жалғануы арқылы
“қарға“ тұлғасы қалыптасқан, ал сөздің мәні – қарқылдайтын құстың
атын білдіру – оның дыбыстауына негізделіп (мотивацияланып)
жасалған деп пайымдаймыз. Демек, “қарғажан”, “қарғашым” сөздері
мен “қарға” сөздері
тек сыртқы дыбысталуы ортақ, мағынасы әртүрлі
болатын омонимдес атаулар.Мұндай сөздердің семантикалық қырары
туралы А. Салқынбай, Н. Егізбаева, Ш. Рамазанова мақаласында жақсы
талданған. ( Salkynbay А.B. Yegizbaeva N., Ramazanova Sh. Functional-
semantic paradigms of voice сategory in the kazakh language. // Opcion 35
(89). 2019. С. 135-155.)
Асылы, қазақ топырағында өсіп, дамып, қалыптасқан ұлттық танымда
сұлулық пен сүйкімділікті, сүйген жарды қара қарғаға теңеу дәстүрі
кездеспеген. Керісінше, қарғаның сүйкімсіздеу бейнесі мен сипаты қазақ
өлеңдерінде өте жақсы сомдалған. Мысалы, Қазтуған жырауда:
Белгілі биік көк сеңгір
Басынан
қарға ұшырмас, – деп, биіктік пен біліктілік атты ұлы
ұғымдардың қарға сияқты құстар үшін алынбайтын қамал екенін, мұндай
өлшемдердің қарғадан жоғары тұратынын көрсете жырласа [Бес ғасыр
жырлайды, 1989, 28-бет], асқақ та адуынды Ақтамберді жырау: